Н.Оңдасынов атындағы Түркістан «Дарын» мектеп-интернатының
биология пәнінің мұғаліміСарсенбаева Айман
Сабақтың тақырыбы: Витаминдер және олардың маңызы.
Сабақтың мақсаты: Адам өміріндегі витаминдердің маңызы және витаминдер тапшылығынан туындайтын
аурулармен оқушыларды таныстыру.
Сабақтың нәтижесі:Тағамда кездесетін витаминдерді қолайлы пайдалана білу.
Бағалау критерийлері: 1.Адам ағзасына қажетті витаминдерді білемін.
2.С витамины жетіспегенде болатын ауруды білемін.
3.А витамины қандай тағамдарда кездесетінін білемін.
4.Витаминдер жетіспегенде болатын ауруларды білемін.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «ЖИГСО» әдісі, «Кейс-стади» әдісі, «Бірге ойлаймыз» (ООЖТ,СТО, ОҮБ, ОБ, ТД)
Уақыты |
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау |
Қолданылатын ресурстар |
3 минут
|
Кіріспе | Оқушыларымен сәлемдесіп, сынып оқушыларын түгелдеу. Үй тапсырмасы бойынша ауызша сұрақтар қою. | Сәлемдесу. Сұрақтарға ойлана жауап беруде. |
Мақтау, мадақтау. |
|
10 минут
|
Таныстырылым | Оқушыларға бағалау ретімен таныстырып, үй тапсырмасы бойынша «Ас қорыту жүйесін ретімен жаз» және «Мылқау» сурет бойынша тапсырмалар берілді. Жеміс суреттері арқылы топқа бөледі. | Оқушылар бағалау ретімен танысып болған соң, үй тапсырмасы бойынша «Ас қорыту жүйесін ретімен жаз» және «Мылқау» сурет бойынша тапсырмалар орындайды. Үй тапсырмасы орындалып болған соң бірнеше бөлікке бөлінген жеміс суреттерін құрау арқылы 3 топқа бөлінеді. |
Оқушыларға бағалау парақтары таратылады, мұнда бағалар жеместермен бағаланады алма-«5», малина-«4», ананас-«3» деген баға. |
Бағалау парағы, жеміс суреттері, тапсырма берілген кеспе қағаздары. Топқа бөлуге арналған бірнеше бөлікке бөлінген 3 түрлі жеміс суреттері. |
27 минут
|
Негізгі бөлім
|
«Витаминдер» тақырыбын өмірмен байланыстырып, оқушыларға сұрақтар қоя отырып, тақырыпты ашады.Тақырыпқа байланысты видео көрсетіледі және кітаптағы тақырыпты топтарға бөліп береді.
Оқушылар тақырыпты оқып болған соң, қайта бұрынғы топтары бойынша отыруын ұсынады. Топтар негізгі тақырыптар бойынша постер қорғайды. Әр топқа хат берілді, ішінде витаминге байланысты аурулар белгісі жазылған қандай витамин тапшылығы екенін табу керек. Сабақты бекіту мақсатында «Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» атты витаминдер туралы тапсырмалар берілген кеспе қағаздарын таратады. |
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, «Витаминдер» тақырыбындағы жаңа мәліметтер мен видео роликті мұқият тамашалап тыңдайды. Кітаптағы «Витаминдер» тақырыбы топтарға бөлініп беріледі, мұқият оқып шығады.
Оқып болған соң , оқушылар бұрынғы топтары бойынша қайта топ құрайды. ЖИГСО әдісі бойынша тақырыпты бір–біріне түсіндіреді. «Витаминдердің адам өміріндегі маңызы», «Витаминдердің жалпы түрлері», «Витаминдерден туындайтын аурулар» атты тақырыптар бойынша 3 топ постер қорғайды. Топтарға таратылған хаттар ішінде І топ.Терісі құрғап,қызыл иек еттері қанталап, иммуниттет төмендеген. Бұл адамда қандай витамин тапшылығы және қандай ауруға шалдыққан? (С,құрқұлақ ауруына) ІІ топ.Аурханаға басы үлкен, аяқ сүйектері қисайған, иммунитеті төмен баланы алып келді. Қалай емдейміз? Қандай ауру? Қай витамин тапшылыгы белгісі бар?(Д, Рахит, мешел ауруы) ІІІ топ. Қаны аз және ернінде ұшығы, ерін кезеріп, денеге түскен жара жай жазылады.Қандай витамин тапшылығы бар және қандай тағамдар пайдалану керек? (В2,В12 сүт тағамдары мен балық) «Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» тапсырмасы бойынша оқушылар «ия», «жоқ» деп жауап жазады. |
Екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалау |
Интербелсенді тақта,видео ролик, үлестірме кеспе қағаздары |
5 минут
|
Қорытынды |
Үй тапсырмасы беріледі, оқушыларды бағалайды |
«Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» тапсырмасын оқушылар кеткен қателермен жұмыс жасауға үй тапсырмасы ретінде алады.
Бағалау парағына түскен бағалар қорытындысын шығарады және бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс жазады. |
Бағалау парақтары |
Бағалау парағы , стикерелер |
[bws_related_posts]