Басы » Cыныптан тыс » Ойна да, ойла

Ойна да, ойла

aigul1Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Балтабай орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Назарбекова Айгул
Сабақтан тыс шара (барлық пәндер бойынша)
Тақырыбы: Ойна да, ойла
Мақсаты:
1. Білімділік:  Оқушылардың барлық пәндерден алған
білімдерін  қайталау,  қорытындылау
2. Дамытушылық: Күнделікті өмірде қолдана білуге
үйрету, логикалық ойлауын дамыту, пәндерге
қызығушылығын ояту
3. Тәрбиелік:  Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірмен ұштастыра    отырып, бір-бірімен ынтымақтастық, ұжымдық жұмысқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау
Түрі: сайыс
Әдісі: кооперитивті оқыту технологиясы
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жалаушалар, пілдер, балықтар, саңырауқұлақтар, бағалау фигуралары
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуы мен  назарын сабаққа аудару.
Ойынның барысымен таныстыру: Ойынның шарты бойынша оқушыларды
4 топқа бөлеміз. Ол үшін барлық оқушылар өздеріне ұнаған  үстелдің үстіндегі жалаушалар, балықтар, пілдер, саңырауқұлақтардан алады.
Жалауша алған оқушылар – І топ
Балық алған оқушылар – ІІ топ
Піл алған оқушылар – ІІІ топ
Саңырауқұлақ алған оқушылар – І V топ
Әр топ өздеріне ақылдаса отырып топтың атын, ұранын ойластырады.
Топтың аты: І топ -”Жас ұлан”    Топ басшысы –
Ұраны: «
ІІ топтың аты:”Жас қыран”           Топ басшысы —
Ұраны: «
ІІІ топтың аты:”Сұңқар”                Топ басшысы –
Ұраны: «
ІV топтың аты:”Арман”                 Топ басшысы –
Ұраны: «
ІІ. Негізгі бөлім:
Интерактивті тақтадан әр ойынның слайдтары көрсетіліп тұрады.
Ойын деңгейлерімен таныстырылады.

Ойын деңгейлері:

Сен білесің бе? «топ басшыларына арналған, негізгі ұпай сандарын алады)
Біліміңді сынап көр
Кім зерек?
Ойлан тап
Ақтық сайыс
«Сен білесің бе?» топ басшылары шығып, интерактивті тақтадағы ұпай сандары жазылған ұяшықтарды таңдайды. Әр ұпай сандарының астында жасырынған сұрақтар бар, сол сұрақтарға жауап берген топ басшысы негізгі ұпай санын алады.
20 – Зат есім қанша топқа бөлінеді?
20 – Қазақстанның шекарасының ұзындығы қанша?
20 – Екә тәулікте неше сағат бар?
30 – Қандай атақты суретшілерді білеміз?
30 – Пуантилиум дегеніміз не?
30 – Еңбек сабағындағы қауіпсіздік ережесіне байланысты өлең шумағын оқы
40 – Мәтіннің түрлерін ата
40 – Кел, балалар, оқылық! өлеңінің авторы кім? Өлең шумағын оқы
40 – Туған жерге байланысты мақал – мәтел айт
(Тақтадағы кестеге бірден бағалау фигуралары арқылы  бағаланады)
«Біліміңді сынап  көр» топ ойыншылары ақылдаса келе келесі ойыншыны шығарады. Тапсырма:
1 – топ                                              
А + 16487 = 164870
 
2 – топ
A = 15cм
B = 8cм
S = ?
 
3 – топ
 Бірінші кластың 587 бірлігін, екінші кластың 962 бірлігін жазып, оны разрядтық қосылғыштарға жіктеп айт
 
4 – топ
V = 15км/сағ
t = 3сағ               S =?
Дұрыс жауабтары:
1топ:148383
2топ: 120см2
3топ: 962587= 900000 + 60000 + 2000 + 500 + 80 + 7
4топ:45км
 (Оқушы өз тапсырмасын орындап, оны дәлелдеп жауаптарын айтқаннан кейін слайдтан өзіңді тексер дұрыс жауаптары көрсетіледі. Әр ойыншыға 10 балдық смайлик ,  5 балдық жұлдызша немесе балл жоқ дегенді білдіретін тікенек бұлтша беріледі)

«Кім зерек?» бұл ойын деңгейінде ойыншылар берілген әріптерден бірнеше сөздер құрау керек.

        Мына әріптерден сөз, одан бірнеше сөздер  құрастырып жазыңдар

 

Ж                   С                     Е             Н              3                              

                                     4

                8

      О                     Л                  А                   5

                       10

                                               Т               Қ

Әр ойынның  соңында топтардың ойыншылары бірден бағаланып отырады.

«Ойлан тап»  бұл ойын деңгейінде осы әріптерден басталатын сөздер құрау қажет. Құраған сөздердің ішінде сын есімдер болуы керек.

К

Т

У

Ғ

Ә

Р

И

Д

Ж

Ц

С

В

М

Е

Т

С

Т

Р

Е

О

Г

И

А

Е

О

Н

Р

А

Қ

Е

А

Т

Әр оқушы жылдамдықты ескере отырып сөздерін айтуы керек. Тапсырманы орындауға шыққан оқушы келесі топ мүшесіне  тілек айтып кетулері керек.

«Ақтық сайыс» бұл ойын деңгейінде лездеме сұрақтарға жауап беруі қажет.

Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторы кім?

  1.  Тәуелділігімізді білдіретін неше белгіміз бар?
  2.  Көк байрағымыздың авторы кім ?
  3.  Әнұранның авторлары кімдер?
  4.  Елордамыз қай қала?
  5.  Қазақстан қай елдермен шекаралас?
  6.  Елбасымыз кім?
  7.  Тілдер күні қай мезгілде, қай күні аталады?
  8.  Жаңа жылымыз қашан келеді?
  9.   Қазақстанды қандай мемлекет деп атаймыз?

ІІІ . Қорытындылау:

Сайыс барысында жіберілген қателіктерге талдау жасау. Оқушылардың орындаған жұмыстарын және жалпылама тақырыпты қортындылау.

ІV. Бағалау:

Оқушылардың сабақтан тыс шара қатысу белсенділігін, қорытындыларын шығару . Әр ойын деңгейінен кейін топтар бірден бағаланып, қорытынды балдары есептелді. Топ басшылары ораға шығып өз балдарын толық есептеп бірден алған орындары анықталды.

І орын – «

ІІ орын – «

ІІІ орын – «

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *