Басы » Бастауыш сыныптар » Білімді тиянақтау

Білімді тиянақтау

    Ақмола облысы Целиноград
ауданы № 41 ОМ бастауыш сынып мұғалімі
 Дусенбаева Рауза  Ареновна 
 Математика. Ашық сабақ. 4 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.
Сабақтың  мақсаты: Жазбаша көбейту мен бөлу тәсілдері пысықталады; Сабақ  халық педагогикаға сүйеніп, оқушылардың білімін тексереді. Ұлттық салт-дәстүр, ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісі дамиді, пәнге қызығушылықтары арттады.  Қазақ халқының ұлттық ойындарын қастерлейді , адамгершілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: киіз үй макеті, ұлттық ойындардың суреттері, кестелер, геометриялық фигуралар, домбыра, ұлттық тағамдар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
— оқушылармен сәлемдесу; — түгендеу;
— оқушылар назарын сабаққа аудару;
— сабақтың мақсат — міндеттерімен таныстыру.

— Психологиялық дайындық:  — Амансың ба Алтын күн! ……..
2. Математикалық диктант:
— 3-ші разрядтың 7 бірлігі, 2-ші разрядтың 5 бірлігі бар санды жаз.(750)
— 2-ші кластың 80 бірлігі, 1-ші кластың 30 бірлігі бар санды жаз. (80.030)
— 4 т неше кг бар? (4000 кг)
— 500 кг  неше  ц? (5 ц)
— Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
— 2 тәулік 8 сағ – неше сағат? ( 56 сағ)
3. Жұмбақ: Бар екен бір айдаһар білесің бе?
Жаны жоқ қимылдарға денесінде
Ішінде сүйектері бақша-бақша
Жарқырар жалғыз көзі төбесінде. ( Киіз үй)
—         Балалар , киіз үй тралы не білесіңдер?    ( Мәлімет)
Тақтада 4 оқушы өз бетімен жұмыс жасайды. (Көбейту мен бөлу)
73 х 24             64 х 35          751.410 : 9              78.120 : 2
—         Шаңырақ қандай геометриялық фигураға ұқсайды?  ( дөңгелек, шеңбер)
—         Ауызша өрнектердің мәнін табу:
—         66 : 22 х 20                         12 х 4 : 2
15 х 5 – 40                          10 х 80 : 4
40 х 4 – 60                          450 : 9 + 10
4. Жұмбақ:
Жайсаң – көлдей керілген,
Жисаң жіптей өрілген.
Бұл не? ( Кереге)
—         Балалар, кереге неге ұқсайды? ( қиылысқан түзулерге)
( Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап. Бұл не? Бұл- Х)
Тапсырма: енді теңдеулер шешеміз.
Х : 9 = 101                     50 х 2 + Х = 1500                  10 х Х  =  25 х 8
5.Шаңырақ пен керегенің арасында не орналасқан?( Уықтар)
Келесі тапсырма: Нүктелердің орнына дұрыс сан кою керек.
6 мин20 с — ………….. с
4 тәул 5 сағ — ………….сағ
25 дм — …………..см
352 кг — ……….ц…………….кг
6 км 50 м — ……………..м
—         Есік қандай фигураға ұқсайды? ( төртбұрыш)
Тапсырма: а) төртбұрыштың ұзындығы 4 см, ені 3 есе артық. Төртбұрыштың Р, S  табыңдар.
ә) Төртбұрыштың ұзындығы – 4 см, периметрі – 18 см. Осы төртбұрыштың енін, ауданын табындар.
— Арқандар қандай сызықтарға ұқсайды ?   ( түзу, қисық)
Ауызша тез санау: 5600 : 100 : 7                     3600: 6 : 100
710 : 10 х 2                        720 : 9 х 10
100 – 280 : 7                      8500 : 100 х 2
6. Қазақ халқы өте қонақжай халық. Әр үйде дастарқан жайылып тұрады.
— Қандай ұлттық  тағамдарды білеміз?( еттен, сүттен, ұннан жасалған)
Есеп шығару.
Нан зауыты 420 ц-ден 10 вагон арпа және 500 ц-ден 8 вагон бидай ұнын қабылдады. Барлығы қанша ұн қабылданды? Арпа бидай ұнынан қанша артық?
1)    420 х 10 = 4200(ц)
2)    500 х 8 = 4000 (ц)
3)    4200 + 4000 = 8200 (ц)
4)    4200  —  4000 = 200 (ц)
Жауабы:  барлығы 8200 ц  ұн қабылданды.
Жұмбақ: Тоғыз белбеу,
Қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек. ( Домбыра)
Домбыра туралы   мәлімет.
Тақтада: баған түрінде есепте:
73 х 56          4088 : 56
48 х 65          3120 : 65
64 х 53         3392 : 64
8. Қандай  қазақ халқының ұлттық ойындарын білесіңдер?
( «Бәйге», «Қыз қуу», «Көкпар», «Бес тас», «Асық», «Ақ сандық пен көк сандық», «Аударыспақ», «Аңшылар» т.б.
—         Қазір «Қыз қуу» деген ойынды ойнаймыз. Тақтаға қыз бала мен ұл бала шығады. Кім тез мына өрнектердің мәнін таба алады.
( 8141 + 6143) : 4                            ( 7168 – 1248) :5
( 181403 – 76403) : 100                   (72011 – 9999) х 3
Ойын: «Бәйге». Кім шапшаң? Тақтада 3 оқушы.
13 х 35                           12 х 29                        34 х 22
76 х 24                            56 х 48                       47 х 34
Қорытынды: — Бүгін сабақта нені үйрендік? – Не ұнады? – Қандай әсер алдыңдар?

 

  • Үйге: № 9 . Бағалау
[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *