Басы » Музыка » Ұлттық музыка аспаптары

Ұлттық музыка аспаптары

dombr«Ақбөбек» балалар білім беру орталығы     

Ән-күй жетекшісі: Туребекова С.Т

Тақырыбы: Ұлттық музыка аспаптары

(музыкалық оқу іс-әрекеті)

Мақсаты:1.Балалардың ұлттық аспаптарына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін ояту.Ұлттық аспаптар туралы білімдерін кеңейту.

2. Қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы аңыз әңгімелер,жұмбақтар арқылы балалардың ынтасын арттыру.Әншілік дауысты жетілдіре отырып,әнді сипатына сай мәнерлі орындауға,ән мазмұнына сай ырғақтық қимылдарды жасай білуге үйрету.Аспаптардың түрлерін ажырата білуді үйрету.Күй тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын,музыканы қабылдау деңгейін дамыту.

3.Оркестрде ойнауға деген қызығушылықтарын ояту,қарапайым әуендерді ойнауға үйрету.

Құралдар:Қобыз,домбыра,асатаяқ,сыбызғы тағы да басқа ұлттық аспаптар.Музыкалық аспап және күйшілердің суреттері,аудиотаспадағы күйлер,музыкалық дидактикалық ойындардың құралы.

 

Әдіс-тәсілдер:Таныстыру,дауыс жаттығу,ырғақты қимылдар орындау,түсіндіру,сұрақ-жауап,дидактикалық ойын,көрсету,жаттау,тыңдау,өлең айту.

Іс-әрекет кезеңдері:1.Тәрбиешінің іс-әрекеті.

2.Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы:Күй орындалады.Балалар жай жүріспен кіріп,жартылай шеңбер құрады.

Музыка жетекшісі:Сәлеметсіздер ме,балалар!

Балалар:Сәлеметсіз бе!

Музыка жетекшісі:Балалар,бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге қонақтар келіп отыр.Қане бәріміз олармен амандасайық.

Білер қазақ баласы,сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,біздер сәлем береміз.

Барлық бала:Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жайнап шықты күніміз.

1бала:Қайырлы күн,күліп шықты күн бүгін!

2бала:Сәлеметсіз бе!

3бала:Есенсіз бе!

4бала:Амансыз ба!

5бала:Бәріміз күндей жарқырайық!

6бала:Бәріміз дос болайық!

Барлығы:Бәріміз тату болайық!

                            Өлең: “Жас дәуірдің түлегіміз.”

(Күй орындалады,қазақша киінген үлкен қыз кіреді.)

Қыз:Сәлеметсіз бе,балалар!Менің атым Баян-сұлу.Өтіп бара жатырып сіздердің дауыстарыңды естіп сізге қонаққа келдім.

Музыка жетекшісі:Қош келдің Баян-сұлу,төрлет,біздің қонағымыз бол.

Құтты қоныс балабақша алаңы

Жақсылыққа жүрегіміз толады.

Ақ көңілмен қош келдің төрімізге,

Өз қонақтарын Айгөлек тобы қарсы алады.

                                   “Қара жорға” биі

                                (Баян-сұлу шашу шашады.)

Музыка жетекшісі:Керемет сұлу қыз,шашуыңа рахмет!Қане балалар,кімде қандай түсті кәмпит болса,сондай үстелге отырсын.(балалар үстелге отырады.)

Баян-сұлу:Рахмет сіздерге балалар,ал мен енді кетейін,жұмыстарым бар.Ал сіздерге мына өз қолыммен жасаған кілемді тарту етейін.Сау болыңдар!

Ұйымдастыру-іздену:

Музыка жетекшісі:Балалар,мен сіздерге бір ертегі айтып берейін.Ерте заманда адамдар құстармен,жан-жануарлармен сөйлесе білген.Олар алдымен құстың,жануардың дыбысын жақсылап тыңдап,кейін дәл сондай дыбысты өздері айтып көруге талпынған.Түрлі дыбыстар алдымен ұрып,сілкіп ойнайтын аспаптарда аттың шабысын,құстың ұшқанын,жануардың жүргенін т.б салатын болған.Аспаптар осылай сойлей бастады.Ал сіздер қандай аспаптарды білесіңдер?Жарайды,ендеше,бұл қандай аспап-деген ойынды ойнап көрейік.

             Ойын: “Бұл қандай аспап?”(күйтабақтан тыңдап,аспаптардың атымен,өзін көрсетеді.)

Рахмет балалар,көп аспаптарды біледі екенсіңдер!Ал бүгінгі іс-әрекетімізді ұлттық аспаптарға арнаймыз!Ұлттық сөзді қалай түсінесіңдер? Жарайды,сіздер байқап отырған шығарсыздар,үстеліміз 4 түрлі түсті.Қазір біздер жұмбақтарды шешіп,4 топқа бөлінеміз.

 

 

1.Екі ішекке,бір тиекті қондыра,

Ойнаймыз біз қолымызды талдыра.

Білсең егер,айта қойшы балақан.

Бұл қай аспап?Бұл кәдімгі-домбыра.

Дұрыс,балалар!дұрыс айтқан баланың үстеліне домбыра қояды.

2.Бас,құлақ,мойны бар!

Үп-үлкен шанағы бар.

Ысқышпенен ысқанда

Әндетіп шығар әні бар.

Қобызды екінші үстелге қояды.

3.Сызылған үні,сүйкімді тілі

Үрлесең ойнайтын,аспаптың бірі

Сыбызғыны үшінші үстелге қояды.

4.Кездеседі бұл аспап,некен-саяқ

Сыңғырлаған қоңырауы өзіне сай-ақ

Бақсылардың қолында жүрген талай

Қазағымның аспабы-асатаяқ.

 

Музыка жетекшісі:Балалар сіздердің топтарыңыз-Қобыз,ал айтыңдаршы қобызды кім жасады?Қорқыт атаны неге солай айтады?Қобызда ойнайтын балаларды қалай атаймыз?Қобызды қалай ойнайды?Ысып.Дұрыс,ендеше қобыз ыспалы аспап.Балалар аспаптардың үні сан түрлі екен,сондай-ақ адамдардың дауысы да сан түрлі  болады.Дауысымызды оятып,жаттығу жасайық.

                           Дауыс жаттықтыру: “Күйші бала”

Музыка жетекшісі: Домбырам әуенмен үндес едім

Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң

Өнердің не екенін білмес едім,-деп қасиетті,киелі аспаптың бірі домбыра.

(аспапты көрсете отырып,оның жасалуы,құрылысы жөнінде әңгімелеп беру)

-Домбыра шертпелі аспаптарға жатады.

Ал,балалар сіздер білесіңдер ме,домбыра туралы аңыз бар екен.Соны қазір тыңдап көрейік.

 “Ақсақ құлан” халық күйін тыңдаймыз.

 

-Балалар,ертегі аңыз сізге ұнады ма?

-Аңыз не туралы?

-Кімнің баласы аңға шығады?

-Ханның баласының өлімін кім естіртеді?

-Хан қандай жарлық шығарады?

-Хан күйден қандай сөзді естігендей болады?

-Хан жарлығы орындалады ма?

Жарайсыңдар,балалар!Ендеше домбыра туралы өлең айтайық.

Өлең: “Домбыра”

Көрдіңдерме балалар,домбырамен қуанышты да,қайғыны да тыңдаушыға жеткізуе болады.Ал,қазір домбырамен ойын ойнап жіберейік.Барлығымыз шеңбер құрып отырамыз.

                                   Ойын: “Домбыра”

Музыка жетекшісі:Кезек үшінші топқа да келіп қалды.Ол-асатаяқ тобы.

-Асатаяқ неден жасалған?Таяққа ілінген қандай заттар?Қоңыраулар неден жасалған?Ия,олар күміс,алтын,қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған.Қоңыраулар бір-біріне соғылғанда әдемі үн шығарады.(соғып көрсету.)

-Асатаяқ ұрмалы аспаптарға жатады.

Ал қазір біз сөзжұмбақ шешеміз.

Күй деген-қазақ халқының аспапта орындайтын музыкасы.Күйдің ән сияқты сөзі жоқ болғанымен,белгілі бір тақырыбы,мазмұны болады.Күйді шығаратын,орындайтын адамды-күйші деп атайды.Қазір Ата толғау.Нұрғиса Тілендиевтің күйін тыңдап,қандай аспаптарды естігендеріңді айтып бересіңдер.

 

                                         “Ата толғауы” тыңдау.

(Оркестр суретін көрсету.)Нұрғиса Тілендиев-қазақ халқының атақты композиторы,шебер домбырашы,Отырар сазы оркестрінде көп жылдар бойына дирижер болған.

-Оркестр деген не?Дирижер деген кім?

Музыка жетекшісі:Кезек төртінші топқа жетіп қалды.Бұл топ сыбызғы тобы.

                 Ойын: Бағдаршам”(музыкалық-дидактикалық ойын ойнату.)

Музыка жетекшісі:Жарайсыңдар,балалар!Көптеген ұлттық аспаптарды білесіңдер.Ендеше мен тағы жаңа аспаптармен таныстырайын.

Үскірік,сазсырнай.тайтұяқ,жетіген.(балаларға көрсетіп,таныстыру.)

Музыка жетекшісі:Балалар Баян-Сұлудың әкелген кілемі қандай әдемі.Байқайсыңдар ма.Мұнда көп ою-өрнектер бар екен.Қане,айтып беріңдерші қандай ою-өрнектерді көріп отырсыңдар?Қошқар мүйіз,құс қанаты,сырға,ирек,шаңырақ,тарақ.Балалар,білесіңдер ме,осы оюларды әуенге салып,қимылмен де көрсетуге болады.

Құлап түріп күйге,жаттығамыз биге.(музыкалық ырғақтық қимылдар)

Рефлекстік түзету:Рахмет,балалар!Сендер өте өнерлі екенсіңдер.

-Қандай жаналық алдыңдар?

-Ең ұнаған сәттерің болды ма?

-Қандай жаңа ұлттық аспаптармен таныстық?

-Қандай күйлер тыңдадық?

-Қай досыңды,не үшін мақтай аласың?

-Көңіл—күйлеріңіз қандай?

-Қандай аңыз тыңдадыңдар?

Музыка жетекшісі:Менің көңіл-күйім де өте жақсы.Сау болыңдар!(әуенмен айтады.)

Балалар:Сау болыңыз.(әуенмен айтады.)

Күтілетін нәтежие:

Білу керек:Қазақтың ұлттық аспаптарының тарихын білу.

Білуі тиісті:ұлттық аспаптарды қастерлеу,қадірлеу,сезімдерін ояту,қарапайым ойнау тәсілдерін меңгерту.

Үйрену керек:Ұлттық аспаптардың дауыстарын,түрлерін ажырата алады,орындалу ерекшеліктерін меңгереді.Күйлерді тани алады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *