Басы » Химия » Жарайсыңдар (интеллектуалды тапқырлар кеші)

Жарайсыңдар (интеллектуалды тапқырлар кеші)

anelСабырқызы Анель – Алматы облысы

“Cаркан аудандық білім бөлімінің

К.Ушинский атындағы орта мектебі,

мектепке дейінгі шағын орталығымен”

Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің химия пәні мұғалімі. 

“Жарайсыңдар”

(сыныптан тыс интеллектуалды тапқырлар кеші)

 Сайыстың мақсаты:          Мұғалімдер мен оқушы арасындағы байланысты нығайтушапшаңдыққа баулу. Оқушылардың химия, биология пәніне қызығушылығын, ынтасын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру, әділдікке,  намысқойлылыққа жетелеу.

Жүргізуші:   Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Жарайсыңдар» атты білгірлер мен тапқырлар кешіне қош келдіңіздер! Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сценадағы көрініс: хан тағында отырады, екі жағында екі нөкері желпеуішпен желпіп тұрады. Сұлтан алдында екі қыз бала шығыс би билейді.

Хан:—  «Жалықтым» (дейді  қолын бір сермеп, жан – жағына қарап жүреді).

Хан: — мүкін сенің басымды шабармын, уақытым қызық өтетін шығар – дейді

(сцена артында сиренаның дауысымен, шу  басталып кетеді)

Хан нөкерлеріне қарап: — не жағдай, барып біліңдер!!!! – дейді хан.

(Екі ұл жүгіріп кетеді де, бір топ оқушылармен ұстаздарды алып келеді)

Хан: — мыналар неғылған балалар.

Оқушы (Ерсін): – біз Ушинский атындағы орта мектебінің оқушыларымыз.

Хан: — өздерің қызық киім киіп алған екенсіңдер. Біздің ғасырымызға қайдан келіп қалдыңдар?

Оқушы(Алмагүл): біз химия сабағында тәжерибе жасап отырғанбыз, көрші физика кабинетінде оқушылар машина уақытын жасап, ұстаздарға көрсетіп жатқан еді, бір кезде шу, дүрсіл естіліп біз осында келіп қалдық.

Хан: жарайды түсінікті. Енді маған құлақ салыңыздар, егерде мені қызықтырып, таңғалдырсаңдар өз замандарыңызға қайтарам.

Оқушылар: олай болмаса ше………..

Хан: олай болмаса бастарыңмен қош айтысасыздар.

Ұстаздар: ендеше сайысымызды бастайық

Хан: сайыстарыңызды бастамас бұрын менің сусыным бітіп қалды, маған сары…жоқ қызыл түсті сусын даярлап беріңіздер. (оқушылар реакция орындап, қызыл түсті сусын дайындап береді де ханға ұсынады)

Сонда Таншолпан : тоқтаңыз сұлтан түсі бар сусын ішкен адам ағзасына зиян, ақ су ішкен пайдалы (дейді де сусынды ағартады.) мінекей ішіңіз.

(осы кезде оқушылар бір дөңгелек үстелге қарама-қарсы дөңгелек үстелге ұстаздар отырады)

Жүргізуші:        Уа, Халайық, халайық,

Бәріне жар салайық,

Бүгінгі кеш төрінде

есеп шешіп , аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып

Көнілді кеш жасайық!  — деп алған  білім, өлең-жыр, жұмбақ,  өнерімізді  барымызды ортаға салайық.

Қазылар  орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей отырып, әділқазы алқаларын таныстырып өтейік:

Жүргізуші:         Сәлем бер, елге сәлем бер,

Таныстыр көпке атыңды

Сәлем бер, көпке сәлем бер

Шығаршы кәне атыңды  — дей келе

Алдарыңызда Мұғалімдерден құрылған «Ойшылдар»  тобы.

Оқушылардан құрылған «Күн әлемі»  тобы.

Топтарымен, ұрандарымен таныстырады.

Тапқыр,білгір,дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Жаратылыстану  пәндерін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды-

деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.

1 сайыс Қызықты жұмбақтар (жұмбақтар оқылады, жылдам жауап берген топ ұпай санына ие болады.)

  1. Сыныптан бір шықпайды, тимесең жұқпайды,

Жәрдемсіз бұл затсыз оқушы сабақ ұқпайды.  (Бор)

  1. Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың.   (Тұз)
  2. Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы құйылған сақамен атады. (Қорғасын)

  1. Шыдасаң алты күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге. (Су)

  1. Өзім газбын, менімен демаласың

Жоқ болсам, ауа жетпей қиналасың. (Ауа)

  1. Бірінші буыным “көп” сөзінің антонимі

Екінші буыным “тілсіз жау”, ал өзім химиялық элементпін (азот)

ІІ сайыс «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (сайыс шарты: сұрақ қойылады, ал сіздер тек берілген үш әріпті пайдаланып жауап берулеріңіз қажет)

Шарты: Командаларға үш әріп беріледі. Әріптерді байланыстырып сұрақтарға жауап беру. (Мысалы Ж , А, Қ  әріптері)

Ұстаздар тобына ( Ж , А, Қ  әріптері)

1 сұрақ:  Наурыз мерекесі қандай мейрам?

(жаңа жыл, ақ қар ериді, қыс  кетеді)

2 сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыздар?

(жал-жая, айран, қазы-қарта)

3 сұрақ: Кімге еркелейміз? (жолдасыма, анама, қызыма)

4 сұрақ: Тілек айтыңызшы? (жаман болма, қатты болма, ақ жол болсын)

Оқушылар тобына ( Т, Б, С  әріптері)

1 сұрақ: Наурыз мейрамының ерекшелігі неде?

(таң тез атады, бүршік жарады, су ағады)

2 сұрақ: Ауылда адасу мүмкінбе?

(бәрі мүмкін, Серік адасты, тіпті мүмкін емес)

3 сұрақ:  Арманыңызы не?

( сырға алу, тақия сатып алу, білім алу)

4 сұрақ: Қазақ тілі не үшін керек?

(білім алу, тапқыр болу, сөйлесу үшін.)

ІІІ сайыс «Образға ену»  (әр топтан  сайыскерлер  бір-бірден шығып, қағаз таңдап алады да, қағаздағы берілген тапсырманы орындауы тиіс)

  1. Көктеп шығып,гүл жарған раушан гүлдің бейнесін салыңыз
  2. Гүлдерді  тозаңдандырып жүрген  ара  болыңыз
  3.  Суға кеткен адамға алғашқы көмек көрсету
  4. Бір-біріне ысылдасқан  екі жылан болыңыз
  5. Ұшып келіп,ағашқа отырып,елді оятқан тауықтың бейнесін сомдаңыз

6.Қасқырдан қашқан  қоян бейнесін көрсетіңіз

7.Гүлдеп шығып солып қалған  гүл

ІV Сайыс . «Полиглот»

Келді кезек жұмбақтарды шешуге,

Жауаптарды аударыңыз үш тілге.

Қазақ, орыс, ағылшын тілін білгенде,

Ұпайларым көбейеді деп тіле.

  1. 1.      Бағалы  ең қымбат металл?                  (алтын-золото — голд)
  2. 2.      Кітап ненің бұлағы? (білім, знание, knowledge)
  3. 3.      «Ас –адамның арқауы» , ал компьютердің асы не? (тоқ, ток, currend)
  4. 4.      Жіпке ілдім мен өзін, Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)
  5. 5.      Көк лағым көгенде жатып семірген.     (қарбыз-арбуз-water melon)
  6. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.   (ауа – воздух — air)

  1. Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң, жаның рахат табады.   (ағаш-дерево-tree)

  1. 8.      Арпа, бидай ас екен, алтын …… тас екен.    (күміс- серебро-silver)
  2.  Жылт-жылт еткен

Жырадан өткен.                                   (Су, вода, watter)

  1. Бетін адам ашады

Білім нұрын шашады.                     (кітап-книга- бук)

 V сайыс «Сыр сандық» (сайыс шарты сыр сандықтың ішіндегі құпия затты табу)

 Сұрақ: Бұл элемент  шығармашылық қабілеті үлкен кісіні теңестіріп атауға лайықты, ал үй тұрмыс жағдайында  үлкен жиындарда, тойларда көп мөлшерде су қайнататын зат.    Осы элемент атауын табыңыздар? (титан)

VІ сайыс Ғажайып тәжірибелер

Өнерге  бағынарсың

Жас өнерпаз танылады.

Өнерпаздар арада озып шабар,

Орын алсын кәне кім бар? – деп өнерпаздарға кезекті береміз.

  1. Ұстаздар тобы өзінің қызықты тәжірибесімен бөліседі.

Кемпір қосақ

Ұшқыш пакеттер

Жанбайтын орамал

  1. Оқушылар тобы

Сіріңкесіз от

Химиялық вулкан.

Химиялық сәлем.

Жүргізуші: Заман қанша қиын –қыстау болса да,

Игі істер болып жатыр қаншама.

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар танылған,

Жүлдегерді танытпасақ бола ма?

Сөздің кезегін әділ-қазыларға береміз. (Әділқазылар алқасы шешімдерін айтады)

Хан:                                Білім деген биік шың,

 Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Құрметті Ұстаздар мен оқушылар мен сіздерге дән ризамын. Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіремін . Осы беттен таймаңыздар. Ал енді Жорытқанда жолдарыңыз болсын!!!

Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Жарайсыңдар»  сайысы өз мәресіне жетті.

 Қош сау болыңыздар!

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *