Басы » Баяндамалар » Отан сүйгіштік және рухани адамгершілік-мектепке дейінгі білім беру сапасын көтерудің басты кепілі

Отан сүйгіштік және рухани адамгершілік-мектепке дейінгі білім беру сапасын көтерудің басты кепілі

 Несіпбекова Жанар Мамытқызы

 Білімі:  Жоғары

 Қызметі: Әдіскер

 Еңбек өтілі:  5 жыл

  Санаты: 2

Өзекті мәселесі:  Жаңа технологияларды қолдана отырып,өз бетімен дами алатын белсенді,білімді бүлдіршіндерді тәрбиелеп, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеті:  Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін үйретіп, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.Үйлесімді дамыған тұлға негізінде ақыл-ой мен дене тәрбиесін жетілдіре отырып,талантты шығармашыл қабілеттерін дамыту. Эстетикалық тәрбие мен ұлттық тәрбиені ұштастырып интелектуалды қабілеттерін дамыту.

                        «Отан сүйгіштік және рухани адамгершілік-мектепке дейінгі

                             білім беру сапасын көтерудің басты кепілі»

 

      Панфилов ауданы Үшарал ауылы «Айгөлек» балабақшасында, балабақша меңгерушісі Д.Н.Мұқағалиқызының басшылығымен аудан көлемінде шағын орталық пен балабақшалар арасында семинар және облыстық жылжымалы білімін жетілдіру курсында,тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтар болып өтті. Семинарға 5 балабақша 12 шағын орталық тәрбиешілері мен мекеме басшылары және                                                                                                                            қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты: -Ұлтжандылық пен әлемдік көзқарасын  дамыту,рухани құндылықтарын арттыру. Тұйық  балаларды алға тарту ,өз ісіне баға беруге бейімдеу, сынды дұрыс қабылдауға үйрету. Адамгершілік пен имандылық, бала жанының тазалығын сақтай отырып, ізгі істер жасату арқылы дамыту.Сонымен бірге рух және руханилық модулі.Рух дегеніміз-адамның табиғи дәрежесі. Рух генетикалық тазалықты текті сақтау. Психикалық даму сатысына дұрыс бақылау жасау. Ата-баба дәстүрі мен салтын тәрбие стилінде кіріктіру. Руханилық қалыптасу. Өз тегін, шежіре тарихын үйрену, жан қуанышы, жан ауруын сезіне білуге баулу. Тұрмыстық- қоғамдық қатынастардағы этика,  эстетикалық тәлім беру.   Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік  дамуы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы жүзеге асырылуы көрсетілді

      Жас ұрпаққа тәлім -тәрбие беруде бес сала бойынша  үш топта оқу іс-әрекеттері өткізілді.

«Балбөбек» кішкентайлар тобы. «Ойыншықтарды тазалаймыз»

тәрбиеші: Б.Б.Нұрғалыққызы балаларға ұқыптылықты,тазалықты,қамқор болуды үйретсе.

«Балауса» естиярлар тобы. «Менің тату отбасым» тәрбиеші: Ж.Н.Башенқызы мейірімділікті, отбасының ынтымақ бірлігін оның қоршаған ортамен байланысын,балаларға теория және практика жүзінде үйретті.

«Балдырған» ересектер тобы. «Киелі сандарға саяхат» тәрбиеші: Н.Д.Мамытқызы рухани адамгершілік тәрбиені, -Ұлжандылық пен рухани құндылықтарды бала бойына сіңіріп, мектепке дейінгі білім беру саласын көтеруде балдырғандарды отан сүйгіштік және рухани адамгершіліке тәрбиелеуде  әріптестеріміздің көңілінен шыға білді.

Оқу іс-әрекеттерге, келген әріптестер өз ризашылықтарын білдіріп, өз ойларын айтты.

         Топтардағы оқу іс-әрекеттер талқылану барысында ой пікірлерді ескере келіп,

«Балбөбек» кіші тобындағы  «Ойыншықты тазалаймыз» оқу іс-әрекетімен естияр «Балауса» тобы   «Менің тату отбасым» оқу іс-әрекеті жақсы деп бағаланып,

Ересек «Балдырған» тобы «Киелі сандарға саяхат» оқу іс-әрекеті өте жақсы деп бағаланды.

Балабақшада өтілетін оқу іс-әрекеттері білім стандартын  басшылыққа алып, балдырғандардың жас ерекшелігіне сай өтілуі үнемі қадағаланып отырылады.

  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *