Ақтау қаласы
№13 орта мектеп гимназиясы
Абылхаирова Гульсасра Ибатоллаевна
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Менің танымдық әлемім
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың дарындылығын және шығармашылық ойларын дамыту,интеллектуалды,шығармашылық потенциалын ашуға жағдай жасау,танымын одан әрі кеңейте түсуіне ықпал ету,еңбексүйгіштікке баулу.
Сабақтың міндеті:Идея табу,идеяларды өңдеп,жетілдіру қабілетін көрсету,күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын,қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығаруға бағыт беру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:Ватман,ақ парақшалар.фломастерлер,түрлі-түсті қағаздар.
Сабақтың көрнектілігі: Л.Толстойдың Ой өзегі-шығарманың негізгі арқауы,атты қанатты сөзі,баланың еркін жұмыс жасауы үшін музыкалық центрден жіберілген классикалық әуендер,шарлар.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру.
а)сәлемдесу
б)оқушыларды орындарына жайғасты
3. Сабақтың мазмұнымен таныстыру
Оқушылардың қолына мынадай өлең жолдары жазылған парақша таратылады.(Өлең ортада хормен оқылады)
Үмітпенен жоқ қуған,
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтіп қаламыз.
Тәуекелге бел бусақ,
Көктегіні аламыз.
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,
Қусақ бәрін шаламыз.
4 Оқушы шығармашылығын бағалап,марапаттау.
5 Сабақты қорытындылау.
Кіріспе
Жаңа 21 ғасырды көптеген ғалымдар адам ресурстары үшін күрес ғасыр деп атап жүр, ол болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып,оны шеше алатын,өндірістік және әлеуметтік өмірдің мазмұнына жаңа нәрсе енгізетін,стандартты емес ойлау жүйесіне йе адамдарға қоғамның қажеттілігі шапшаң арта түсуіне әкеп соқты.
Ғасырлар арасында білімде,ғылымда,технологияларда дарындылық кез келген елдің әлеуметтік және экономиялық дамуы үшін ең маңызды мәселесі болды.Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған кезден бастап,шығармашыл,дарынды жастарды қолдау басым-бағыт ретінде қарастырыла бастады және оның іс жүзінде жүзеге асырылуы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Дарынды дарынды балалар үшін мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау туралы (1996)Жарлығының негізінде іске асырыла бастады.
Адам әрқашан әсемдікке,әдемілікке құштар болды.Шығармашылық адамның ішкі мүмкіндіктерін ашып,адам өмірін нұрға бөлейді.Ол жаңа бастама мен идеяларды іске асыруға жағдай жасайды.
Белгісіз дүниені түсіндіргеннен гөрі белгісіздігі ол дүниені танып білуге ұмтылу керек.Ақылмен ой қозғау,табиғаттың өзіне бет бұру,дұрыс көзқарасты қалыптастыруға,түрлі қайшылықтар мен алуан түрлі сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.Біздің мақсатымыз заттар мен құбылыстардың мәнін ашуға,ұтымды ойлауға,дүниені танып білудегі қайшылықтарды аңғару мен шешілуге тиіс.
Ендеше топтарға тапсырма берелік.
1 Топ. Фантазия тобы.
Тапсырма:Сіздерге түрлі-түсті қағаздан қиылған жұмыртқа тәріздес қағаз қиындысы берілген.Сіздер қиялыңызды,ойыңызды пайдалана отырып,адам әлі ойлап таппаған нәрсе жасап шығарыңыздар.Берілген қиынды сіз жасап тапқан заттың бір деталі болуы керек.Суреттегі затыңыздың қалған бөлшектерін мына берілген түрлі-түсті фломастерлермен бояп суретіңізді көркемдейсіз.Жаңа тауып жасаған затыңызға міндетті түрде ат қоясыз.Жұмысты ортаға шығып бір оқушы таныстырып,қорғап шығады.
2 Топ. Жасампаздар тобы.
Тапсырма:Сіздерге жоба жасау ұсынылады.
Шығармашылық жобаны орындау жүйесі.
1Ұйымдастыру,дайындық,кезеңі.
-Проблеманы шешу
-Үлгі таңдау.Жасалатын бұйымның үлгі сұлбасын сызу,суретін салу
-Материал мен керекті-құрал жабдықтар дайындау.
-Жұмыс орнын ұцымдастыру.
2 Кезең.
-Техникалық жұмыстарды орындау.
-Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау.
3 Қорытындау кезеңі жүйелеу.
-Дайын бұымды бағалау.
-Шикізат шығынын есептеу.
-Жобаны жарнамалау.
-Шығармашылық жобаны қорғау.
3Топ Ғажайыптар тобы.
Тапсырма:Сіздереге мынадай суреттер берілген.Осы суреттерге қарап,өз сыныптастарыңның атын құрастыра отырып,ертегі құрастырасыздар.Ертегіде берілген суреттің барлығы қамтылу керек.
Соңында топтар өз жұмыстарын қорғап,мынадай номинациялар бойынша марапатталады.
Шығармашыл топ,Қияли топ, Жалынды топ.
Сабақты қорытындылау.
Адамзат асыл ойға емес кенде,
Биікке құлаш ұрмай ел өскен бе?
Еске алам Абай,Ахмет,Мағжандарды
Төбеміз аспанменен теңескенде.
Уа,достым,ірікпейік дарын басын,
Тынысы қас жүйріктің тарылмасын.
Қырандай сеңгір көкке құлаш сермеп,
Көңілі өскен желдей арындасын, дей келе сабағымызды аяқтаймыз.Оқушыларға сәт сапар,қадамдарына гүл,жігерлеріне күш,шығармашылық табыс,талантарына арайлы таң Нұрын тілейміз!
[bws_related_posts]