Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға» өлеңі

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға» өлеңі

       И.Тайманов атындағы №27 орта мектеп

Үздік сабақ Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға» өлеңі      

 Өткізген:Латипова  Г.М. 

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров  «Бір адамға» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
                        Білімділігі:  Ақын өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
                        Дамытушылығы: Оқушы бойын-дағы қабілетті дамыту, ой қорытып,пікір айта алуға  дағдыландыру,  
                                                  шығармашылыққа баулу.
                        Тәрбиелігі:  Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгеру
Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, талдау, баяндау, ой — қозғау, ән үйрету
Технология: “Сыни тұрғыда  оқыту” технологиясы
Пәнаралық байланыс:  әдебиет, тарих, астрономия, музыка.
Сабақтың  көрнекілігі: Мультимедиялық проектор, интерактивті тақта (Activ Studio), компьютер,  кеспе бетшелер,
                                       баян музыкалық аспабы
І. Қызығушылықты ояту
1. Ақынның балалық шағы,  өмірі жолы
2. Ақынның ақындығы, шығармашылығы
3.”Шәкірт ойы” өлеңін жатқа  айту
 
4.«Топтастыру» стратегиясы.  Сұлтанмахмұт кім?
Сауатты, мейірімді, шыншыл, сықақшы, ақын, ойшыл, адал, әділ, білгір, елге қамқор.
 5.“Венн диаграммасы”
Шәкірт ойы ХХ ғасыр                Шәкірт ойы ХХІ ғасыр
 6. «Топтастыру» стратегиясы.   Ақын шығармашылығы
«Оқып жүрген жастарға», «Талапкерге», «Шәкірт ойы», «Оқуда мақсат не?», «Бір баланың тілек батасы», «Алты аяқ», «Кім жазықты?», «Кедей», «Қамар сұлу», «Адасқан өмір» т.б.
 7. Эссе жазу.
“Орны отайып көгерді,
Ақын арманын ел көрді”
 8. Өлең құрлысына талдау
Қараңғы қазақ көгіне                а
Өрмелеп шығып, күн болам!    б
Қараңғылықтың кегіне             а
Күн болмағанда, кім болам!     б
Мұздаған елдің жүрегін           в
Жылытуға мен керемін!           В
( 3 шумақты, 6 тармақты, 2 бунақты, 8 буынды кезектес,шалыс ұйқас)
    9. Ақынға арнау. Берілген ұйқасқа өлең шығару
                                                        арнаған
                                                        бар адам.
                                                                                  тараған.
10. Проблемалық сұрақтар
1.Сұлтанмахмұт  Торайғыров  туған  жылы? 2.Сұлтанмахмұттың  әкесінің  аты?
3.Биыл Сұлтанмахмұттың туғанына қанша  жыл  болды?
4.Сұлтанмахмұттың ақындық талабын ұштаған   адам?
5.Ақын  қай  баспада  қызтет  етті?
6.Сұлтанмахмұтты  зерттеуші   ғалым?
7 “Шәкірт ойы” өлеңіндегі өзекті мәселенің   бүгінгі  күнмен  байланысы бар ма?
8.Астрономиялық тұрғыда жұлдыз дегеніміз не?
9.Астрономиялық тұрғыда Күн дегеніміз не?
 Өткен тақырыпты қорытындылау мақсатында  ЦОР — дан тапсырма орындау
 ІІ. Мағынаны ашу
“Адам  деген кім?”
“Адам” дегенде көз алдымызға    кім елестейді?
 ІІІ.Жаңа сабақ.
Сұлтанмахмұт Торайғыров “Бір адамға”өлеңі
Өлеңнің мазмұнына тоқталу.
— өлең қандай адамға, кімге арналған деп ойлайсыңдар?
— өлең мәтіндегі мысқыл, кекесін мағынада қолданылған жолдардан нені байқадыңдар?
Ақынның «Күнделік дәптерінен.1914 жылы 7 жолдаспен Шорман ауылына өзімді қазақшылық айнасында көру үшін бардым. Жолдағы елде менің көлеңкемді сыртымнан естіп, бадырайтып көрсетпеген ел жоқ. Іздеп барған Сәдуақас барған жерден мені түссіз буа сөйледі. Мен ауыл оныкі һәм үміт болған таза жауап қайырмай, ұтқызыңқырап отырдым. Жанаспайтын ауыл екен деп елдегі жайшылық қалпымды бұзбадым. Бәлкім, онан көрі ілтипатсыз отырдым. Білдім: ол ішінен менің бұл мінездерімнің жалғызын жақтырған жоқ.. Бояма қалпы жылтырады. Жүрерде осы бойымша аттансам қалпе деп ойлар һәм бояма алданбағанымызды білдірейін деп:

Шоң, Шорман едік,
Бір-бірімізге қорған едік.
Шоңның, Торайғырдың көк жапырақтары
Бұтағына келіп қонған едік.
Онымызға қарай сіз де:
«Кім келіп, кім кетпеген ауыл едік»
Деп, бауырлығыңды білдірмей,
Арқаңның жауырлығың білдірдің.
Шоң, Шорманға бастамасаң да,
Ілтипатыңнан тастамағаныңа рахмет
«хош»,- деп, қолын ұстап амандасып жүре бердім. Былай шыққан соң жолдастарым:«Құрметтеді» деп  мақтасып сөйлескенде, менің жаным ауру, жайым жайсыз еді. Мұнан былай:
Малға басым имеске,
Рия тоным кимеске.
Кісі құрметін сүймеске,
Өз ісіме тимеске,
Кісі тіліне ермеске,
«Қазақшылыққа» енбеске,
Аштан өлсем адамға,
Намысымды бермеске,
Май тамызса тілінен
Еш адамға сенбеске,
Өз ақылымнан басқаға… көнбеске.
Кәміл уағда етілді! – дедім
Қосымша: Жастарды оқуға, мәдениетке бастайтын «Шоң серіктігі» деген мәдени-ағарту ұйымын құрмақ болып, аталас туысы Шорман баласы Садуақастан көмек сұрауы халқына қызмет көрсету жолындағы үлкен қоғамдық бастама еді. Ойлағаны болмай, Шорман тұқымдарына көңілі қалған ақын елдегі мықтылардан қайыр болмайтынына көзі жетеді. Шорманның Садуақасына арналған «Бір адамға» өлеңі осылайша шығарылады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1914 жылы ел аралап жүріп, Павлодар маңының атақты шонжары Шорман аулына түседі. Байлығына мастанған Шорман ұрпақтары ата тегінің патша өкіметінен алған шен-шекпендерін, халықтың көзі жасымен жиналған қазына-мүлкін көрсетіп, мақтаныш білдіреді. Мұны жақтырмаған ақын осыған байланысты «Бір адамға» өлеңін шығарады. Бай үйінің асыл жиһаздарын көрген ақын:
Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын!»
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?!- дейді.

  • Бұл сөздер, бір қарағанда, мақтау сияқты көрінгенмен, олардың астарында  зілді кекесін жатқанын байқау қиын емес.Келесі шумақтың мазмұны да осылайша астарлы келекеге негізделген.

Міне, осы сияқты сөздерді қарама — қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдануды ирония дейміз.

Сатира (оқулықпен жұмыс)
Сұлтанмахмұт «Бір адамға» өлеңінде ел ішінде байлығына масаттанған бір адамның басқаларға істеген қиянатын, озбырлығы мен жиіркенішті қылықтарын батыл әшкере етеді. Өлең ащы мысқыл, зілді кекесін түрінде берілді.
Көркем шығармада өмірдің бір жағымсыз жақтары мен құбылысын осылайша күлкі ете, мысқылдай суреттеуді сатира деп атайды.
Өлеңді жолдау арқылы ақынның өзекті ойын ашу. (өлең мәтінінде қолданылған әрбір жолдарына мән беру, талдату)
— Шал байлығын қалай таныстырды, қандай сезімін байқадыңдар?
— «Қай момының малы бар бұл аяқта?»,..
Кесені қолыма алып қарай бердім:
«Ішінде нақақ көзден жас бар ма?»- деп деген жолдардан не ұқтық нені байқауға болады?
Тарих деректерге сүйенсек…,
Ол – Шормановтардың тарихта кім болғандығы туралы. «Баянауыл мен Павлодар уездерінің шаруалары қоғамдық жерлерді арсыздықпен алған ірі байлар мен помещиктерге қарсы ашық күреске шықты,- деп жазады тарихшы Б. Сүлейменов,- олар Шормановтар тәрізді ірі феодалдардың жерлерін конфискелеп, жері жоқтарға бөліп беруді талап етті. Шаруалар Шормановтардың ауылына шабуыл жасап, олардың жылқыларын қуып кеткен кездері де болды. 1906 — 1907 жылдары жиі болып тұрған осындай толқуларды басу үшін патша үкіметі жазалаушы отрядтар жіберіп отырды»

Қорытынды: «Бір адамға» өлеңі — ақын шығармашылығындағы ең негізгі шығармалардың бірі. Өлеңге бір дәуірдің негізгі шындығы сыйғандығын ақын қарапайым тілмен жеткізе білген. Сол кезеңдегі қазақ даласында шын реалистік өмірден, нақты өмірлік фактіден алынғандығы.
 Өлеңді өлең құрылысына талдату.
Бір үйде // жиюлы екен // қазына мал,
Көрсетті // бәрін бізге // ақсақал шал:
«Бұрынғы //атамызға // сыйға берген,
Біздерде //мынадай бар, // мынадай бар?
Шумағы — 6. Тармағы — 4. Бунағы – 3. Буыны — 11. Ұйқасы –а,а,б,а   қара өлең ұйқасы
 
Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы.
Түсіндірме сөздіктен өлеңде кездесетін бағалы бұйымдардың мағынасын жазу.
Оқа. Сылдырмақ. Түйме. Күміс кесе. Алтын аяқ. Теңге
 1.-  «Дөңгелек үстел» әдісі «Адамдарға тілегім». Оқушы өзінің адамға не тілейтінінбірінен соң бірі  қағазға жазып шығады,бірінің жазғанын бірі қайталамауы тиіс.
 2. «Бес жол өлең» стратегиясы
— «Адам» сөзіне бес жолды өлең құрау
1.Адам    
2.Саналы,білімді   
3.Өмір сүреді,білім алады,ұрпақ жалғастырады   
4.Адам – қоғамдағы саналы тұлға   
5.Тұлға
 3. «Раунд Робин» әдісі бойынша әрбір оқушы өтілген тақырып бойынша не білді, бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай айтып шығады. Сынып оқушылары түгел қамтылады. 
 Жаңа  тақырыпты қорытындылау мақсатында  ЦОР — дан тапсырма орындау
 Топтық жұмыс. Топтарға тапсырмалар беру
Адам,адамгершілік туралы мақал –мәтелдер тауып айту,
 Сабақты бекіту:
-Сұлтанмахмұт қандай ақын?
-Ирония, Сатира дегеніміз не?
 -«Бір адамға» өлеңі кімге арналған өлең?
 Үйге тапсырма:
                            1.”Бір адамға” өлеңін    мәнерлеп, жатқа айту.
                            2. Мәтін  желісі  бойынша  инсценировка  құрастыру.
                            3. “Адамгершілік – асыл қасиет” тақырыбында   ой толғау жазу
 Бағалау. 

  Сабақтың презентациясын жүктеңіз

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *