Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж» МКҚК
Тарих пәнінің оқытушысы РакишеваГазизаГалымбековна
Тарих сабағындығы ғылыми-зерттеу жұмысының орны
Қазіргі әлемдік өркениетте әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес білімділік мақсаттарды стандарттау,білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту үшін,ең алдымен оның жеке түйінді құзыреттілігіне негізделген студенттің дарындылық,ғылыми зерттеу жұмыстарында қабілеттерін анықтай отырып, тәрбиелеу айқындалып отыр.Бүгінгі бала-қоғамның ертеңгі мүшесі. Сондықтан баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы,қыруар уақыт пен тер төгетін,зор еңбекті қажет ететін,ауқымы кең,жауапкершілігі мол жұмыс.Қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеудің түрлерін жедел игеріп,кәсіби шеберлікті ұштап отыру парызымыз.Студенттерге тиянақты да,сапалы білім беру ол ізденіс арқылы,студенттің құштарлығы мен қызығушылығы арқылы,сабақта жаңашылдық әдістерді пайдалану арқылы студенттерді өздігінен еңбек етуге,алған білімін жаңа материялдармен ұштастыра білуге дағдыландыру.Ғылыми жұмыс жазу барысында студенттің бойында ізденіс әрекетін ұйымдастыру,проблеманы тану және оны шеше білу дағдысын қалыптастыру керек.
Тәрбие және зерттеу барысына қойылатын талаптар:
Студенттердің ойлары мен түсініктерін қалыптастыруға көмектесу,оларды ашық айтуға үйрету.
Студенттерді өзінде бар түсініктерді қарама-қайшы құбылыстармен ұштастыру.Алдын-ала болжау,тұспалдау,альтернативті түсінік бере білуге үйрету.Студенттерді зерттеу жұмыстарын еркін және оңаша жағдайда,әсіресе,шағын топтарда талқылау арқылы жүргізуге мүмкіндік беру.
Студенттерге алған мағлұматтарын кеңінен пайдалануға және оларды қолдану мүмкіндігін бағалай білуге мүмкіндік беру.
Жаңа технологияны меңгеру студенттерді интелектуалдық,кәсіптік,рухани,азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзідамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Белгілі психолог Л.С.Выготский:”Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесіғана баланың жеке басының дамуын ілестіре алады”-дейді.Сондықтан оқыту процесі жаңа инновациялық пайдалануға итермелейді.Инновация – деген ұғым латын тілінде жаңарту,жаңалық,өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді.Оның мәні-білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады.Ал инновациялық оқыту дегеніміз-жаңалықты ашу,оны игеру және өмірге енгізу.Қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде білім беру жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырауда.
Оған себеп:ақпараттық технологияның жедел дамуы;
-жаңа типті мектептердің пайда болуы;дарынды балалармен жұмыс істеу бағдарламасының дүниеге келуі;
-балаларды шет елде оқыту мүмкіндігі туды.
Жалпы ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға қабілетті,көбінесе шапшаң,тез ойлайтын,көп көлемде білім меңгеретін,оны ұзақ уақыт ұмытпайтын және олардың түсінігі өте жоғары,сезімтал,ойға алған нәрсесін,алдына қойған мақсатын қалай да болса орындауға тырысатын,адамгершілік сезімі ерте дамыған,моральдік қасиеттерге өте бай қиял күші басым студенттермен жұмыс жасаймыз.Студенттердің тәрбиелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін басты мына мәселелерге тоқталған жөн.
— Әрбір студенттің жеке-дара ерекшеліктерін ескеру;
— Студенттердің қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
— Студенттердің өз бетінше жұмыс істеу,іздену дағдыларын қалыптастыру болып табылады.Қабілетті студенттерді ерте айқындау,оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылатынына бүгінгі таңда ешкім шүбә келтірмейді.Арнайы бағдарда оқыту тәсілінің негізінде зерттеуші студенттерге практикалық көмек көрсету,психо-диагностикасын жүргізу,қабілеттерін зерттеу арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болады.Студенттердің дүниетанымын кеңейту,зерттеушілік қызметке баулу,ізденушілік қасиеттерін жетілдіруге сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор.Үйірме жұмыстарын,студенттердің қай пәнге деген бейімділігін анықтап,конференция,дәстүрлі емес сабақ түрлерін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарын өзін-өзі басқару әдісі бойынша жүргізу керек.
Студенттердің қабілеттерін арттыруда,логикалық ойынпайдалану үшін және зерттеушілік қызметін жандандыру да жаңалық ашуға жетелейтін жолдың бірі-өздігінен тапсырма құрастыру.Тапсырма құрастыруда оңайдан бастап,біртіндеп күрделендіре түскен пайдалы.Бүгінгі таңда жеке тұлға,яғни зерттеушілік тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр.Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатында жетудің тиімдітәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады.Студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында кеңінен соңғы кезде деңгейлеп оқыту дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану өте тиімді. Бұл әдіс педагогика ғылымының докторы,профессор Ж.Қараевтыңтұжырымдамасы негізінде жасалған.
Жалпы студенттердің тәрбиелік және ғылыми зерттеу жұмысындағы жаңашылдықты қалыптастыру үшін зерттеу топтарын құру өзектілігін мынаған саяды:
— біріншіден,студенттердің үрдісін демократияландыру және ізгілендіру.
Бұл студенттің тұлғалық әлеуетін аша түсуге қажетті жағдай туғызыды;
— екіншіден,студенттің оқу және тәрбиелік деңгейін анықтайтын педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту міндеттері;
— үшіншіден,студенттің білімін арттырудағы колледжішілік жүйесінің қажеттілігі. Студенттердің мүмкіндіктерін айқындап,инновациялық тәрбие мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдану саласын және ынталандыру әдістерін анықтау керек.Мұндағы зерттеу қызметішығармашылық ізденіс бағдарламасын жасау,қәзіргі заманғы әдебиеттерді оқып үйренуге,оқыту мен тәрбиелеу нәтижелерін жасау,студенттердің даярлық деңгейін және олардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып даму динамикасын анықтауға мүмкіндік береді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын әдіс– тәсілдері:
1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
2.Арнаулы бір тақырыпта пікрталас тудыру;
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;
4.Әңгімені салыстыру,бөліктерге бөлу,ат қойғызу;
5.Қиялдау арқылы сурет салу;
6.Өлең шумақтарын құрастыру;
7.Мәтін,әңгімені өз бетінше анықтау;
8.Әр түрлі тақырыпта пікірталас,сайыс өткізіп, әсерлерін шығарма етіп жаздыру.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу студенттерді шығармашылыққа баулуға,қиялын ұштауға,өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Сондықтан студенттерді ізденушілікке баулу,оған зерттеу дағдысы мен білігін игеру бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.
«Ғылыми-зерттеу» түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында» «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі»деп түсіндіріледі.Ғылыми-зерттеу тәртібін ғалым А.И.Савенков күрделі психологиялық құбылыс деп түсіндіреді.Ғылыми-зерттеу дарынды балаларды оқытудың негізі деп қарастырады.Онсыз баланың потенциялды қабілетін ашу,дамыту мүмкін емес.Түрлі әдістемелік тәсілдерпайдалану арқылы әртүрлі балалардың ортасынан қабілетіжоғары баланы тауып жұмыс жасап,оның шығармашылық деңгейін бақылау.Ғылыми-зерттеу жұмыспен айналысатын дарынды студентті қалыптастыру үшін жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындап,студенттің ерекше қабілетін ашу,жолдарына бағыт жасау керек.
Міндеттері:
— Студенттің жеке ерекшелігі мен қабілетін зерттеп, зерделеу;
— Шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зерделігін дамуын назарда ұстау;
— Студенттің өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.
Ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек;
1.Тақырыпты қабілетіне қарай таңдау;
2.Аталған тақырыпты ашудағышәкірт еңбегінің сипаты,қосқан жеке үлесі;
3.Шешендік сөз саптауы,сөйлеу мәнері,ойын ұтымды,жағымды жеткізе алуы,өзін ұстауы,аудиторияны тартуы;
4.Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;
5.Жұмыстың көркем безендірілуі;
Студенттің дарындылығын әлеуметтік қажеттігіне сай ғылыми негізінде дамытудың шарттарын анықтап,оны қанағаттандыруда студенттер ұжымының дайындық деңгейінің,дәрежесінің диагностикалық әр кезеңде жүргізу керек,себебі,ғылыми-зерттеу жұмысының екінші,үшінші, кезеңдері осыны міндетті түрде талап етеді,өйткені,бұл студенттердің жас ерекшеліктеріне байланысты.Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын студентті қалыптастыру жолындағы басты мақсат қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастырау болып табылады.
Ғылыми-зерттеу жұмыспен айналысатын дарынды студенттер жұмыс жүргізу үшін тақырыпты талдауға ақыл-кеңестер беріп,ғылыми-зерттеу орындарымен таныстырып,пайдаланатын әдебиеттерді іздестіру жолдарын көрсету керек.Сонан соң тақырыппен жұмыс жүргізу жолдары,архив материалдарын пайдалану,газет журналдар тігінділеріменжүмыс істеу, қариялар аузынан фактілер жинауды ұғындыру қажет.Білім ғана адамды адам етеді,жетілдіреді және сақтайды.Білім таусылмайтын байлық.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары студенттің интеллектуалдық дамуының өсу деңгейн арттырады.Ғылыми сипаттама беруді үйренеді.Ғалымдардың тәжірибесі негізделген материалдарды іздестіріп,танымдық белсенділігін арттырады.Ғылыми еңбектермен жұмыс жасау әдістерін арттырады.Ғылыми жұмыстардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін шешуге шығармашылық белсенділік көрсетіп ғылыми нәтижесін алады.Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады.Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейде көтеретін ұрпақ даярланады.
Студенттердің тиімді ғылыми-зерттеу ізденіс жұмысына осы айтылғандардың беретіні;
А)Ғылыми-зерттеу жұмысы әрдайым ізденіске жетелейді және оны айтылғандардың беретіні;
Ә)Күнделікті ғылыми-зерттеу жұмысына әсер ететін өзіндік білімін жетілдіреді;
Б) Алған білімнің әртүрлі ғылыми-зерттеу жағдайларына пайдалана білуге және ұтымды нәтиже алуға бағыт береді.
Жеке тұлғаның қалыптастырылуын дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып оның еркіндігін белсенділігін қалыптастыра отырып,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу бүгінгі ұстаздың жауапты істері болуы керек.Мұндай бағыттағы шараларды жүзеге асыру үшін жоғарыда айтып кеткендей бүгінгі күн талабы-оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғылыми коммуникациялық желілерге шығу екендігі Қазақстан Республикасының “Білім туралы”заңында белгіленген.
“Халық пен халықты,адам мен адамды теңестіретін білім”-деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай,Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып,бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына бірігудің басты тетігі-білім екендігі анықталады.
Қорыта келе,жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып,сабақты шәкірт жанының ішкі қуатының оянуына ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру,оқу процесінде әрбір студенттің бойындағы жалпы азаматтық құндылықтарды қарым қатнасына түсіру арқылы дамыту және оларды білім, білік,дағдылар негізінде қалыптастыру.Гуманист педагог Я.Корчактың сөзімен айтқанда “Студентті ең алдымен көруге,түсінуге және сүюге үйрету қажет,оқуға үйрету одан кейін келеді”
Шындығында,студенттің білім алу процесіне жеке тұлға ретінде дамуы,қалыптасуы оқу мен тәрбиенің ұштасып,біртұтас процеске айналған жағдайында жүзеге асады.
Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабы,білімді,білікті, өздігінен тығырықтан шығатын жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан, колледж қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Студентке нәтижеге бағытталған білім беруге беруде күтілетін тұлға құзыреттілігін төмендегіше сипаттауға болады;
— Өзінің даралығын сезініп,өзін-өзі дамыта білу;
— Өзінің қызметін бағалай білу;
— Түйіткіл мәселе шешуде ең тиімді жолдарын таба білу;
— Өзалдына мақсат қоя білу;
— Өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу;
— Өз бетінше алынған ақпаратты таңдай білу;
— Түрлі өмірлік жағдайларында пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі.
[bws_related_posts]
Ілмекбаяндама ғылыми-зерттеу жұмысының орны қазақша мақала тарих сабағында