Есимова Ултуар Темірғалиқызы
Жоғары санат бастауыш сынып мұғалімі
С.Сейфуллин атындағы орта мектеп
Алматы облысы.Ескелді ауданы.Бақтыбай ауылы.
Тақырыбы: Оқытудағы жаңа технологияны енгізудегі бастауыш сынып мұғалімнің орны
Бүгінде ұлттық болмысымыз бен мәдениетіміздің,тіліміз бен дініміздің де қайнар көзі –мектеп-алтын бесік.Алтын бесіктің елдің елдігін,халықтың халықтығын өлшейтін екі өлшемі бар.Біріншісі-ұстаз ұлағаты,мұғалім мәртебесі,екіншісі –ұрпақ тәрбиелеу,шәкіртті шыңдау.Президентіміздің мектеп тағдырына алаңдаушылық білдіруі жасампаз еліміздің ертеңіне деген жанашырлығы деп білемін.
Сондықтанда бүгінде білім беру жүйесінің негізгі мақсаты-оқытудың инновациялық әдістерін енгізу жолымен мектептердегі оқытудың деңгейін көтеріп,оқушылардың шығармашылығын және дарындылығын ынталандыру болып табылады.Бүгінде мектептің мақсат ,міндеті әр оқушының жеке тұлғалық қадамына жол ашу болып отыр.Мұндағы ауыр салмақ мектеп айнасы болып есептелінетін мұғалімге түспек. Мектеп, білім беру саласындағы мақсат, міндеттер мұғалім санасынан, мұғалім жүрегінен шықпайынша, белгілі бір нәтиже бермейді. Бүкіл білім саласының, бірнеше жылдар бойы қалыптасып қалған мектеп жүйесінің қоғамнан, тұлғадан алшақтануы педагог қауымының педагогикалық жалпыламалыққа машықтануынан деп білуге болады.
Жаңаша педагогикалық технология – ғылым жетістігі. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
— Оқушылардың өзіндік іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «Оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы – мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
— Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылған мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігі, беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту болып табылады. Оқытудың осы фронтальды түрі бастауыш сыныпта көбінесе, бағып беру, талқылау және түзетуді енгізуде пайдаланылады. Заман талабына сай бастауыш сыныптарда қолданылатын жаңа технологияның негізгі мақсаты оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекет жүргізе алатындай болуы қажет. Қазіргі кездегі дәстүрлі оқулықтар мұндай талаптарды қанағаттандыра алмайды, сондықтан да оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген заманауи жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беру барысында, тіпті үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтуға болады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырыпғ, әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатынын байқатады. Жаңа тәсілдермен оқытуда оқушы белсенді роль атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстанады. Әлемді тануға, белгісізді анықтауға өзі жауап іздейді. Оқушы білімді әртүрлі әдебиеттерден, теледидардан, интернет жүйесінен табуы мүмкін, сондықтанда да ой қорытуы да әртүрлі болады. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруды төрт кезеңге бөлуге болады:
1) Оқушылар шығармашылық жұмыстарын бастамас бұрын, жұмыстың негізгі мақсатын айқындап, ажырата білу керек. Шығармашылық ізденіс мақсаты сабақта алған білімін тереңдете отырып, берілген тақырыптар бойынша зерттеу жұмысын жүргізеді. Осы кезде оқушы танымы кеңейіп, білімі тереңдеп, өмірге деген көз қарасын дамытады.
2) Оқушы белгілі пән бойынша нақты тақырыпқа жүргізу кезінде ол өзінің тақырыпқа байланысты әдебиеттерді дұрыс пайдалануды, керекті материалдарды сұрыптап алуды үйренеді.
3) Бұл кезеңде оқушылар өз қалауы бойынша белгілі реферат, эссе, баяндама дайындап қосымша шолу жасауды үйренеді. Бұл кезеңде оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Яғни әр оқушы өзін-өзі бағалап, өзін-өзі дамытып, өзін-өзі басқарады.
4) Бұл кезде оқушы өзінің шығармашылық ізденіс тақырыбы бойынша, оны теориялық жағынан қорғауға дайындалады.Мұнда мұғалім оқушыға тақырыпты алдын ала беріп, оқушының белгілі бір кезеңде жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Оқушылар шығармашылық отырыста ізденіс жұмыстарын қорғап саралайды
Бүгінде заман ағымына қарай ілесу – адам табиғатының заңдылығы. Әлемдік жаңа технологияның ғажайып жетістіктерін меңгеру ұстаздардың кәсіби шеберліктерін молайта түсері сөзсіз. Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз біліктілігі жоғары мамандар болады, оларға жағдай жасау», керектігі делінген.Ал осы балаларымызға сапалы білім мен саналы тәртіпке үйретер ,бастауыш сынып мұғалімінің орны қандай?
Білімді ұрпақ –білімді ұстаздан,білікті маманнан болмақ,ендеше әрбір мектептің болашағы өз мектебінде шыңдалады.Ертең осы елге ие болып,ел тізгін ұстатар азамат тар-бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан,Қазақстандық барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары,келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның ,мемлекеттің назарында.
Қай елде болсын,балаға білім беру ісі елеулі орын алып,онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған да ,ұстаз . Сондықтан да қызықты да ,бейнеті көп мамандық.Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашып,шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру ,олардың өз сенімдерін нығайту,бір сөзбен айтқанда өмірде өз жолын өзі таңдауына түрткі болатынына себепші ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы абыройлы борышы туралы айтқым келеді.
Мен бүгінде Ескелді ауданына қарасты Сәкен Сейфуллин орта мектебінде бастауыш сынып мамандығы бойынша 30-жылдай қызмет етіп келем.Қызығы мен қуанышы мол мектепте әр баланың жүрегінен орын алып,олардың шығармашылық тұлға болып қалыптасуына зор үмітпен қарайтынымыз сөзсіз.Мен үшін оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтеруде бастауыш сыныптағы мұғалімнің орны орасан зор деп білемін.Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы көкейдегі көп ойға қолдау салады.Әсіресе білім үрдісінде электронды оқытуды жүргізу білімді ақпараттандырудың жаңа деңгейі екенін атап көрсетті. Электронды оқыту бейне,аудио,мультимедиа технологиясымен жас ұрпақты ақпараттандыру ,өзіндік іс-әрекет болып табылатынына көз жеткізіп келеміз.. Бүгінде білім негізі бастауышта екені қандай айқын болса ,мектеп есігін ашқан балғын шәкірттердің де ұстаздарына жүктеген жауапкершілігі де сондай ауыр деп білемін. Ендеше ,жеке тұлғаны тәрбиелеудегі білім беру негізін қалай бағамдасақ,оның болашағы да ,соған қарай қанат жаймақшы.Бұл мәселе сондықтан да ең алдымен бастауыш сынып мұғаліміне келіп тіреледі.Өйткені баланың сауатын ашып,оқуға, жазуға үйрететін ,жан-жүйесін жетілдіріп,адамдық касиеттерін қалыптастыруға ат салысамыз.Олай болса ,қоғам алдында да,келешек ұрпақ алдында осындай жауапкершілікті жүктеген бастауыш сынып мұғалімдердің жеке басы қандай болу керек … Ол өзін-өзі тәрбиелеген ,білім көтеру әдістерін терең меңгерген, мамандығы мен көркемөнер салаларында шығармашылықпен еңбек ететін адам болғанда ғана ,нағыз ұстаз рөліне ене алады.Менің айтарым ,жекелеген пән мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалім арасында үлкен айырмашылық бар.Мысалы ,бастауыш сынып мұғалімі бірден 7-8 түрлі пәнді оқытады.Олар әрі тіл маманы,әрі математик,әрі әнші,әрі дүниетану маманы,әрі тәрбиеші болу шарт.Бүгінде 18-сағаттық жүктемемен бастауыш сынып мұғалімі күніне 3-4 сабаққа дайындаламыз,ал пән мұғалімдері болса параллель сыныптарға сабақ беру арқылы 1-2 сабаққа дайындалады.Сондықтан болар бастауышта қосымша сабақ өткізуді қажет ететін оқушылар ,яғни қабылдауы кем,жеке жұмыстарды қажет ететін оқушылардан құрылған топтарға қосымша сағат бөлінсе дұрыс болар еді.Бұдан біздің ұтарымыз ,бастауыштан орта буынға білім стандартына сай емес оқушылар шықпаған болар еді. Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай ,оқу- деген мектепсіз,мұғалімсіз,оқулықсыз болмайды.Бүгінде жаңа буын оқулықтарын оқытудың қазіргі технологиясын қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына,жан-жақты білім алуына белсенді шығармашыл болуына жағдай жасайды.Осыған байланысты оқыту мазмұнын ,түрін ,әдісін дұрыс таңдай білу қажеттігі туады.Баланың бойындағы қабілетті одан әрі жетілдіріп,,дамыта оқыту жүйеге асырылған да ғана мақсатқа жетуге болады.Заман ағымына ілесу –адам табиғатының заңдылығы.Әлемдік жаңа технологияның ғажайып жетістіктерін меңгерту ұстаздардың кәсіби шеберліктерін молайта түсері сөзсіз. Бүгінде білім сапасын жоғары деңгейде өткізу үшін ,тек қана оқулықтар ғана емес, бұдан басқа ата-аналардан баланың еңбегі мен демалысын ұйымдастыру жөнінде жауапкершілік сұралынуы керек .Себебі ата-ана бала тәрбиесіндегі маңызды рөл атқарушы.Түйіндеуге келе бастасақ,бастауыш сынып мұғалімдерінің қоғамдық өмірдегі орнын анықтаса,бастауыш білім стандартын әлемдік деңгейге меңгертуге ынталанса,қажет болса қосымша сабақтар ұйымдастырсақ,,яғни сапалы да көрнекті оқулықтармен ,оқу-әдістемелік құрал жабдықтармен,техникалық құралдармен қамтамасыз етілсе,ата-аналардан бала тәрбиесіне жауапкершілікті сезінетіндей өтімді шаралар өткізсе нұр үстіне нұр болар еді.Сөз соңында ,бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтерудегі мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру бүгінде бірінші орында тұрғаны жайлы айқым келеді.. Бүгінде Назарбаев Зияткерлік мектептері, Педагогикалық Шеберлік орталығы ,Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесе жасалған Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған
Деңгейлік бағдарламасы бүгінгі күні Қазақстан мектептеріне қанатын кең жайып енгізілуде. Деңгейлік бағдарлама бойынша өткізіліп жатқан курстан Сейфуллин мектебі де құр алақан емес.Мектебімізде екі мұғалім Куджакова Г.Б, Абатов Қ.А бірінші деңгейден, Сарыева Г.Д, Омарова А.Т екінші деңгейден, Есимова А.Н, Кушибаева Б.Қ ,Рыскулова Ж.Қ ,Қрықбаева Л.Ш. үшінші деңгейден өтті. Алдымен курстан өткен ұстаздар мектепте коучинг өткізіп,әдістемелік отырыстар ұйымдастырып,өзара тәжірибелерімен бөлісе бастады. Менде өз үлесімді қосу барысында даярлық сынып оқушыларымен оқыту үшін білім беруде пәндік сабақтар өткізе бастадым. Яғни оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту-баланың танымдық дамуы оның қабілетін, зейінін, сөз сөйлеу дағдыларын ойлауын, шығармашылық зияткерлік қабілеттерін дамыта білетінін байқадым.Ұстаз –бала бақыты деген рас екен ау деген ойға қалдым. Сондықтанда біліктілігімізді арттыруда заманауи әдістерден кеш қалмайық дегім келеді.Ұстаздар тарапынан жаңа әдісті талпына қолдаса ,мектеп әкімшілігі де бірауыздан қолдады.Сондықтан болар бастауыш сыныпта егер білім мазмұнына үңілсек жеке тұлғаға білім мен тәрбиені ғылыми негізде ұйымдастырып,қабілеті мен қызығушылығын арттыру негізінде ,ойлау мүмкіндігін дамыту,өз бойындағы іскерлік пен қабілет,дарынын арттыруға жағдай жасаудағы ізденісті байқауға болады.Олар гуманитарлық-математикалық,сауықтыру,жаратылыстану,көркемдік-эстетикалық,экономикалық,экологиялық,құқықтық,педагогикалық,медициналық т-т бағыттағы мектептер.Ал осындайкөп салалы бағарламалар негізінде жасалған білім мазмұнын меңгертуде жаңа технологиялар –КМД,КСО,УДС;Қараевтің педагогикалық технологиясы,модульдік оқу, сын тұрғысынан ойлау қолданылады.Біздің мектепте сын тұрғысынан ойлау технологиясы бүгінде ұстаздар қауымындағы шешуші технология болып отыр.Мектебіміз жаңа технологиялардықолдану барысында оқушылармен бірлесе отырып,олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында жұмыс істеп келеді.Мектепте 500-дейн астам оқушы,25 класс комплектісі бар Материалдық – техникалық оқу базасы – оқу тәрбие жұмысын жүргізуге лайық. Ұжымда 65 мұғалім, 2 тәрбиеші бар. Жоғары санатты 13 мұғалім, бірінші санатты 20 мұғалім, екінші санатты 10 мұғалім қалғандары жас мұғалімдер. Педагогтардың отыздан астамы шығармашылық жұмысқа икемді. Бүгін де шығармашылық жұмысты тереңдету, озық тәжірибені кеңінен насихаттау мақсатында алты кафедра ұйымдастырылды. 1) Тілдер кафидрасы
2. Жаратылыстану кафедрасы
3. Бастауыш сынып кафедрасы
4. МИФ /математика, инфарматика, физика кафедрасы/
5. Салауаттылық /дене тәрбиесі, еңбек, ән, сурет кафедрас
6. Тәрбиешілер кафедрасы
Әр кафедраның жетекшісі – шығармашылық топтың мүшесі. Шығармышылық топ – мектептің инновациялық жұмыс бағыттарын белгілейді, олардың іске асуын, әдістерін анықтайды. 21 ғасыр- тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры, мектепті дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет. Сондықтан жаңаща көзқарас қажеттілігі – өмір талабы. Мектеп директоры Шүйкембаев С.С. бүгін де инновациялық прогрестегі ұстаздар мен тәрбиешілердің негізгі тұлға болуына барлық жағдай жасауда. Мектеп басшысы басқаруды аталған дәрежелері бойынша бағыт-бағдар беруді жақсы жолға қойған. басшы, басшының оқу, өндірістік және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, кафедра жетекшілері, сынып жетекшілері және оқыту топтары. Біздің мектеп бүгінгі күні алға қойған мәселесі жаңа педагогикалық технология бойынша олқытудың дидактикалық, әдістемелік міндетін шешу болып табылады. Ол үшін оқушылардың білім сапасын көтеріп, мектептегі педагогикалық жұмысты ұйымдастыруды өзгерте отырып, авторлық өзгерістер енгізіп, оның әр элементтерін сабаққа енгізу керек екеніне көз жеткіздік. 80 жылдық өмір жолы бар мектебімізде көптеген іс-шаралар өткізіліп, білім мен біліктілік егіз ұғымда қалыптасуда. Болашақта оқушыларымыз сауатты ғана бола қоймай, білім тереңінен талмай, ғылым нәрімен сусындап шығу үшін, инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану әр сағатқы, әр күнгі дәстүрімізге айналған. Программалық материалмен ғана шектелмей, оқушының интеллектуалдық ой-өрісін дамытуда жан-жақты ізденімпаздықпен жұмыс атқаратын әріптестер де шеберлік шыңынан көрініп жүр. Ауданымыздағы басқа мектептерге үлгі тірек болу үшін, бірнеше рет семинарлар, конкурстар өткізіп, тәжірибе алмасты. Әрбір оқу жылында көптеген жетістіктерге жетіп, табыспен аяқтаймыз. Оған дәлел оқушыларымыз пәндік олимпиадаларға қатысып, облыс көлеміндегі жетістіктерге жетуде. Сөз соңында айтарым ,жас ұрпақтардың дарыны мен талантын ашып, шығармышылық ойлау қабілеттерін жетілдіріп, олардың өзіне деген сенімдерін нығайтайық. Барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, әр оқушының ертеңі мен болашағын терең ескере отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына зейін бөлейік. Заманауи технологияны талапқа сай қолданып, оқушылардың білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу — біздің міндетіміз деп есептейміз. Ендеше, «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген елбасының сөзімен ойымды қорытындылай келе бастауыш сынып мұғалімі өз жұмысына берілген ынталылық пен табандылыққа үйренген, өз мамандығына құштар болса ғана өз тәжірибесін, өз сенімін әр оқушыға жеткізе алады .
Әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасы Білім туралы заңы
- ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазастан Халқына Жолдуы\
- Ш.К.Беркімбаева «Болашақ мектептен басталады», «Ізгілікті іздеп келем» 2001ж
- Т.В.Морозова «Диагностика успешности учителя» м 2001г
- К.Н.Мамырова – Бастауыш шағын жинақталған мектептердің проблемалары және оларды шешу жолдары 2002 ж №10 Бастауыш мектеп
- Білім шапағаты №36 2012 ж
- «Ауыл мектебін басқару және білім беру сапасын арттырудың тиімді жолдар» 2013 жыл
- Жыл мектебі – 2000 Алматы-2002ж
9 .Инновационные процессы в методической работе и управлении школой.Мажекеев.Т.М.ТауирбековаС.Ж.
[bws_related_posts]