Басы » Баяндамалар » Мен-тәрбиешімін!

Мен-тәрбиешімін!

Мен-тәрбиешімін!
Тәрбиеші… бұл не деген сөз? Неге осылай аталған?
Естігенде, қарапайым сөз сияқты, мағынасына үңілсек терең ой жатыр!
Тәрбиеші – тәңірден жіберілген адам, сондықтан ол адамға бойындағының бәрі Алладан берілген!
Мейірімділік, ұқыптылық және сенімділік .Және барлығына, бәріне қамқоршы бола білу.
Сіздер менен сұрарсыздар: Неге мен тәрбиеші мамандығың таңдадым? Бұл сұраққа жауап осындай: мен үшін бұл тек жай мамандық немесе жұмыс емес. Бұл жанымның жайы, өмірімнің салты.
Әр адам өз өмір жолын өзін таңдайды.
Басты сұрақ, өз таңдауымды дұрыс жасадым ба? Енді міне 8 жыл артта қалған соң, мен сеніммен айта аламын.
Мен бақытты адаммын…
Маған тағдырдың жазуымен біздің болашағымыз – біздің балалармен бірге болу берілген.
Әрбір ана баласымен бірге балалық шақты өткізгенде бақыт құшағына енеді. Ал мен болсам, балалық шаққа әр күн сайын «Біреуді оқытып, өзім оқығанда» ораламын.
Мен өзімді үлкен әріпті «Ана» деп айта аламын, себебі менде жүздеген балам бар, олардың бәрі менікі, сүйкімді, әрбіреуіңе мен өз жанымның, өз жүрегімнің бір бөлшегін ұсынғанмын.
Кейбіреуі мектептеоқиды, ал кейбірі міне ғана балабақша табалдырығын аттады – бірақ олардың бәрі мен үшін сүйікті, олардың әрбіреуі үшін мен алаңдаймын, себебі мен анамын.
Балаларды ойлау , оларға қамқоршы болу, оларды сүю – бұл әр адамның басына берілмеген ең ғажап сезім.
Мен бақытты жанмынмын!…
Мен сүйе білетін адаммын. Ал бұл сүйікті болудан
мың есе тамаша. Менің миссиям ең керемет – өз махаббатыңды балаларға сыйлау. Мен осы сезімімді өмірге рахаттана қосамын және балаларды осы сезімде болуға үйретемін.
Л.Н.Толстой айтқандай: «Сүю – деген бұл кімді сүйсең, соның өмірімен сүру». Осы сөздердің астарында не үшін балаларға баратыным түсіндіріледі.
Мен шығармашыл адаммын.
Балаларды «өмір гүлі» десе, тәрбиешілерді «бағбандар» деп атау тегін емес. Сол себепті маған жер бетіндегі ең қымбат қазына-балаларға ақыл, мейірім, мәңгілік сияқты асыл қасиеттерді себу жүктелген.
Мен – Тәрбиешімін!…
Мен осымен мақтанамын! Әлемде мамандық түрі әр алуан, бірақ бұл мамандықты таңдамайды, ол сені таңдайды!
Бұнда кездейсоқ адамдар болмайды, себебі жай жүрген адам бұл мамандықты алып жүре алмайды.
«Мұғалім деп мамандықты оқып, қолына диплом алған адам емес, мұғалім деген ол осы ұлағатты есіммен бірге жасайтын ұлы тұлға. Мамандыққа деген сенімділік сирек кездеседі, ол тек соған құрбан еткенде ғана дәлелденеді.»
Біреулер мақсатты түрде тәрбиеші болады, олар мектеп табалдырығынан бастап осы мамандықтың құндылығын түсініп, сол мақсатқа жетуге бар күш-жігерін салады.
Біреулер үшін бұл жол-қиын да соқтықпалы болуы мүмкін. Бұл тағы бір мұғалім мамандағының өмір екенін дәлелдейді, ал өмір әр қилы кезеңдерден өтуі керек.
Осы есімді мақтанышпен алып жүрген адамдарға бір ортақ қасиет бар, ол балаларға өз жүрегің сыйлап, онсыз өмір мәнін елестете алмау.
Мен үлкен әріпті педагогтар бар екенінетағзым етемін, шеберлікті ғана көрсетпейді, сонымен қатар адами құндылықтар да өте маңызды.
Л.Н.Толстой жазған: «Егер мұғалім өз ісіне махаббатпен қараса, ол нағыз мұғалім болмақ»
Егер де мұғалім оқушыға ата-анасы сияқты махаббат сыйлай алса, ол көп кітап оқыған, бірақ балаға деген махабаты жоқ мұғалімнен әлдеқайда жоғары болмақ.
Егер мұғалім өз бойындағы махаббатты тек ісіне ғана емес, оқушыларына шаша білсе, ол нағыз мұғалім.
Ал ендеше мен өзімді үлкен әріптен тұратын тәрбиеші деп айта аламын ба?
Менің ойымша, бұл сұрақтың жауабын ата-аналар, оқушылар, оқушылар емес «менің балаларым» айта алар.
Жұмыс үрдісі маңызды емес, ең бастысы әр мезетте балалармен өткізген шағың қымбат. Бірақ өмірде бәрі де бір-бірімен байланыста.
Баланың махаббаты ол кез келген марапаттаулардан да артық болады.
Ең жоғары марапат – бұл балалар махаббаты!
Мен тағы да осы жауапты істің маған жүктелгенін және сол арқылы келешекке ат салысатыныма мақатанамын.
Менің педагогикалық ұстанымым: «Бала- бұл толтыратын ыдыс емес, ол-от, жалын оны тұтанып жандыру керек.»
Сіздер менен бұл не үшін керек деп сұрарсыздар? Мен жай ғана жауап беремін: Бақытты болу үшін.
Менің қалауым сіздер, отбасыларыңыз, біздің балаларымыз бақытты болсын!!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *