Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Ж.Аймауытов «Қартқожа» романы

Ж.Аймауытов «Қартқожа» романы

zanatАқтөбе облысы

Шалқар ауданы

Ә.Жангелдин атындағы орта мектебі

Елекбаева Жанат Қойшыбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов «Қартқожа» романы

Сыныбы:  9б

Сабақтыңтақырыбы Жүсіпбек Аймауытұлының «Қартқожа» романы
Мақсаты «Қартқожа»     романының мазмұнына талдау жасай отырып,   тақырыбы мен  идеясын ашу.  Романдағы   әлеуметтік  теңсіздік  мәселесі    кейіп -кердің өзінің   дәуіріне сай  тип ретінде      қалыптасу жолын  көрсету,   романның  көркемдік  ерекшелігіне талдау.
Оқыту нәтижесі -көркем шығарманы талдай білуге  төселеді,  сын тұрғысынан ойлап,өз пікірін қорғауға  дағдыланады.

— топпен жұмыс жасауға үйренеді.

— сабақта белсенділігі артады.

— шығармашылық  қабілеті танылады.

Сабақта қолданылатын

әдіс-тәсілдер

түсіндірмелі–көрнекілік, баяндау, ішінара іздендіру,  «түсініктеме күнделігі», «Еркін жазу» стратегиялары
Керекті жабдықтар Оқулық, жұмыс дәптері, Компьютер, слайдтар, карточкалар, кестелер.

Сабақ барысы:

Сабақкезеңдері

Мұғалімәрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру бөлімі

 

Үй тапсырмасын сұрау

Шаттық шеңберіне тұрып, топтарға бөлу.

 

Жүсіпбек Аймауытовтың  өскен  ортасы,ата – анасы, алғашқы  білім алған орындары.

Жүсіпбек Аймауытовтың поэзиялық туындылары.

Прозалық жанрдағы шығармалары.

Қазақ драматургиясының дамытудағы сүбелі үлесі.

Ғылыми еңбектері, аудармалары.

«Қартқожа» романы туралы қысқаша  түсінік беру.

Мұғаліммен амандасып, топтарға бөлінеді.

 

 

 

 

 

оқушылар кезекпен шығып жауап береді.

«Қызығушылық

ты ояту»

1.Оқиға қай кезеңді суреттейді?

2.Романдағы бала Қартқожаның портретін тауып оқы.

3.Қартқожаның жәбір көріп, әділетіздіктен жапа шеккен кездері болды  ма?  («Ұядағы зорлық » бөліміне талдау жаса.)

4.Қартқожаның білім алу жолындағы әрекеттерін әңгімеле.

5.Әкесі Жұман шаңырағының құт-берекесі болған, көк биесі өлген соң –ақ  бірінен соң бірі қырсық шала береді. «Әкесі төмен қарап: «Қол-аяғымызды  кестің бе?» деп еңкілдеп қоя беріп еді… «таңдайды бір жола ағартайын дегені ғой» деп, тағы да егіліп, зарланып жылап жіберді. Кімге айтылған? Аллаға ма? Өліп бара жатқан жануарға ма, болысқа ма? Өсіп келе жатқан Қартқожа көз жасын көрсеткісі келмейді, үйді айнала барып жылайды…

(Қартқожаға  мінездеме беру)

6.Қартқожаның ой-өрісінің толысуына Андрейдің қандай әсері болды?

7.«Туған  жер» тарауы.  (Монолог)

8.Уақыт пен заман Қартқожаның өмірі мен тағдырына қандай өзгеріс жасады?

Оқушылар ойы тыңдалады
Мағынаны тану

 

 

 

 

1-топ:  Қартқожа бейнесі бойынша тест-интервью

Қартқожаның өзіне тән ерекшелігі (ескерту: астын сызу керек; өзің жауап қосуға болады.)

Қартқожа бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ  па? Неліктен? Қартқожа  бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.

2-топ:    Шығарманы талдау.

І бөлім.  Шығарма  тақырыбы:

ІІ бөлім. Шығарманың  идеясы:

ІІІ бөлім. Шығармадағы негізгі  кейіпкерлер:

ІV бөлім. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер:

Vбөлім. Шығарма жазылған әдеби бағыт:

VІ бөлім. Шығармада суреттелетін салт дәстүр:

VІІ бөлім. Қолданылған мақал-мәтелдер:

VІІІ бөлім. Басқа тілден енген сөздер:

3-топ: Шығарма құрылысы:

1.Басталуы  2.Байланысуы 3.Дамуы    4.Шиеленісуі    5.Шарықтау шегі    6.Шешімі.

Топ болып берілген тапсырмаларды орындап, өзара түсіндіру жұмыстарын жүргізеді

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой-толғаныс

 

«Менің мақсатым…» (ойтолғау)

«…Әсіресе, өз елі, өз ауылы қандай болды екен? Соларды  көрсем, көмегімді берсем, сонда менің жетілгендігім, жетілгендігімнің пайдасын көргенім.Әйтпесе мен не үшін, кім үшін оқып жүрмін? Өз басымның қамымен кетсем, менің оқығанымнан елге не пайда? » (Қартқожа  пікірін негізге алу)

Берілген тапсырманы орындайды, алған білімдерін қорытындылайды.
Үйге тапсырма «Қартқожа» романын оқу.  Қартқожаға мінездеме жазу.  «Түсініктеме күнделігін» толтыру. Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.
Бағалау Бағалау парағы Бірін — бірі  бағалайды
[bws_related_posts]

2 комментария

  1. Гулжанат

    жақсы екен

  2. Гулжанат

    сабағыңыз жақсы екен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *