Басы » Алғашқы әскери дайындық » Тәуліктік наряд. Тәулік кезекшінің құқықтарымен міндеттері.

Тәуліктік наряд. Тәулік кезекшінің құқықтарымен міндеттері.

aadҚармақшы аграрлы — техникалық колледжі
Сержанов Нияз Жайлыбекұлы
АӘД пәнінің оқытушысы                   

Сабақтың  тақырыбы:   Тәуліктік  наряд. Тәулік  кезекшінің  құқықтарымен  міндеттері.

Сабақтың  мақсаты:

                   Білімділік:  Тәуліктік  кезекшінің  құрамы  тағайындалуы,Рота  бойынша  кезекшінің  міндеттерін  түсіндіру.

                    Тәрбиелік:  Кезекшілік  міндеттерді  меңгерте  отырып  оқушыларды  адалдыққа,  жауапкершілікке, қырағылыққа, әскери  істі  ынта  қойып  меңгеруге  тәрбиелеу.

                   Дамытушылық:   Тәуліктік  кезекшінің  міндеттері  мен   талаптарын  орындаудағы  әрекетті   қалыптастыру.

Сабақтың  түрі :  Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың  әдісі:  Түсіндіру,сұрақ-жауап, тест, танымдық  жұмыстар .

Өткізілетін орын:  АӘД  кабинеті.

Көрнекілігі:   слайдтағы  бейнелер.

Сабақтың  барысы:

                  І.Ұйымдастыру  кезеңі

            1.  Сапқа тұрғызу

             2.   Рапорт қабылдау

             3.  Киім  үлгісіне назар  аудару

                  ІІ.Үй  тапсырмасын  сұрау.

§.3  ҚРҚК  Ішкі  қызмет  жарғысы

                        Миға  шабуыл

1.ҚР  Конституциясының  36-бабында  не  айтылған?

2. Әскери  қызметті  атқару сарбаздан  нені талап  етеді?

3.Әскери  қызметті  атқару  қандай  негізде  жүргізіледі?

4.Қандай  заң  негізінде  әскери  қызметшілерге  әскери  атақ  беріледі?

5. Әскери  қызметшінің  міндеттері  қандай?

6. Оқу  бөлімдерінде ,әскери  оқу  орындарында  оқып  жатырған әскери қызметкерлерге  әскери  атағы  болмаса  оларды  қалай  атаймыз?

7.Бастық  бағынышты  үшін қандай  үлгі  көрсетуі  тиіс?

8. ҚРҚК Ішкі қызмет жарғысы  нені  анықтайды?

9.ҚРҚК  неше  жарғы бар?

10.ҚРҚК  әскери  жарғылары  қай жылы  бекітілді?

C:\Documents and Settings\Нияз\Рабочий стол\АӘД сурет\20140430_103134.jpg

                        Әскери  атақтарды  білеміз бе?C:\Documents and Settings\Нияз\Рабочий стол\АӘД сурет\20140430_103134.jpg

C:\Documents and Settings\Нияз\Рабочий стол\АӘД сурет\20140430_103247.jpg

C:\Documents and Settings\Нияз\Рабочий стол\АӘД сурет\20140430_103134.jpgC:\Documents and Settings\Нияз\Рабочий стол\АӘД сурет\20140430_103134.jpg

G:\20141002_152452.jpg
G:\20141002_152452.jpg

ІІІ.Жаңа  сабақ

Жоспары:

  1. Тәуліктік  кезекшінің  құрамы   және  тағайындалуы

  2. Рота  бойынша  кезекшінің  міндеттері.

  3. Тәуліктік  күзеттің  жабдықталу  орны.

 

Тәуліктік наряд- әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің жеке құрамын, қару-жарағын, әскери техникасы мен оқ-дәрілерін, материалдық қорларын, үй жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлімшелердегі істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға арналған.

Бөлімнің тәуліктік нарядының құрамы:

— бөлім бойынша кезекші;

— бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;

— қарауыл;

— кезекші бөлімше;

— парк бойынша кезекші және тәуліктік кезекшілер, кезекші сүйреткіштердің механик-жүргізушілері;

— кезекші фельдшер және медпункт бойынша тәуліктік кезекшілер;

— бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші және оның көмекшілері;

— бөлім штабы бойынша кезекші;

— өрт наряды

Ротаның тәуліктік нарядына:

— Рота бойынша кезекші

— Рота бойынша тәуліктік кезекшілер тағайындалады.

Ротадағы тәуліктік кезекшілердің ауысым санын бөлім командирі белгілейді. Жатақхана бойынша тәуліктік нарядтың құрамы, сондай-ақ олардың міндеттері ротаның тәуліктік нарядына сәйкестендіріліп белгіленеді.

  Бөлімшелер нарядқа өздерінің командирлерімен бірге тағайындалады. Бөлім офицерлерінің және бөлімшелерінің арасындағы кезектілікті бөлім штабының бастығы белгілейді.

  Тәуліктік наряд тағайындалатын бөлімшелердің командирлері жеке құрамды іріктеу және қызмет атқаруға, оқу сабақтарына және жұмысқа таратуға дер кезінде келуі үшін жауап береді.

  Ротаға нарядтардың кезектілігін ротаның старшинасы, ал взводта – взвод командирінің орынбасары белгілейді.

Тәуліктік  кезекшінің  жабдықталу  орны.

-белгі қабылдайтын  және  бөлімшелерге  хабарлайтын  техникалық  құралдар

-байланыс  құралдары

-жарықтандырудың  резервтік  көздері

-медициналық  аптечка

-өрт сөндіру құралдары

-тәуліктік  күзет  құжаттамасы  жазылған  стенд

Тәуліктік   кезекшінің  құжаттары

— кезекшіге  және  оның  көмекшісіне   химиялық  қару қолдану  қаупі  төнген    жағдайындағы  нұсқаулар

— күн тәртібі

— телефон  стансаларының және  лауазымды  адамдарды шақыру  кестесі.

— өрт қауіпсіздігі  талаптары  бойынша  нұсқау.

— құжаттар мен мүліктердің  тізбесі;

        -кезекшілікті  қабылдап  алу  және  тапсыру  кітабы.

— ҚРҚК жарғылар  жиынтығы

Рота  бойынша  кезекшіде

— кезекші  беретін  үлгілік  пәрмендер мен  белгілердің  тізбесі.

— ротаның  казармадан  тыс  тұратын  әскери  қызметшілердің мекен-жайлары;

— таңертеңгі  дене шынықтыру  жаттығуларына  арналған  киім  нысандарының  үлгісі.

— аумақтық  тазарту  үшін  ротаға  бекітілген учаскенің  сызбасы;

— қару-жарақтар мен  оқ-дәрілерді  беру,науқастарды  сейілдемеге шыққандарды  тіркеу    кітабы.

  • дабыл бола қалған жағдайда ұрыс  машиналарының оталдыру  құлптарымен люктерінің мөрленген  жәшіктегі  кілттерінің  жиынтығы.

 

ІҮ.Жаңа  сабақты  пысықтау.

 

          Танымдық  жұмыстар

 

1-тапсырма.  Бір  сарбаз  кезекшінің  рұқсатынсыз  казармадан  мүлікті  алып  шығуға  тырысып  отыр. Кезекшінің  іс қимылын  көрсет. Мысалы: “Жауынгер  Алимов, мүлікті   қайда  алып  бара  жатырсың? ”. Содан  соң  “ Рота  бойынша  кезекші , мұнда  кел!”  деп кезекшіге  болған  жағдай  туралы  баяндайды.

—  Рота  бойынша  кезекші   Рахимов, сіздің  шақыртуыңызбен  келіп  тұр.

              —  Жауынгер  Алимовтың   қолындағы  мүлкін  тіркеу  кітабына  жаз.

—   Құп  болады  сержант  мырза.

 

2-тапсырма.  Ротаға  басқа ротаның  офицері  келіп  тұр. Кезекшінің  іс-қимылын  көрсет.

     —  Мырза біздің  ротаға  не  себеппен  келдіңіз?

  •  Мен  сендердің  рота командирлеріңе  келдім.

  •  Рота  бойынша  кезекші,  мұнда  кел.

  •  Рота  бойынша  кезекші   Рахимов, сіздің  шақыртуыңызбен  келіп  тұр.

  • Жауынгер  Рахимов  рота командиріне  лейтенант  мырзаны  жолықтырыңыз.

— Құп  болады  сержант  мырза

 

3-тапсырма.   Түнгі уақытта  бір  жауынгер  киінбей үй-жайдан  шыққалы  жатыр.  Кезекшінің  іс-қимылын  көрсет.

  Рота  бойынша  кезекші:  “ Жауынгер  Беспаев , дала  өте  салқын. Киініп  шығыңыз.”

Ескерткеніңізге  рахмет   кезекші  Алимов

 

4-тапсырма.    Бір  әскери  қызметші арнайы  орыннан тыс жерде  аяқ  киімін  тазалауда.  Кезекшінің  іс-қимылын  көрсет.

  Рота  бойынша  кезекші:  “ Жауынгер  Алимов , аяқ  киімді  арнайы орнында  тазалаңыз!  ”

  •  Құп болады,  кезекші  Алимов  мырза.

                                             Тест  сұрақтары

1.Ротаның  тәуліктік  нарядының  қаруы.

           а) пистолет     ә)сүңгі-пышақ  б)автомат

2.Қатардағы  жауынгердің  тікелей  бастығы?

           а) батальон  командирі  ә) рота  командирі  б) бөлімше  командирі

3.Қарауылдың  саны  неге  байланысты?

     а) постылар  мен  ауысымдар  санына ә) постылар  санына  б) ауысымдар  санына

4.Ротаның  тәуліктік  нарядына  кімдер тағайындалады?

 а) рота  бойынша  кезекші ,рота бойынша  тәуліктік  кезекші

 б) қарауыл  бастығы,  кезекшілер

 в) қарауыл  және  рота  бойынша  кезекшілер

5. Рота  бойынша  тазалықты  кім  ұстайды?

  а) тазалықты  ұстайтын  жауынгер   ә) ротаның  тәуліктік  наряды

  б) ротаның  старшинасы.

6.Қарауыл  постыда  не  үшін  міндетті

   а)  ауқаттануға   ә)  отыруға   б) өз постын  табанды  қорғауға

7.Постыда  тұрған  сақшы  өз  қаруын  кімге бере  алады?

      а) қарауыл  бастығына  ә) постыға  таратушыға  б) ешкімге  бермейді.

8.Рота  бойынша  тәуліктік  кезекшілер  кімге  бағынады?

     а) рота  бойынша  кезекшіге  ә) бөлім бойынша  кезекшіге  б) командирге

9. Ротаға  рота  командирі,одан  жоғары  бастықтар  келген  кезде  қандай  пәрмен  беріледі.

                       а)  жинақтал    ә) тіктел        б) сапқа  тұр

10.Төменде  көрсетілген  заттардың  қайсысы  тәуліктік  кезекшінің  құжатына  жатпайды?

        а) ҚРҚК  жарғылары       ә) өрт  сөндіру  нұсқауламасы  б) ҚР  Конституциясы

       Ү.  Жаңа  сабақты   бекіту.

1.Сен  қалай  ойлайсың,  тәуліктік  кезекші  басты  назарды  қайда  аудару  керек?

2.Бос  ауысымның  тәуліктік  кезекшісіне  қандай  міндеттер  жүктеледі?

3.Рота  бойынша кезекті  қызмет  атқаруына  арналған  орын  қалай  жабдықталады?

4.Ротаның  тәуліктік  нарядына  кімдер  тағайындалады?

5.Рота  бойынша  тәуліктік  кезекші  немен  қаруланады?

6.Тәуліктік  кезекшінің  құжаттар  тізбесін  ата?

        ҮІ. Қорытынды.

                 Әрбір  істі  жауапкершілікпен  атқару, өзіңе  деген  сенімділікке  жетелейді.  Өз  Отаныңның  сенімді  қорғаушысы  болу,  өз  еліңнің бейбітшілігін  күзету.  Қарулы  Күштеріміздің  сарбаздары қырағы ,  болашақ  сарбаздарымыз  жігерлі  болсын!

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ.Үйге  тапсырма

§.4 Тәуліктік  наряд, Тәуліктік   кезекшінің  құқықтары  мен  міндеттері.  71  бет

Пайдаланылған әдебиеттер:  ҚРҚК  әскери  жарғылары, Алғашқы  әскери  дайындық  және  өмір  қауіпсіздігі журналы,АӘД  оқулығы -10сынып

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *