Басы » Cыныптан тыс » Балдаурен Республикасының әні

Балдаурен Республикасының әні

   Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинка қаласы Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің тәлімгері  Шайтекей Шолпан

 Балдаурен Республикасының әні

   

                Сөзі, әні: Абдығафур Кенжебаев.

 

 

Есімде сүйікті мектебім

Өзіңмен өткізген әр күнім.

Қалайша ұмытам ұстазды,

Таппайтын жыл бойы бір тыным.

 

                     Мектебім, аяулы мектебім,

                     Сен едің, бұл күнім, ертеңім.

                     Үйреттің қаншама ғылымды,

                     Білемін әлі көп берерің.

 

Боламыз бұл күнде белсенді,

Көтеріп биікке еңсені.

Қажымас еңбегі арқылы,

Білім мен тәлімім теңелді.

 

 

                       Қайырмасы:

 

                     Ұланбыз Отанын сүйетін,

                     Мектебін ардақтап жүретіен.

                     Білімге, өнерге құштар бол,

                     Шыңына білімнің өрлейтін.

 

Қайырмасы

 

Ұраны:

 

 

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,

 

Әрбір сабақ – үйрену, оқу, ұлағат,

 

Әрбір ісім – тірлік, тірек, адамдық,

 

Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.

 

 

 

      Балалар қоғамдық ұйымының төлқұжаты

 

Аты:    Балалар қоғамдық ұйымы

            «Балдаурен»  Республикасы.

 

Құрылу уақыты:        1 мамыр 2002 жыл

 

Құрылған мекені:      Макинск қаласы.

 

Аумағы:                       Макинск қаласы

                                       Балуан Шолақ атындағы

                                              орта мектеп.

 

Жалпы саны:               432

 

       Жас деңгейлік құрамы:  5-18 жастағы                оқушылар

 

Белгісі:                         эмблема, ту, көк галстук.

 

Басқару жүйесі:          Орталықтар «Достық»       кеңесі

 

БҰҚ ұйымдастырушысы:     Шайтекей Шолпан

 

БҰҚ президенті:                       Абибуллаева Жансая

 

  Мекен-жайы:         Макинск қаласы, Яглинский көшесі,19            Балуан Шолақ атындағы  мектеп-лицей тел:2-34-98

                          Міндеттері:

 

  1. 1.    Жас ерекшеліктерін ескере отырып, тұлғаның интелектуалды және қызығушылық қасиеттерін дамыту.

 

  1. 2.    Туған халқына, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімін ұялату.

 

 

  1. 3.    Жауапкершілігі жоғары, белсенді, талантты, өз бетінше ойлана, өзін көрсете алатын алғыр тұлғаға баулу.

 

 

Іс — әрекет принциптері:

 

  1. 1.    Қоғамдық пайдалы мінез.
  2. 2.    Еркіндік.
  3. 3.    Шығармашылық белсенділік.
  4. 4.    Өзіндік таным, романтика айқындығы.

 

 

 

 

 

 

Мақсаттары:

 

 

1. Халықтық педагогиканың бай мұраларын бойына сіңіре отырып, заман талабына сай жан-жанқты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

2. Жас өспірімдерді рухани интеллектуалдық жағыннан дамыта тәрбиелеу.

 

 

3. Өз тарихын, мәдениетін пір тұтып, қастерлеуге және дүниежүзілік ұлы мәдениетті тануға, қол созуға баулу.

 

4. Адамзаттың құндылықтар мен адамгершілікке, парасаттылыққа, жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балуан Шолақ атындағы орта мектептің мектепішілік нысанасы.

 

 

 

 

Жаңашыл интерактивті технологияларды қолдана отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік құзырлығын және шығармашылығын арттыруға бағытталған ұлттық оқу – тәрбие үрдісін дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп жарғысы:

 

  1. 1.    Білім, білік дағдыларын табандылықпен игеру.
  2. 2.    Отанды сүю, Қазақстан Республикасының Әнұранын, Елтаңбасын, Туын сыйлап, құрметтеу.
  3. 3.    Қоғамдық пайдалы істерге белсене араласу.
  4. 4.    Мектептің, сыныптың, оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысына белсене араласу.
  5. 5.    Болашақтағы мамандығын таңдауға жауапкершілікпен қарау, алдын-ала дұрыс болжау.
  6. 6.    Мектеп мүлігін көздің қарашығындай сақтау.
  7. 7.    Бос уақытын, еңбек демалысын дұрыс ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану, үйірмелерге қатысу.
  8. 8.    Тәртәпті, қарапайым және кішіпейіл болу, мектепішілік тәртіпке бағыну (мектеп формасын кию)
  9. 9.    Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсету.
  10. 10.                 Туған өлке табиғатын аялап, қамқорлық жасау.
  11. 11.                 Еңбек қауіпсіздігі ережелерін білу және қатаң сақтау.
  12. 12.                 Талапшыл, талантты болып, мектепішілік іс-шараларға ынталы, белсенді қатысу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *