Мақтарал ауданы, Асықата кенті
«Жеңіс» мектеп – гимназия»
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Санкибаева Гүлзира Сәрсенқызы
Технология пәнінің мұғалімі
Сайыс сабақтың тақырыбы : «Қыз өссе елдің көркі»
Сайыстың біліктілік мақсаты:
Қазақ халқының ұлттық өнерн салт дәстүрін қыз балаға үйрету. Оқушылардың бәсекелесу қабілеттерін дамыту,жылдам шешім қабылдауға ойларын жинақтап ,қорытынды жасауға шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қыз балаларды әдемілікке ,сұлулыққа баулу талғамдарының жоғары болуын дамыту.
Қыздарды өзін күте білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастапоны өмір бойы жетектейтін салт – дәстүр мен әдеп – ғұрыптар рухани мәдени және адамгершілік дүниеміздегі ең қымбат қазыналары. Сонымен бірге онда халқымыздың сан ғасырлық өмір тәжірбиесі, жеңісі мен ізденісі танымы мен түсініктемесі жиналған. Ұмытылып кеткен дәстүрімізді толық білу, өткенімізді жандыру жаңа өмір салтымызға еңгізу бәріміздің міндетіміз.
Бастайық сайсымызды уа халайық
Салт- дәстүрге жаңғырсын сізге лайық
Қыздарды ортаға шақырайық
Қол соғып барлығын қарсы алайық
Сайыс шарттары: 1. Теңге ойыны
2. Жабық тест
3. Қане көрсет өзіңді
4. Ас әзірлеу
5. Арманшыл қыздар
6. Қорытынды
Бірінші шарт бойынша тігіс сөзі берілген. Тігіс сөзінің әрбір әрпі бір нұсқа болып есептеледі. 5,10.15 теңгелер берілген. Әр теңгенің жанында теңгелерге лайықты сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап берсе теңге соның иелігіне беріледі.
Т-нұсқасы
5 теңге – Қыз балаға шашбауды не үшін таққан?
10 теңге – Тоқылған шиді не үшін пайдаланады?
15 теңге – Қолданбалы өнер түрлерін ата?
І – нұсқасы
5 теңге – Ақ түс халық ұғымында нені білдіреді?
10 теңге – Қарт әжелердің бас киімі қалай аталады?
15 теңге – Бүрмелі көйлектің сыртынан киетін киімнің түрі қалай аталады?
Г-нұсқасы
5 теңге – Әсемдік үшін тағылатын бұйым?
10 теңге – Матадағы көлденең тігіс қалай аталады?
15 теңге – Егер мата қалың болса тігісті қалай үтіктейді?
І-нұсқасы
5 теңге – Қолға тағатын әсемдік бұйымды ата ?
10 теңге – Табиғи маталардың пайдасы неде?
15 теңге – Тігін тігуші мен машинаның арақашықтығы неше см болуы керек?
С-нұсқасы
5 теңге – Құлаққа арналған әсемдік бұйымды ата?
10 теңге – Тігін машинасының жобасын алғаш рет кім ұсынды?
15 теңге – Неге ет шала өнімдерін нан ұнтағына аунатып алады?
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашық кім бүгін санасады.
Ақылына көркі сай қыздарымыз,
Сыналар білімі мен парасаты .
Дей отырып оқушылар жабық тест сұрақтарына жауап береді.
- Ою түрлерін ата?
- Ою – өрнек дегеніміз не?
- Ою – өрнектің жасалу жолдары
- Ою сызбасын таныстыр
- Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықты жер, су, көшіп –қону көріністерін, күнделікті өмір де кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғармады, осы оюлардың бәріне қандай ою түрі ортақ кездесіп отырады?
Сымбатына сән киім жарасатын
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп тұрған
Барлығын да қызықтырып қарататын
Келес і сын – қане көрсет өзіңді деп аталады
( Әуен орындалады. Қатысушы аруларымыз жыл мезгілдері бойынша сән үлгідегі киімдерін көрсетеді).
Көрсетші өнер әр салада сайысып
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік ас мәзірін жасайды
Сайыскерлер дем арада майысып
Келесі сын «Ас әзірлеу» , қыздар аз уақыт ішінде бір салат түрін әзірлеу керек.
( Ән: Дастарханым )
Көрінер қыздар сұлу шашбауымен
Бұрымын кейін серпіп тастауымен
Жарасқан шашбауына теңгелерім
Теңгенің кім біліпті дөңгелегін
Сөйлейін сөйле десең қалқам қалап
Жарасқан торғын шашқа алтын тарақ.
5- сайыс – «Арманшыл қыз». Қыздар өздерін қызықтыратын жағдайлармен, болашақтағы армандарымен таныстырады. Қол өнерлерін көрсетеді.
Кімдер шебер, кім іскер білейікші
Өнерлісі деп сыныптың жүрейікші,
Әділқазыларға тек әділдікті
Сайыскерлерге сәттілік тілейікші.
Әділқазылар қорытынды шығарады.
[bws_related_posts]