Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі:
Сарсенбекова Гульназ Шарамазанқызы
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мекбі
Тақырыбы: Сабақта ойын түрлерін пайдалану
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
1. Ойын туралы түсінік. Ойын түрлері.
2. Сабақта ойын түрлерін пайдалану.
ІІ, Ашық сабақтар
1. «Біз не үйрендік?»
2. «Не үйрендім?» « Не білдім?»
3. Төрт түлік
4.Сыныптан тыс «Сен білесің бе?»
5. Сыныптан тыс «Жүзден жүйрік» спорттық ойын
КІРІСПЕ
Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз — халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.
Мектептеде тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі — ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу — бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын — балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап — ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл — ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен ,жігерімен араласатыны анық.
«Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Мектепте балалар табысты, жақсы оқу үшін баланың тілдік функциялары толық дамыған болуы керек. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы: «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру», «Көлемі бойынша қой» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты — бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. Қимыл ойындары — балаға дене тәрбиесін беру құрылды. Балалардың жүгіру, секіру өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым — қатынасын, баланың мінез — құлқын белгілейді. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Ойын балаларға сабақта серуенге де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанын өзінде де ойын үстінде болады. Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа та , қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті — рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады. Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарында жиі қолдануға болады. Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану
Ойын түрлері оқушының ой қабілетін арттырумен бірге сабаққа белсенділігін, қызығушылығын оятып, ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілетін дамытады.
Ойынсыз ақыл- ой қалыпты дамымайды. Ойын арқылы баланың рухани байлығы өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік қалыптасады.
Ойындар — тек денені ғана емес, ойды да жаттықтырушы. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы беруді көздеген.Ойын бала табиғатымен егіз.Өйткені ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.
Ойындарды бүгінгі педагогикалық ілімдер талаптарына сай іріктеп, ретімен қолданып отырсақ, сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырамыз, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түсеміз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне көп көңіл бөлген жөн. Ана тілі сабағында ойынды ұтымды пайдалансақ оқу процесі жанданып, сабақтың сапасы артады. Баланың сөздік қоры молайып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға жетіле түседі. Жылдам сөйлеуді үйренеді. Мектепалды оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысалы «Сауат ашу» оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Анаграмма», «Тауып ал», «Логикалық ойындар» т.б. ойындар. Ал математика сабағында баланың логикалық ойлауында дамытатын ойындар «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Ойлан тап» т.б. «Математикалық жарыс», «Математикалық шытырман», « Математикалық пойыз» т.б.ойындарын ойнауға болады. «Математикалық жарыс» — екі команданың немесе оқушыларының бір-бірімен өзара жарысы түрінде өтеді.
«Санамақ» ойынының да түрі көп.
Мысалы:
Бір дегенім білеу,
Екі дегенім егеу,
Үш дегенім үскі,
Төрт дегенім төсек,
Бес дегенім бесік,
Алты дегенім асық,
Жеті дегенім желке,
Сегіз дегенім серке,
Тоғыз дегенім торқа ,
Он дегенім оймақ,
Он бір қара жұмбақ.
Тіл дамыту сабағында жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Бұл ойын балаларды өздігінен ойлауға үйретеді, дерексіз ойлаудан нақты ойлауға жетелейді. Сабақ күрделене түскен сайын оқушының ой өрісі де өсе түседі. Осыған сәйкес ойын түрін де өзгертіп отыру керек. Кейбір оқушылардың Р, Л, С,Ш дыбыстарына тілі келіңкіремейді. Бұл мақсатта халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады.
Мысалы:
Жаңылтпаштар тілді дамытуға, сөзді таза сөйлеуге үйретеді.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік, сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін .Сюжетті — рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.
Қорыта айтқанда, ойын араласқан сабақ тартымды өтеді, балалардың білуге деген құштарлығын арттырады, түсініктерін тереңдетеді.
Сабақтың тақырыбы: « Біз не үйрендік?»
Сабақтың мақсаты: Бағдарлама бойынша балалардың білімдерін тиянақтау,
сандарды (тура, кері) санауға, атай білуге үйрету
мақсаты көзделді.
Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру, түсінік
терін қалыптастыру, ертегі әңгімелеу барысында сөздер
ді байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын
байыту.
Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай
біліп, көмек көрсетуге, табиғатты сүйе білуге, оны қорғау
ға, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер слайд түрінде, түрлі түсті қағаздар мен қарындаштар
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгіме, сұрақ-жауап, ойын
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Отырыңдар
-Балалар, бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан сабаққа барлығымыз қатысайық. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Біз не үйрендік?» деп аталады. Бүгінгі тақырыпта сендермен жыл бойы өткен білімдерімізді қайталаймыз. Соларға байланысты ойындар, тапсырмалар орындаймыз.Сабаққа жақсы қатысқандарын үшін жұлдызшалар беріліп отырады. Сабақ соңында кім көп жұлдызша жинағанына сай, сабаққа белсенді қатысқан оқушылар анықталады. Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге сәттілік тілейік.(бір-бірлерінің қолдарын ұстап, балалар сәттілік тілейді).
-Балалар сендер білесіңдер ме?
-Неше жыл мезгілі бар?
-Кәне, кім маған айтып берем дейді?
-Жарайсыңдар, балалар. Көп біледі екенсіңдер. Ал ендеше әр жыл мезгіліне тоқталып кетелік.
-Қазір бізде қандай мезгіл?
-Дұрыс, көктем.
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Жақсы, енді көктем мезгілінің математика сабағы бойынша дайындаған тапсырмасын орындайық.
1. Тура, кері санау.
2.Ойын: «Ойлан, тап» есептер шығару
3.Салыстыру
Сергіту сәті:
1,2,3 қарлығаш боп ұш,
4,5,6 қарлығаш боп шалқы,
7,8,9,10 қарлығаш боп қон.
-Жарайсыңдар, балалар. Келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, жаз
-Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күн ыстықта қайда барып шомыламыз?
-Орманға барып, не тереміз?
Ал енді жаз мезгілінің сауат ашу сабағы бойынша тапсырмасын орындайық.
1.Логикалық ойын
2. Анаграмма
Балалар «Не жасырылған?» екенін тауып алу керек. Суретте не бейнеленгенін айту. Қандай дыбыстан басталатынын сөз.Соған сөйлем құрау.
Сергіту сәті: музыка қосылады, балалар би қимылын жасайды.
Жұмбақ жасыру:
Ағаш толы сары шымшық,
Сілкіп көрсең түседі ұшып.
(Жапырақтар)
-Дұрыс,жапырақтар. Сонда келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, күз
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күзде нелер піседі?
-Жақсы, енді күз мезгілінің көркем әдебиет сабағынан дайындап қойған тапсырмасын орындайық.
1. Рольдік-сюжеттік ойын (музыкалық)
(ертегі кейіпкерлерінің суретін көрсету.) балалар қандай ертегі кейіпкері екенін тауып алу керек. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау, кейіпкерлерге сипаттама беру.
Келесі қандай мезгіл?
-Дұрыс, қыс
-Қыста қандай мереке болады?
Қыс мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер?
Ендеше, қыс мезгілінің тапсырмасы. Жапсыру сабағына байланысты. Түрлі-түсті қағаздардан гүл жасау.
Музыка қосылып тұрады, балалар музыканы тындай отырып, түрлі- түсті қағаздардан гүл жасайды. Жасаған гүлдерін үстелдің үстінде тұрған құмыраға салады. (Жақсы істеген оқушыларды мақтап, мадақтау).
Бекіту: Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Не білдіңдер?
Қорытынды:
Балалар сонымен біз бүгін 4 жыл мезгілін қайталап, соларға байланысты тапсырмалар орындадық.Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар мақтап, мадақталды.
Тақырыбы: «Сен білесің бе?»
Мақсаты: 1. Оқушыларға жыл мезгілдер туралы түсінік қалыптас-
тырып, жануарлар мен құстар туралы түсініктерін
кеңейту.
2. Оқушылардың сөздік қорын байыту, тіл байлықтарын
дамыту. Жануарлар мен құстар туралы көбірек білуге
ынталарын ояту.
3. Табиғатты қорғауға, баптап күтуге, тазалық сақтауға
оқушыларды үйретіп, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер слайд түрінде, түйенің суреттері
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгіме, сұрақ-жауап, ойын
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Отырыңдар
-Балалар, бүгінгі сабаққа бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан сабаққа барлығымыз қатысайық. Бүгін біз сендермен «Сен білесің бе?» деген тақырыпта әңгіме өткізбекпіз. Бүгінгі тақырыпта біз сендермен жыл мезгілдерін, жан-жануарлар мен құстар жайлы айтпақпыз. Соларға байланысты ойындар ойнамақпыз.
-Балалар сендер білесіңдер ме?
-Неше жыл мезгілі бар?
-Кәне, кім маған айтып берем дейді?
-Жарайсыңдар, балалар. Көп біледі екенсіңдер. Ал ендеше әр жыл мезгіліне тоқталып кетелік.
-Қазір бізде қандай мезгіл?
-Дұрыс, күз.
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күзде нелер піседі?
-Жақсы, енді күз мезгілінің сендерге дайындап қойған тапсырмасын орындайық.
Ойын: «Не нені жейді?» .
Балаларға ойынның шарты түсіндіріледі.
-Жарайсыңдар, балалар. Келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, қыс.
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Қыста қандай мереке болады?
Қыс мезгілі туралы көп беледі екенсіңдер?
Ендеше, қыс мезгілінің «Не артық?» деген ойынын ойнайық.
Ойынның шарты түсіндіріледі.
Ал балалар енді біраз серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатыр жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Оңға қарады
Солға қарады
Үлкен тау деп ойлады. (қимылдар арқылы жасау)
Келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, көктем.
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Көктемде қандай гүл өседі?
-Дұрыс, бәйшешек.
-Көктемде жылы жақтан нелер ұшып кетеді?
-Дұрыс, құстар.
Ендеше, қазір «Құстардың дыбысын тауып ал» деген ойын ойнаймыз.
Ойынның шарты түсіндіріледі.
Келесі мезгіліміз?
-Дұрыс, жаз.
-Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күн ыстықта қайда барып шомыламыз?
-Орманға барып, не тереміз?
Ал енді жаз мезгілінің тапсырмасын орындайық.
Ойын: «Жануарлардың төлін тап?». Ойынның шартын түсіндіру.
-Жарайсыңдар, балалар. Көп біледі екенсіңдер?
Ал енді мына суретке қарайықшы.
-Мынау ненің суреті?
-Дұрыс, түйенің төлі –бота.
-Түйе үй жануары?
-Түсі қандай?
-Сары. Ал енді мен сендерге ботаның суретін таратып беремін. Сендер ботаның суретін бояу керексіңдер?
Қорытынды: Сонымен балалар, бүгін біз сендермен жыл мезгілдерін, жан-жануарларды, құстар туралы әңгімеледік, соларға байланысты ойындар ойнадық. Құстардың қалай дыбыс шығаратынын үйреніп, білдік. Балалар, сабаққа жақсы қатысқандарыңа рахмет. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысқандар: Мөлдір, Саябек, Ақжарқын. Қалған оқушыларда жақсы қатысты. (Жақсы қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтау.) Сабақ аяқталды.
Сабақтың тақырыбы: «Не үйрендік?» «Не білдік?»
Сабақтың мақсаты: Бағдарлама бойынша балалардың білімдерін тиянақтау,
сандарды (тура, кері) санауға, заттардың көлемін
салыстыру, геометриялық пішіндерді ажыратуға және
атай білуге үйрету мақсаты көзделеді.
Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру, түсінік
терін қалыптастыру, ертегі әңгімелеу барысында сөздер
ді байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын
байыту.
Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап тыңдай
біліп, көмек көрсетуге, табиғатты сүйе білуге, оны қорғау
ға, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгіме, әңгімелеу, көрнекілік
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер,
«Шалқан» ертегісі, ойындар: «Гүл құрастыру»,
«Сыйқырлы сандық», магнитофон, әртүрлі суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар енді келген қонақтармен амандасайық.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Орнымызға отырайық. Қазір бір-бірлеріміздің қолдарымызды ұстап сәттілік тілейік(хормен айтады сәттілік тілеймін.
-Балалар, бізге бүгін сабаққа қонақтар келіп қалыпты. Сабаққа барлығымыз қатысып, өз білімімізді көрсетейік.Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларға жұлдызша беріліп отырамын. Сабақтың соңында кім қанша жұлдызша алғанын көреміз. Біз сабақта қалай отыру керектігін білеміз ғой. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Не үйрендік?Не білдік» деп аталады. Қане, ең алдымен есімізге түсірейікші.
-Неше жыл мезгілі бар?
-Дұрыс,4-еу
-Қандай?
(Көктем, жаз, күз, қыс) дұрыс.
Әр мезгілдер туралы оқушылардан сұрау.
-Ал бізде қазір қандай мезгіл?
-Кім маған айтады?
-Көктем, дұрыс.
Көктемде қандай жұмыстар жұргізіледі.
Мыс: жер жырту, егін егу, көкеністермен жемістер егеміз.
-Мынау ненің суреті?
-Шалқан, дұрыс.
Ендіше, бүгінгі сабақ «Шалқан » ертегісінің желісі бойынша өтеді. Ертегіні мұқият тыңдап отырамыз. Ертегі былай басталады. Бір күні шал шалқанды егеді. Ол шалқаннан мол өнім алмақшы болады. Шалқанды еккесін оны, күтеді, арам шөбін жұлады, су құяды. Шал су құйған сайын: өс шалқаным, өс, тәтті болып өс, қатты болып өс деп айтады. Сөйтіп, уақыт өтеді. Бір күні шал бақшаға барса, шалқан үп-үлкен болып өсіп кетіпті.
Оны өзі жұлып алмақшы болып әрі-бері тартады, тарта алмайды.
-Ой, балалар шалға көмек көрсету керек. Біз білеміз үлкендерге не істей керек? Көмек көрсету керек. Ендеше, шалға көмек көрсетейік.
1.Ойын ойнайық: «Гүл құрастыру»(математика)
Ойынның шарты: Тақтада гүлдің дөңгелекшесі ілулі тұр. Ол гүлдің жапырақшалары жоқ. Жапырақшалар мына үстелдің үстінде тұр. Оны қазір кезек-кезекпен жапырақшаларды алып, құрастырасыңдар. Жапырақшалардың артындағы тапсырмаларды орындайсыңдар.
Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.Біз шалға көмек көрсетіп едік, оған көмекке кемпірі де келіп қалыпты. Шал мен кемпір шалқанды әрі-бері тартады, шалқанды тарта алмайды. Қане, мына тапсырманы орындай қояйықшы
Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
5-ті, 5-ке қосқанда
Болып шықты он саусақ.
2.Ойын: «Сиқырлы сандықша» (сауат ашу)Сол кезде музыка қосылып, ортаға сиқыршы келеді. Сиқыршының қолында сиқырлы сандық болады.
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе?
-Балалар мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?
-Дұрыс, сыйқыршымын. Мен бүгін сендерге қонаққа келіп қалдым. Сендерге жай келген жоқпын өзімнің сиқырлы сандығымды ала келдім. Сандығыма қараңдаршы қандай әдемі. Бұл сиқырлы сандықтың ішінде тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды қазір кезек-кезекпен орындайық.
-Мынау не?
-Ол қандай дыбыстан басталады? Буын бөлу,қалай дыбыс шығаруын сұрау.
-Балалар, шал мен кемпірге кім көмектесуші еді.
-Естеріңде ме?
-Дұрыс, немересі.
Ал, қазір біраз сергіп алайық.
Сергіту сәті: Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
«А» деді, «Б» деді
«Р» -ға тілі келмеді.
Біраз сергіп алдық. Сөйтіп, шалқанды шал тартады, оның артынан кемпір, кемпірдің артынан немересі әрі-бері тартады, тарталмайды. Сол кезде немересі көмекке итті шақырады. Төртеуі әрі-бері тартып, шалқанды шығара алмайды.
-Балалар, оларға біздің көмегіміз керек болып тұр. Қане, ол үшін тақтада ілулі тұрған сөздерді оқиық. Кезек-кезекпен тақтаға шығады.
(оқыту, буынға бөлу, сөйлем құрау)
Жақсы тапсырманы орындадық. Шалқанды төртеуі әрі-бері татып, шығара алмай жатқанда, оларға көмекке мысықта келді. Шалқанды шал тартады, шалдың артынан кемпір, кемпірдің артынан немересі, немересінің артынан ит, иттің артынан мысық тартады. Бесеуі әрі-бері тартып, шыға алмайды. Оларға көмектесу үшін өз өнерлерімізді көрсетейікші.
-Қане, ортаға шығып «Біз не үйрендік» әнін орындайық. (хормен)-Балалар, әнді де, өлеңді де жақсы айтады екенсіңдер.
Қорытындылау:
-Балалар, қараңдаршы! біз өнерімізді көрсетіп жатқанда оларға көмекке тышқан келу керек еді, ол кешігіп жатыр. Ол келгенше сендер мына сұрақтарға жауап беріңдерші.
-Бүгінгі сабақта қандай ертегі өттік?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
-Сендерге ертегі ұнады ма?
-Ал несімен сабақ сендерге ұнады?
Балалардың жауабы:Ертегімен таныстық, жыл мезгілдерін, Сандарды санадық есеп шығардық, сөздерді оқыдық, буынға бөлдік,ән, өлең айттық)т.б
Жақсы балалар, әне, көмекке тышқанда келіп үлгерді. Сөйтіп
шалқанды шал тартады, шалдың артынан кемпір тартады, кемпірдің артынан немересі, немересінің артынан ит, иттің артынан мысық, мысықтың артынан тышқан тартады. Әрі-бері тартып шалқанды тартып шығарады.Ертегі осымен аяқталады.
Ендеше , қазір шалқанның суретін мен әрқайсыңа таратып берем, сендер оны бояңдар.Суретті бояп жатқанда музыка қосылып тұрады.
Жақсы суретті бояған оқушыны мақтау, мадақтау. Суретін көрсету.
Ал, енді балалар қазір кімде неше жұлдызша бар екенін көрейік. Қазір өздерің санап шығыңдар.
Балалар , сендерге көп рахмет. Бүгінгі сабаққа бәрін жақсы қатыстыңдар. Келген қонақтарғада рахмет.
Қазір, келген қонақтармен, орнымыздан тұрып, қоштасайық. Бәрі хормен «Сау болыңыздар» деп айтады. Сабақ аяқталады
Сабақтың тақырыбы: «Төрт түлік «
Сабақтың мақсаты: Балалардың төрт түлік мал туралы түсініктерін кеңейте отырып, халқымыздың төрт түлікті дәріптеген өлең жырлар, әңгімелер арқылы танымын, жан-жануарлар туралы түсініктерін арттыру, жылқылардың басқа малдардан айырмашылығын таныту, сөздік қорын байыту, тіл байлықтарын дамыту, ұлттық тағамдар түрлері туралы ұғымын пысықтап, тиянақтап, көбірек білуге ынталарын ояту, балалардың тазалыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу,көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері слайд түрінде
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күлімсіреп шықты күн!
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Отырыңдар.Бүгін бізде ерекше бір қызық сабақ. Сондықтан сабаққа барлығымыз қатысайық. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Төрт түлік «
-Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Қане көздеріңді жұмыңдаршы, енді ашайық. Балалар , біз жайлауға келдік. Қане, қалай демаламыз? Бәріміз таза ауамен дем алайықшы. Қараңдаршы жайлауда не жайылып жүр екен? (Осы кезде өрісте жүрген малдардың дауыстар қойылады.
Балалар: -Қойлар, сиырлар, ешкілер, жылқылар, түйелер.
Мұғалім: Осы үй жануарлары сендердің үйлеріңде бар ма?
Мұғалім; Олар қайда жайылып жүр?
-Дұрыс, жайлауда немесе өрісте жүр.
— Балалар, ал қазір «Мал қалай дыбыстайды?» деген ойын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Тақтада үй жануарлар берілген. Қазір мен сендерге төрт түліктің дыбыстарын қосқанда, сендер ненің дыбысы екенін тауып алу керексіңдер.
Ойынның мақсаты: Қандай төрт түліктің дыбысы екенін тауып алу.Оларды атау.
Сергіту сәті:
Қошақаным тұршы,
Беті –қолыңды жушы.,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Орныңа отыршы.
Мұғалім: Ал енді балалар тақтаға қарайық.
-Балалар тақтада ненің суреттерін көріп тұрсыңдар?
-Дұрыс, айтасыңдар. Ал енді осы малдардың әрқайсына тоқталайық.
-Мынау ненің суреті?
-Дұрыс, сиыр. Сиырдың пайдасы қандай?
Одан не аламыз?
Балалардың жауаптары:
Сиырдың төлін -бұзау дейміз. Сиырдан біз сүт, ет, тері аламыз. Ал сүттен қаймақ, май, ірімшік, айран аламыз. Сиырдың атасы -Зеңгі баба.
Сиырды аухау-аухау деп шақырамыз. Сиыр шөп, су, жем жейді.
Келесі ненің суреті?
-Дұрыс, жылқы. Жылқының пайдасы қандай? Одан не аламыз?
Балалардың жауаптары:
Жылқының төлі-құлын. Жылқыны көлік ретінде пайдаланамыз.
Көбінесе, арбаға жегеміз.(отын, шөп, су, жүк тасығанда) Жылқыдан біз сүт, ет, тері аламыз Сүтінен қымыз жасайды .Қымыз-шипалы сусын. Оны өкпе ауруына емдік ретінде қолданады. Жылқы жем, су, шөп жейді.Жылқының атасы-Қамбар ата. Оны құрау-құрау деп шақырады.
Ойын: «Төлін тап»
Ойынның мақсаты: Малдардың төлін тауып алу.Төлдерін атау.
Келесі ненің суреті?
-Дұрыс, қой. Қойдың пайдасы қандай? Одан не аламыз?
Балалардың жауаптары:
Қойдың төлі-қошақан.Қойды Шопан ата бағады. Қойды пұшайт-пұшайт деп шағырады. Қойдан ет, жүн, тері аламыз. Жүннен әжелер байпақ, , қолғақ т.б тоқиды.
Келесі ненің суреті?
Балалардың жауаптары:
-Дұрыс, ешкі. Ешкінің төл-лақ.
Ешкі шөре-шөре деп шақырады.
Ешкіден ет, түбіт аламыз. Әжелеріміз түбіттен шәлі, байпақ, қолғақ тоқиды.
Ойын: «Ішіне-сыртына».
Ойынның мақсаты: Оқушыларды үй жануарлары мен жабайы жануарларды айыра білуге үйрету.
Келесі ненің суреті?
Балалардың жауаптары:
-Дұрыс, түйе. Түйенің төлі-бота.
Түйе киелі жануар.
Ол ұзақ уақыт бойы су ішпей жүре алады.
Түйенің атасы-Ойсылқара. Түйені көс-көс деп шақырады. Түйені көлік ретінде пайдаланамыз. Түйенің сүтін сусын ретінде ішеді. Шұбат ашытады. Ол-айраннан сұйық, қымыздан қою. Оның емдік те қасиеті бар.
Сергіту сәті:
Бала, бала балақан,
Кәне қайсың алақан
Саусақтарың әйбәт,
Былай-былай ойнат.
Балалар, ал енді «Не артық? » ойынын ойнайық.
Ойынның мақсаты:Балалардың мақсаты,артық суретті тауып алу.Неге артық екенін түсіндіру.
-Жарайсыңдар, балалар.
-Балалар, енді төрт түлік туралы жұмбақтар шеше аласыңдар ма?
Жұмбақтар
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (сиыр)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
-Балалар, жарайсыңдар. Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер?
-Балалар, кім маған төрт түлік туралы тақпақтар айтып берем дейді?
(Балалар білген тақпақтарын айтады.)
Төрт түлік малдар туралы тыйым сөздерді оқушыларға айту.
Малды теппе. Ақты төкпе. Малды ұрма.
-Енді балалар, бәріміз төлдер»Төлдер» әнін орындайық.
-Жарайсыңдар, балалар. Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ортаға енді биші қызымызды шақырайық. Әминә бізге қазақтың биін билеп берем дейді.
Қорытынды: -Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Не ұнады? Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың қалай дауыстайтынын, олардың төлдерін, пайдасын біліп үйрендік.
Сынып: даярлық топ
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»
Мақаты: 1. Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
2. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу;
3. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп.
Барысы: 1. Кіріспе сөз;
2. Спорттық жарыс;
3. Қорытынды сөз. Марапаттау.
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Жүзден жүйрік » атты спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін даярлық топ оқушылары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өту.
Жүргізуші: Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеуден кейін 2 топ алдарыңызда өнер көрсетпекші. Сіздерге жеңіс тілей отырып, ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Бүгін оқушылар 2топқа бөлініп бақ сынайды. Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс шарттары:
1. Допты ойын; 2. Ептілік; 3. Кенгуру 4. «Мерген» 5. Секірмек; 6. Арқан тартыс.
Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
Денсаулық – шексіз бақыт,
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,-деп, келесі ойынымызға көшейік.
1.« Допты ойын».
Ойын шарты:Доппен жүгіріп барып, доппен жүгіріп келеді де, допты келесі оқушыға береді.Дәл осылай ойын қайталанады.
Жүргізуші:
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
2. Сайысымыздың келесі бөлімі «Ептілік» ойыны деп аталады.
Ойын шарты: доптың үстінде отырып секііріп барып, қайтып келу.
Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.
3. Келесі ойынымыз «Кенгуру» деп аталады.
Ойын шарты: Әр топтан бір бір оқушыдан шығып, қаппен секіреді. Ойын осылайша жалғасады.
Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,
Бойкүйез болма, еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан, жаттық еңбекпен.
4.Сайысымыздың келесі бөлімі «Мерген» ойыны деп аталады.
Ойын шарты: Әр топтан бір-бір оқушы шығып, нысананы көздеп ату..
5.«Секірмек».
Ойын шарты: Бір оқушы секірме жіппен кедергілер арасынан жүгіріп өту қажет.
6.«Арқан тартыс». Балалар берілген шарттар бойынша ойын түрлерінен жарысады.
Жүргізуші: « Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»,- деп Абай атамыз айтқандай,«Адам болам десеңіз» өленің тыңдайық
Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.
[bws_related_posts]
Бұл менің әдістемелік оқу құралым ғой.Өзімнің өткізген сабақтарым.Неге басқа біреу өз атынан жібереді