Жалпы білім беретін №9 орта мектебінің
Мақсұт Жансая
Сынып жетекшісі: Рахимбаева Гульсара Силановна
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Нұрсұлтан ата жастарға, оның ішінде балаларға көңіл бөледі. Менің сүйікті Балқаш қаламда, аз ғана уақыттың ішінде ірі сауда орталығы, әдемі ғимараттар, балаларға арнап ойын алаңдары бой көтерді. 2012 жылдың 1 желтоқсанында бірінші рет біздің еліміз Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Бұл күні тәрбие сағаттары өткізіліп, ән айтып, би билеп, елбасымызға арнап ашық хаттар жасаймыз. Өте жақсы деген бағаларымызды Президент атамызға арнаймыз.
Сүйіп өсем білімді,
Басқарамын елімді.
Елім үшін әрдайым,
Қадам басам сенімді
Атамыздың жасы ұзақ, дені сау болсын деп тілейміз! Қазақ елінің арқа сүйері, Елбасымызбен бірге бақыттымыз.
[bws_related_posts]