Алматы қаласы №57 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері АҚЖОЛОВА СӘУЛЕ ТҰРАРҚЫЗЫ БАЙҚОЖАЕВА ҰЛТУ МҰХАМЫРҚЫЗЫ қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары Тақырыбы: «Ұлттық тағамдар»
|
||
Сабақтыңтақырыбы: |
«Ұлттық тағамдар» |
|
Жалпысабақтың мақсаты: |
1. Білімділік: «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету. |
|
Оқу нәтижелері: |
Балалар, ұлттық тағамдар туралы жазылған мәтінді оқып отырып, сабақтың тақырыбын ашады.Тақырыпқа сай берілген тапсырмаларды өз бетінше, жұппен, топпен бірлесе талдайды. Оқушылар жылдам ойлауға, дамыта отырып, топпен жұмыс жасау барысында шығармашылық,ізденіс дағдысы, қабілеті артады; -өз ойларын еркін жеткізе білуге, оқушылар есте сақтау және зейіндік қабілеттері дамиды; |
|
Түйінді идеялар: |
Оқушылар «Ұлттық тағамдар» туралы білімдерін шыңдайды. Ұлттық тағамдардың атауын ажырата біледі.Тағамдарды дайындау тәсілін оңай емес екенін түсінеді. |
|
Сабақты ұйымдастыру түрі: |
Тренинг-тәжірибе |
|
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
СТО стратегиялары, диалогтік оқыту, «Бумеранг» ойыны, «Тазалық» ойыны, бағдаршам, асықпен бағалау.
|
|
Жұмыс түрлері: |
Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс |
|
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: |
Интерактивті тақта, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, асықтар, ұлттық тағамдардың суреттері. |
|
І Қызығушылығын ояту кезеңі: Ұлттық тағамдарды көп білуге дағдыландыру. |
||
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
|
1-әрекет . Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру.Шеңбер құрып бір-біріне жақсы тілектер айту. Топтық жұмыс жасау үшін, «Мозайка» әдісімен топқа бөлу. Оқушылардың көңіл күйін білу, сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастыру. |
Оқушылар «Мозайка» әдісімен топқа бөлінді.Көңіл -күйін білдіру арқылы сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастырды. |
|
2-әрекет. «Күту уақыты» әдісі |
Оқушылар тақтадағы күту уақытына бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін стикерге жазып, іледі. |
|
3-әрекет.4 топқа бөлу. |
Оқушылар төрт топқа бөлінеді. |
|
4-әрекет. Балалар, бүгін біз ұлттық тағамдар жайында толғанамыз. |
Оқушылар ұлттық тағамдарының адамға мол пайда әкелетінін түсінеді. |
|
5-әрекет.Жеке, жұппен, топпен жұмыс. «бумеранг» әдісі бойынша қиын және оңай сұрақтар құрастырады. -Қандай ұлттық тағамдардың атауын білесің? -Қандай тағамдарды жақсы көресіңдер? |
Әр оқушы жеке ойланады, жұбымен және топпен талқылайды. Жариялайды. |
|
ІІ Мағынаны ажырату кезеңі: |
||
6-әрекет. Балалар, «Ұлттық тағамдар» тақырыбындағы өз ойларыңды қағаз бетіне түсіріңдер. |
«Кластер әдісі» бойынша оқушылар флипчарт бетінде жұмыс істейді, қорғайды. |
|
7-әрекет. « Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың түсіну дәрежесін анықтау |
Егер түсінбесе «қызыл», көмек керек болса «сары», барлығын түсінсе «жасыл» түс көтереді. |
|
8-әрекет. Сергіту сәті |
||
9-әрекет Үй тапсырмасын беру: «Ұлттық тағамдар» тақырыбына презентация әзірлеп келу.Тағам туралы мақал-мәтел жаттау. |
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, сұрақтары болса қояды. |
|
ІІІ Ой толғаныс кезеңі: Өткен сабақтан ой түйіндеу |
||
10-әрекет. Мұғалім баға қояды. |
Өзін-өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалайды. |
|
11-әрекет. «Тазалық» ойын әдісі арқылы кері байланыс жасату. Парақ тарату. |
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын «Тазалық» ойыны арқылы кері байланыс жасайды. |
|
12-әрекет. Рефлексия |
Семинар соңында қала мұғалімдері өткізілген панорамалық сабақ бойынша өз пікірлерін білдірді. Ұсыныс,тілектерін кері байланыс арқылы ортаға салды. |