Басы » Кембридж бағдарламасы » Кейіпкерлер әлемі (Қ. Жұмаділов «Қозыкүрең», М. Мағауин «Бір атаның балалары»).

Кейіпкерлер әлемі (Қ. Жұмаділов «Қозыкүрең», М. Мағауин «Бір атаның балалары»).

Ақтоғай ауданы, Айыртас негізгі орта мектебі,

Бекмолдина Р.К.

Сыныбы: 5-6 – біріккен сыныптар

Пәні: қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Кейіпкерлер әлемі  (Қ. Жұмаділов  «Қозыкүрең», М. Мағауин «Бір атаның  балалары»).

Мақсаты: Екі тақырыптан салыстырмалы түрде кейіпкерлер бейнесін ашу.

Міндеті: -кейіпкерлердің ішкі сезімін түсінуге үйрену;

-басқа да туындылармен салыстыра сыни тұрғыда ойланып, ұлттық құндылықтарымызды анықтау;

— алған білімді  қолдануға дағдылану;

— өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауға қалыптасу..

Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Стратегиялар:«Венн диаграммасы», «Концепциалды кесте», «Сенкуейн», «Ыстық алақан», «Жүректен-жүрекке», «Базарлық», «Қара жорға», «Жұбыңды тексер, бағала».

.

Уақыты

кезеңдер

Мазмұны

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе.

3-5минут

«Ыстық алақан» («Күн»)

Мақсаты:Психологиялық көңіл-күйді реттеу.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»  мақалын үнсіз қалай көрсетуге болады? –деген сұраумен алдымен ойшақыру. Оқушымен бірлесе шаттық шеңберін жасап, оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.

Ұстанымды  ұмытпауды  ескертеді.

Рет-ретімен қол ұстаса тізбектеле алдымен кең шеңбер жасайды. Жиылып қолды жоғары көтере күн шығарады. Қолдарын бір ортаға түйістіре жұмылған тұтас жұдырықпен «жұмыла көтерген жүк жеңіл» идеясын көрсетеді. Жарайсыңдар! Оқушылар таңдаған музыка – туған жер тақырыбына.
  «Серпілген  сұрақтар» (доппен)

Мақсаты: өткен сабақты қайталау.

Допты кезек лақтырып: Кім көп мақал біліп келді? Параллелизм деген не? Қандай кейіпкерлер бар? Олар несімен есіңде қалды? — тәрізді сұраулармен үй тапсырмасын сұрайды. Допты қағып алған оқушы: Жинақтап келген Отан тақырыбындағы мақал-мәтелдерімен

таныстырады. Жеке-жеке кейіпкерлерге тоқталады. Әдебиет теориясынан «Паралеллизм» туралы ойбөліседі.

Үй тапсырмасы бойынша кім жұлдыз? Смайликпен бағалау. доп
«Базарлық».

Мақсаты: оқушылар бірлесе  жұмыс атқару үшін ойыншықтармен топтастыру.

Ойыншықтардың 2 түрінен 7 дана ұсынды. Кімге қандай ойыншық ұнайды? Неге? Топта қандай ойыншық жиналыпты? Қане, түрлері бойынша топтасайық, -деген диалог құрады. Өздеріне ұнайтын ойыншықтарды

таңдайды, пікірлерін айтады,топтасады.

Жылулық атмосферасын қалыптастыру. Ойыншықтар.
Негізгі бөлім

10 минут

Көрсетілім.

«Жерұйық» фильмі және «Спирит»мульфильмі. Мақсаты: метакогнитивтік тұрғыдан өзін-өзі реттеу мен бақылауды қалыптастыру(тақырыппен байланыстырып ой түю).

«Іс барысындағы толғанысқа»  жетелейді.«С,Б,А» ретімен оқушылардан тақырып пен көрсетілімдегі кейіпкерлер арасындағы үндестіктер туралы ойларын айтуды сұрайды. Сыни тұрғыдан ойлана оқушылар кейіпкерлерді салыстыруда бір-бірін толықтырады.

Бір-бірін тыңдайды, ой бөліседі, сенім артады.

Бәрекелді! АКТ.Слайдтар, фильм үзінділері
10-12 мин. «Жүректен-жүрекке» (Туындылардағы үндестік).

Мақсаты: Анализдеу және синтездеудеой белсенділігін дамытуға ықпал ету.

Бірінші топқа- «Қозыкүрең – Спирит» ұқсастығы –айырмашылығы; екінші топқа «Бір атаның балалары» — «Жерұйық» ұқсастығы және

айырмашылығын салыстыруды ұсынады. Жинаған мақалдарды қолдандырады. Қорғатады.

Бір топ- «Қозыкүрең – Спирит» ұқсастығы –айырмашылығы; екінші топ «Бір атаның балалары» — «Жерұйық» ұқсастығы және

айырмашылығын салыстырады. Жинаған мақалдарды қолданады. Қорғайды.

Топтық бағалау. Флипчарт, маркер, түсті қағаз, қайшы, жапсырма, желім, стикер,музыка.
   «Қара жорға». 

Мақсаты: ойды және дене мүшелерін сергіту.

Ұйымдастырып,  балалармен бірге сергумен  ынтымақтастық атмосферасын орнатады. Бейнетүсірілімдегі қимылды қайталап сергиді. Тамаша! Бейнеролик.
Қорытынды «Жұбыңды тексер, бағала»

Мақсаты: бағалау өлшемдерін негізге ала отырып, бірін-бірі бағалау іс-әрекетін жүзеге асыру.

8 сұрақтан тест үлгісі, 6-сыныпқа:

1.Балаларды ауылға не үшін алып келді?

а. жұмыс күші үшін;         б. жетім қалғандықтан;      с. соғыс болғандықтан;   д. баласы болмағандықтан.

2.бригадир Берден қай баланы алды?

а. Нартайды;

б. Ертайды; с.Зигфридті;

д. Яковты т.б. с.с.

Тест сұрақтарына жауап береді. Тақтада жазылған өлшемдерді негізге ала отырып, жұптар өзара бағалауды жүзеге асырады.

 

Кімнің ойы ұтқыр? Бағалау. Тақта, дәптер

Тест, семантикалык кесте  (қосымша1).

Үйге: 1.әркім 3сұрақ жауабымен әзірлесін (тест құрап үйренуге дағдылану)және 2-3 минуттық рөлдік ойын ойластыру (әр сынып). 2.«Кейіпкерге хат»шығарма

 

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *