Сауранбаев Сапарғали Жакиұлы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
«№2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған үш тілде оқытатын
мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің
оқу,тәрбие ісінің меңгерушісі
«Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша
І деңгей мұғалімі С.Ж.Сауранбаевтің қысқа мерзімді коучинг жоспары
1 апта |
1-сабақ 3-күн |
||
Сабақ тақырыбы: |
Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын ұйымдастыру. |
||
Жалпы мақсат: |
Дарынды және талантты балаларды анықтау мен жағдай жасаудың тиімді жолдарын бірлесе қарастыру. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға үйрету. |
||
Сілтеме: |
|
||
Оқу нәтижесі |
Дарынды және талантты балаларды анықтай алу арқылы олардың қабілеттерін әрі қарай дамытуға көмектесу. |
||
Түйінді идеялар: |
Дарынды және талантты оқушылардың ынта-ықыласы мен қабілетін арттыру. |
||
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Бейне таспа, стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер,мінездеме мәтіндері |
||
Оқыту әдістері: |
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер Коучинг АКТ Бағалау |
1. Диалог 2. Жеке жұмыс 4. Топтық жұмыс 5. Рөлдік ойындар |
|
Дерек көздері: |
Әдеби материалдар, газет-журналдар. |
||
Тапсырмалар: |
Сұрақ- жауап, салыстыру, ассоциация, сыни тұрғыдан ойлау |
||
Оқуға арналған тапсырма: |
Дарынды және талантты балалармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Мұғалімге арналған нұсқаулық. |
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
||
5 мин |
Жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін «Froggy Dance» тренингі. Қатысушы мұғалімдер орындарынан тұрып бейне роликті қарап жаттығу жасайды. |
Сессияға қатысушы мұғалімдер ортаға шығып сергіту сәтіндегі Froggy Dance биін қайталап билейді. |
||
2 мин |
Топқа бөлу. Үш түрлі фигура(қызыл үшбұрыш, жасыл төртбұрыш, сары дөңгелек) түсті пайдалану арқылы екеуден топқа бөлу. 1-топ: «қызыл үшбұрыш» 2-топ: «жасыл төрт бұрыш» 3 топ: «сары дөңгелек» жұпқа бөліну. |
Фигура түрлерін таңдап жұпқа бөлініп отырады. |
||
І.Миға шабуыл (10 мин) |
Сессияға қатысушы мұғалімдерден ойлауды қажет ететін сұрақтар қою арқылы « Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын ұйымдастыру» коучинг сессиясын ашуды бастау. 1.Дарындылықтан таланттың қандай айырмашылығы бар? 2.Дарынды және талантты оқушылардың өзіндік ерекшелігін қалай анықтауға болады? 3.Дарынды оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қандай тапсырмалар берер едіңіз? |
Жұппен ақылдаса келіп өз пікірлерін ортаға салады және әр бір пікір тыңдалады. |
||
II. Бейнетаспа көру. Пікір алмасу (20 мин) |
Интерактивті тақтада дарынды және талантты оқушыны анықтау мақсатында 3 түрлі видео ролик көрсетіледі. Топқа дарынды және талантты оқушының бейнесін флипчартқа салады, постер арқылы көрсетіп, таныстырып шығуды тапсыру. |
Сессияға қатысушы мұғалімдер 3 түрлі бейнетаспаларды көреді
Көрген бейне таспалардан соң бір-бірімен пікір алмасу арқылы топ мүшелері бірлесе ақылдасып, дарынды және талантты баланы анықтау барысында дәлелдемелер келтіре отырып, топтың бір мүшесі ортаға шығып өздерінің ойларын дәлелдеп қорғайды. |
||
ІІІ тапсырма Рөлге түсу әр топқа 15 мин |
Ұқсас түстерді таңдау арқылы топқа бөліну Дарынды және талантты оқушылардың ерекшелігін анықтау арқылы ролдік ойын. «Алғыр математик» «Талантты музыкант» тақырыбында сценарий құрастыру және ролге түсу. |
Берілген тақырып бойынша сценарий құрастырып, рөлге түседі. |
||
IY тапсырма 15 мин Мінсіз оқушы Қорғауға әр топқа 5мин 15мин |
Коуч Мінсіз оқушы қандай болу керек? деген проблемалық сұрақ қояды. Осы сұрақ бойынша мұғалімдер жеке және жұптық болып өз ойларын жеткізу керектігі ескертіледі. Карточкадағы салмақты,әуесқой, көп оқыған, мақсатқа ұмтылатын, тез тіл табысатын, жақсы тәрбиеленген, белсенді оқушы,қанағатшыл, құндылықтарды ұстанатын, дербес іскер батыл, шығармашыл, ойлауға бейім, байсалды, сөздерін жоғарыдан төмен қарай ең жоғарғы қасиетін кем дегенде жетеуін жазады. |
Мұғалімдер берілген тапсырманы топпен талдап шешімін шығарады. А-4 парағына жеке және жұптық жұмыс арқылы ортақ шешім қабылдайды Жұмыстарын екі жұлдыз бір тілек арқылы өзара бағалайды. |
||
V. Қорытындылау (5 мин) |
Орындаған тапсырмаларға байланысты сұрақтар қою. XXI ғасырда Дарынды және талантты балалардың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді. |
Қойылған сұрақтарға толық нақтылай жауап беру. |
||
VІ. Ақпарлама. (5 мин) |
«Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын ұйымдастыру» туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру. |
Таныстырылымды тыңдайды |
||
VІІ. Рефлексия (3 мин ) |
Стикерге өз көңіл-күйлерін смайлик арқылы салуды тапсыру және сабақтан алған әсері туралы шағын эссе жазуды тапсыру |
Стикерге өз көңіл-күйлерін бейнелейді және сабақтан алған әсері туралы шағын эссе жазады. |