Басы » Баяндамалар » Жаңа Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мәселелері

Жаңа Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мәселелері

qadyshЖаңа Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мәселелері.

У.Т.Қадыш

«Ново-Хайрузовка орта мектебі» КММ

Алғашқы Әскери дайындық пәні мұғалімі

Катонқарағай ауданы 

Мен жастар- біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез  айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы  Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлап сермейтін тұсы осы! Біз жалпыұлттық идеямыз-  Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел- елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, ХХI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі- Мәңгілік Ел! Ол барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.

        Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.2014 ж. 11.11.

Патриотизм-әр азаматтың ұлтын, Отанын сүю деген мағынанаы береді. Қазір бұл ұғымның аясы кеңи түскен. Мәселен, әлемдік деңгейде оны бейбітшілік пен тыныштықты сақтау мәселесі тұрғысынан да қарастырып жүр. Қазақстандық патриотизм дегеніміз- еліміздегі  әрбір  азаматтың қазақ мемлекетін Отаным деп сезініп, оны көркейтуге, қорғауға дайын болуы.

Қазақстан – көптеген этнос өкілдері қоныс тепкен мемлекет. Сондықтан да патриотизмді қалыптастыру бір ұлттың шеңберінде ғана жүргізілуі мүмкін емес. Елге, жерге деген сүйіспенщілік Қазақстанның әр азаматына қатысты болуы үшін ортақ саясат жүргізілуде. Яғни, біздегі идеология ұлты мен дініне қарамау, татулық  пен бірліктің туын жоғары көтеруге бағытталған . Соның арқасында елімізде бейбітшілік пен ұлтаралық татулық  нығайып келеді.

Жалпы, патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесінен бастау алып, өсе келе мектепте әрі қарай дамып, жүзеге асады. Сондықтан орта мектептің бағдарламалары ұлттық және қазақстандық патриотизм мүддесіне қызмет ететіндей мазмұнды болуы қажет. Елбасының саясатын қолдай отырып, мектебіміздің ұжымы оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында мектепке Ұлы Отан және Ауған соғысының  ардагерлерімен кездесулер өткізіп  тұрады. Сондай-ақ,  Жеңіс күні қарсаңында патриоттық әндер байқауы мен сапта жүруден жарыс ұйымдастыру дәстүрге айналған.  Мектебіміздегі барлық оқушылар республикалық «Жас ұлан »  және «Жас қыран» балалар және жасөспірімдер ұйымының мүшесі саналады. Олар түрлі спорттық, мәдени шараларға қатысу арқылы  шыдамдылық пен батылдықты бойына сіңірсе, сонымен қатар мемлекеттік рәміздерге, ел тарихына деген құрметі артады.

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет болып табылады. Бұл пәннің  оқу  бағдарламасында саптық, тактикалық және медициналық дайындық мәселелері енгізілген. Осы арқылы оқушылардың азаматтық қорғаныс бойынша білімдері жетілдіріледі.Отансүйгіштік рух –тәуелсіз еліміздің  әлемдік өркениет көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орнын алуына  мүмкіндік беретін бірден-бір күш. «Алғашқы әскери дайындық»  пәнінің осы бағыттағы рөлі зор. Сонымен қатар мемлекетіміз армияны кәсібилендіріп жатқан уақытта мектепте «Алғашқы әскери дайындық пәнін» оқыту маңызды. Болашақ Отан қорғаушыларды дайындап, патриоттық тәрбиені қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Ал әскери дайындық сабағында оқушыларға пневматикалық қарудан ату, противогаз қолдану, басқа да әскери өмірге қажетті құралдарды пайдаланып үйренуге  көп көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар әскери патриоттық тәрбие беруде аймақтық, өлкелік материалдарда  кеңінен қолданылады.

Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл. 9- мамыр Кеңес халқының және      дүниежүзіндегі барлық прогресшіл күштердің фашистік Германияны жеңген Жеңіс  күні.

Тарих бетін парақтасақ, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында халқымыз Отан үшін от кешіп, елдік пен ерлік сынға түскен сәтте, біздің біріккен Большенарым, Катонқарағай аудандарының батыр ұлдары да одан шет қалған жоқ. Соның айғағы ретінде, ауданымыздан сол жылдары 7 мың 300- ден аса азаматтар қан майданға аттанса, оның ішінде өмірлерін  құрбан етіп, шайқаста қаза тапқандар және хабарсыз кеткендер саны 4865-ке жетіп отыр. Бүгінде елге оралмаған ардагерлеріміздің есімдері ауданымыздың елді мекендерінде орнатылған Даңқ мемориалы мен ескерткіш тақталарында  мәңгі өшпейтін алтын әріптермен жазылып, «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды» атты  «Боздақтар» кітабына енгізілген.

Бұрынғы көпұлтты Кеңес Одағының халқымен иық тіресе, қатар тұрған біздің жерлестеріміз Москва,  Сталинград,  Ленинград үшін,  Курск иінінде болған ұрыстарда, ірі-ірі өзендерді кешіп өтіп, Ресейдің, Белоруссияның, Украинаның, Балтық жағалауының, Шығыс Еуропаның фашистерге қарсы күрескен бөлімдер құрамында болып, жаумен  шайқасты.

1941-1945 жылдары Ново-Хайрузовка ауылдық округінен, яғни , Ново-Хайрузовка, Алыбай, Примор, Құндызды ауылдарынан ел қорғауға 98 азамат аттанса, соның 50-і майдан даласында қаза тапты. Жауды жеңіп ауылға оралған ардагерлер еңбек майданында да алдынғы саптан көріне білді. Олардың соғыстағы ерлігі, үздік еңбегі мектеп оқушылары үшін үлгі. Бұлар  Жұмабаев Айтмұхамбет, Умутчинов Қатпа, Небесихин Дмитрий Васильевич, Макагонов Владимир Иванович, Алейников Артем Поликарпович, Рабканов Федор Яковлевич және басқаларды атауға болады.  Бүгінгі күні соғыс ардагері Макагонов В.И. және Бастаногов И.М. ғана арамызда жүр.

Майданға аттанған ерлерінің, ағаларының, әкелері мен бабаларының орнында қалған  ауылымыздың әйелдері аса ауыр да күрделі жұмыстарды атқарды. Соғысқа дейін ауылымыз негізінен ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысқандықтан, майданға аттанған ерлері, ағалары, балалары үшін аналарымыз «Бәрі де майдан үшін,бәрі де Жеңіс үшін » деген ұранмен еңбек етті. Олардың трактор және басқа ауылшаруашылық машиналарын басқарғандығы, уақытпен санаспай егіс далаларында, мал фермаларында бел жазбай еңбек еткендерін біз тарих бетінен алып тастай алмаймыз  және Тюлюбаева М. , Исабаева С., Ткач Н., Садуева А., Манажанова Қ., Нуралдинова К., Небрат В., Шишкина К.И., сияқты жүздеген апаларымыздың есімдерін ұмытуға болмайды. Сонымен қатар жұмыс күшінің тапшылығы салдарынан көптеген жасөспірім мектепті тастап, тракторға отыруға, ересектермен бірге егіс далаларында жұмыс істеуге мәжбүр болды, қауырт еңбектен еңкейген қарттар да тыс қалмай, фермалар мен дала жұмыстарына  араласты. Ауыл еңбеккерлері майдандаға жауынгерлердің жылы киініп, олардың басына түскен соғыс ауыртпалықтарын неғұрлым  жеңілдетуге жағдай жасады. Ерен еңбектерімен қоса мыңдаған әйелдер мен қыздар шұлық, қолқап тоқып, тон тікті. Бұл бізге аталарымыз бен апаларымыздың батырлығымен, соғыс  алаңында ерлікпен қаза тапқандардың қанымен, елдегі тыл ардагерлерінің ұлан-ғайыр еңбегімен қол жеткізген Ұлы Жеңіс болды.

Мектебіміздің Әскери Даңқ мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысты және тылдығы еңбеккерлер туралы  мәліметтер жинауда мектептің «Ізшілер» тобы жұмыс істейді.

Жылдан-жылға 1945 жылдың 9 мамыры бізден алыстап барады, соғыс жарасы мен дерті біздің ардақты ардагерлердің санын күн санап азайтуда. Мектептің «Қолқанаттар» тобы бұл соғыс ардагері мен тыл ардагерлерін  өз қамқорлықтарына алып, үй шаруасына көмектеседі. Қолдары босаған кезде соғыс туралы ата-әжелерінің әңгімелерін тыңдайды.

Ново-Хайрузовка ауылының орталық көшесінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға қойылған ескерткішті мектеп оқушылары өз қамқорлықтарына алған. Жыл сайын осы ескерткіштің алдына ауыл халқы жиналып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарлы еске алып, азагүлдерін қояды. Бұл митингті мектеп оқушылары өздері жүргізіп, құрметті қарауылда тұрады.

Әскери- патриоттық тәрбие жастарымыздың бойында  патриоттық сезім мен азаматтықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Тек қана сабақ материалдарын оқыту емес, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлерімен және қазіргі кездегі әскери мамандық өкілдерімен кездесу өткізіліп тұрады.

Олардың ерліктері, отанға деген игі істері мен әскери қызметті атқарудағы жетістіктерін оқушыларға түсіндіре, жеткізе отыра Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра  аламыз.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.2014 ж. 11.11.

2. Айтхожина Г.Р. Воспитание казахстанского патриотзма, национального согласия.

3. Жәнібек Қызыров  Ерлік-дастан

4. Олег Дымов    Мы,  народ Казахстана

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *