Басы » Cыныптан тыс » Жетістік – ақыл-ой мен шығармашылық шабыты

Жетістік – ақыл-ой мен шығармашылық шабыты

139247465Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп -лицей-интернаты
Жантурина Ботакөз Болатқызы
Сыныптан тыс шара «Жетістік – ақыл-ой мен шығармашылық шабыты»

Мақсаты:Тұлғаның жетістікке жетуге деген құлшынысын арттыру.

Жетістікдегеніміз – руханиәріденеқуатыныңбірмақсатқабағыттаужәнесолмақсатқажету. Қандай да бірістітындырымдыәрітыңғылықтыістеу де – жетістік.

Алдымен шараға қатынасушы жас ұстаздармен танысу, араласу мақсатында тренинг ұйымдастырылды.

«Өрмекші торы» тренингі

Жүру барысы: Тренингке қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші қолына оралған жіп ұстап тұрады. Осы жіпті ол кез келген бір қатысушыға ұсынады, ұсынар алдында оған амандасады, өз есімін, бойындағы қабілетін атайды. Жүргізушіден қабылдап алған қатысушы басқа бір қатысушыға осы ережемен жалғастырады. Осылайша барлықтарына жіп өтіп шығып, ең соңында өрмекші торы құрылуы керек.

Осы өрмекші торы арқылы қарым-қатынастарыңыз одан әрі нығая түссін!

 Шараға қатынасушыларды 2 топқа бөліп отырғызу. Жоба қорғау.

І-топ:  Сабақ талдаудың түрлері.

ІІ-топ: Жаңа технологияны қолдану, маңызы.

Жобаны қорғауға 3-4 минут уақыт берілді. Әуезді музыка жіберілді.

Сабақты талдау түрлері:

  • І.Толық талдау
  • ІІ.  Сабақ кезеңі бойынша талдау
  • ІІІ. Қысқаша талдау
  • ІҮ. Дидактикалық талдау
  • Ү. Психологиялық талдау
  • ҮІ. Сабаққа жан-жақты талдау

Сабақ талдаудың 6 түрі толық ашып талданды, сабаққа қойылатан мақсат, сабақтастық, нәтижелік т.б. қамтылды.

 

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани т.б.көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі  әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Негізгі түрлері: топтық, негізгі, фронтальды.

Жаңа технология түрлері аталды. Сабақ барысында қолданылып жүрген технологиялардың маңызы талданды.

Ақпараттық-коммуникациялық технология саласында жобалап-бағдарланған оқытуды педагогикалық технологияда  қолдану.Мақсаты, жобалау негізінде оқытудың мінездемесі және негіздері, оқыту барысында мұғалім мен оқушының рөлі,жобалау жұмысының мерзімі көрсетілді.

Жоба негізіндегі оқыту дегеніміз не?

         Жобалау әдісі 21 ғасырда оқытуда ақпараттық технологияны қолдану дүние жүзінде кең қолданыс тапты.

Жоба негізінің дәстүрлі сабақтан айырмашылығы, ол мұғалімге арналған – бұл модель оқытуға жоспарланған,  яғни оқушыға бағытталған, оның келешегі, нақты өмірдегі қиыншылықтардың араласуынан, сондықтан да оны ақпараттық-коммуникациялық технология ортасында жобалап-бағдарланған оқыту (ЖБО) деп атайды.

Сергіту мақсатында тренинг жүргізілді.

«Автобус» тренингі

 

Жүргізілу барысы:(20 адамға №5 және №22 маршрут билеттері бейнеленген қағаздар үлестіріледі)

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! №22 және №5 қалалық  маршрут билеттері таратылған әріптестер ортаға шыға қояйық! Тренингке қатысушылар 2 қатарға бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрады. Барлығыңыз өздеріңізді бір сәт қолдарыңызға берілген билеттерге байланысты №22 және №5 автобустарда тұрмыз деп елестетейік. Бір уақытта осы екі маршрут жүріп келе жатып бағдаршамға тоқтайды.

1)    №5 маршрут жолаушылары үшін тапсырма: сіздердің алдарыңыздағы №22 маршруттағы қарама-қарсы тұрған жолаушы, сіздің көптен көрмеген досыңыз. Сіз оған өзіңіздің өміріңізде болған бір қуанышты жаңалығыңызды жеткізуіңіз керек. Жаңалықты сөзбен емес, ым-ишарамен (вербальды емес) тез түсіндіресіз. Жүргізуші «стоп» деген бұйрық бергенде тоқтайды.

2)    Осы ереже бойынша №22 маршрут жолаушылары өз жаңалығымен бөліседі.

 

Тренинг соңында тренингке қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.

Тренингке белсенділікпен қатысқандарыңызға рахмет!

Өмірлеріңізде қуанышты жаңалықтар көп болсын!

 

«Қазіргі мен және болашақтағы мен»

 

Мақсаты: Тұлғаның өзін-өзі тани білуі, өзін-өзі бағалай білуіне бағыттайды.

Қажетті құрал: қалам,  қағаз.

Жүру барысы: Қатынасушыларға парақ таратылады. Әр қатысушы парақты екі бөлікке бөліп, бір бөлігіне

«Қазіргі Мен» және екінші бөлігіне «Болашақтағы Мен»  тақырыбында сурет салулары сұралады.

Әрбір қатынасушы суреттерін салуды аяқтағаннан кейін  салған суреттеріне сипаттама береді.

 

 

 

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР

—         Алдыңа мақсат қою

—         Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену

—         Әр іске дайын болу

—         Адымыңды анық басу

—         Алға ұмтылу

—         Қорықпау, күмәнданбау

—         Жаңашыл болу

—         Басқалармен кеңесу

—         Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау

 

Мына ұлы сөзді ұмытпайық:

«Жетістіктіңтоқсанпайызы – тер, он пайызы – шабыт»

ЭДИСОН

ЕСІҢДЕ САҚТА:

 

  • Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетті жоғалтпауда жатыр.Әуелі, адам деген атқа лайық бол, жетістігің адамдығыңмен өлшенсін;
  • Сені жетістікке жетелейтін сенен басқа ешкім емес,

өзіңе деген сенім сені барлық белестерден алып шығады.

  • Өзіңді мына әлемнен алыстатпа, әлемге өз қабілетіңді, қасиеттеріңді ашып, өміріңді жарқын жаққа өзгерт;
  • Ең үлкен жетістік – қоғамға пайдалы істі тындыру;
  • Жетістіктің ең үлкен жауы – “кейін істермін” деп айту;
  • Жетістікке апаратын жолдан қаймықпау және әрқашан үмітіңді үзбеу;
  • Әр жағдайдың жағымды жағын көре біл, кездескен қиындықты жетістікке жетер жолдың бір қадамы ретінде қабылда;

Өміріңізде тек жетістіктерге жете беріңіз!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *