Басы » Баяндамалар » Мектеп тәжірибесі өзгерістерін бастар алдындағы сәттегі оның жай-күйі. Мектебім өзгерістерді неден бастауы керек?

Мектеп тәжірибесі өзгерістерін бастар алдындағы сәттегі оның жай-күйі. Мектебім өзгерістерді неден бастауы керек?

danirovaОңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы
Даниярова Салтанат Қарсыбайқызы ағылшын тілі мұғалімі, директордың бейінді оқыту жөніндегі орнбасары

Мектеп тәжірибесі өзгерістерін бастар алдындағы сәттегі оның жай-күйі. Мектебім өзгерістерді неден бастауы керек?

      Мен еңбек ететін Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы 1972 жылы пайдаланылуға берілген. Мектеп 3 қабатты, 800 орынға лайықтап салынған, бірақ бүгінгі күні 956 оқушы білім алуда. Мектепте 44 сынып комплектісі бар, әр сыныпта 20-дан астам оқушы білім алады.  Мектептің сапалық құрамын 147 мұғалім құрайды. Оның ішінде жоғары санатты мұғалім 27, бірінші санатты 38, екінші санатты 33, санатсызы 48 мұғалім. Мектеп екі ауысымда жұмыс жасайды.

      Мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде мектеп директоры және әкімшілік мүшелерімен мектептің бастапқы ахуалын анықтау мақсатында  сұхбат жүргіздім. Сұхбатымыздың мақсаты мектептің бүгінгі жай-күйін анықтап, өзгеріс ендіру болды. Мектебіміздің күн тәртібінде  тұрған мәселелерді ортаға  салдық.   Мектеп мұғалімдеріне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда, білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты әдістемелік көмек беру қажеттігін ортаға салып, шешу жолдарын қарастырдық. Міне, осы мәселелер арқылы мектебіміздің қазіргі ахуалын біршама анықтадым.

C:\Users\Салтант\Desktop\Фото  жалпы\Ұжым мен әкімшілік\S1270122.JPG

 

      Сонымен бірге мектептің ахуалын шынайы анықтау мақсатында ұжым мүшелерінен, оқушылардан, ата-аналардан сауалнамалар алдық. Сабақтарға еніп, бақылап, қадағаладым. Сауалнамалар алуға мектеп психологы көмек көрсетті. Мұғалімдерге арналған сауалнамалардың мазмұны зерттеу мен рефлексия жүргізу, жоспарлау үдерісі және бірлесе жоспарлау, кәсібилікті жетілдіру,үйлестіру мен көшбасшылық мәселелерін қамтыды.

Сауалнама  бөлімдері

Сирек

Кейде

Жиі

Әрқашан

1

Зерттеу және рефлексия

16

20

14

2

Жоспарлау

13

25

12

———

3

Қатыстырылуы

23

24

3

———

4

Қызметкерлерді  дамыту

14

36

———

5

Үйлестіру

34

16

———

6

Көшбасшылық

29

21

———

———

      Ұжым мүшелерінен алынған сауалнаманың қорытындысы төмендегідей болды. Сауалнама нәтижесі біздің мектепте мұғалімдердің зерттеу жүргізуі мен рефлексия жасауы өте төмен дәрежеде екенін, ал, бірге жоспарлау орта деңгейде жүргізілетіндігін, яғни тек күнтізбелік жоспарлар жасағанда ғана бір-бірімен бірлесіп жұмыс жасайтыны анықталды. Мұғалімдердің мектеп өміріне қатыстырылуы да көңіл алаңдатарлық жағдайда болып шықты. Қызметкерлерді дамыту кестеге сай жүргізіледі, сонда да жетілдіру жұмыстарын дұрыс жолға қою қажеттігі анықталды. Үйлестіру жұмыстары мен көшбасшылық та дұрыс жолға қойылмағандығы анықталды. Сауалнаманың қорытындысын талдағанда мектепте жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша бірнеше мәселені яғни, басымдық етіп алуға  болатындығын байқадым. Мұғалімнің біліктілігін арттыру мәселесін де мектепті дамыту жоспарының  басымдығы етіп алуыма болады екен -ау деген ой келді.

      Сондай-ақ оқушылардан алынған сауалнамалар төмендегі мәселелерді қамтыды:

Сауалнама мазмұны

Иә

Жоқ

1

Мектепте қалыптасқан жағдай оқушының оқуға  деген ниетін қанағаттандыра ма?

50 %

50%

2

Мұғалімдер сабақтарында түрлі тәсілдер қолдана ма?

50%

50%

3

Мұғалімдер мәселені оқушылармен талқылауға уақыт бөле ме?

50%

50%

4

Оқушыға өз ойын еркін айтуға мүмкіндік бере ме?

50%

50%

5

Сыныптағы оқу үдерісі оқушылардың жауапкершілік алып, басқаларға ықпал ету қабілетін дамыта ма?

50%

50%

 

C:\Users\Салтант\Desktop\Фото  жалпы\қорытынды\DSC_0015.JPG

      Оқушылардың сауалнамаға берген жауаптарын талдап нәтижесін шығарғанда оқушылардың арасында екі түрлі көзқарас  бар екенін анықтадым.  Кейбір оқушылардың мектептегі қалыптасқан жағдайға көңілі толады екен. Сонымен бірге мұғалімдер  сабақтарында  жаңа әдіс –тәсілдерді кейде пайдаланатындығын білдім. Бірақ  та оқушыға өз ойын еркін айтуға мүмкіндік берілмейді немесе оқушылар ойларын білдіруге  тырыспайтын сияқты.

      Ал, кейбір оқушылардың пікірі басқаша болды. Бірнеше сауалнама талдауы  оқушылардың мектеп өміріне қатыстырылмайтынын, мұғалімдердің сабақтарында  әдіс- тәсілдерді сирек қолданатынын, оқушыға өз ойын еркін  айтқызбайтынын, оқушыларға кері байланыс ұсынылмайтындығын және мұғалімдер зерттеу әрекетімен шұғылданбайтынын анықтап берді.

      Яғни, оқушылар арасында әртүрлі көзқарастар бар екен. Сонымен сауалнамалар мен сұхбаттардың талдауы мен нәтижесін қорытындылай келіп, олар игі қабылдайтындар мен немқұрайды қарайтындар санатына жатады екен деп шештім. Сонымен қатар мен осы мектепте жұмыс жасап жүргеніме биыл жиырма жыл толып отыр. Бұл мектеп мұғалімдері мен оқушылары жайлы көп мәлімет білемін деген сөзім. Себебі сынып жетекшісі, пән мұғалімі одан қалды директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары бола жүріп, мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен түрлі бағытта жұмыстар жүргізіп, психологпен бірге сауалнамалар алып, көзім жеткен жайы бар. Соңғы жылдарда оқушылардың бейінін анықтау үшін жүргізген жұмыстарымда көзім анық жетті. Яғни, оқушыларды осы екі санатқа бөліп қарастырғым келеді.  Себебі, оқушылардың бойынан осы екі санатқа тән қасиеттерді байқап жүрмін. Мысалы мамандық таңдауда болашағын ойламайтын оқушылар бар. Оқушыларымыздың ықпал ететіндер санатына сәйкес болуы үшін, ең алдымен мұғалімдер құзырлы болуы және табысты оқытуы тиіс деп ойлаймын.

      Сондай-ақ ата-аналардан алынған сауалнамалар да мектептің қазіргі ахуалын анықтауға септігін тигізді.

 

Сауалнама мазмұны

Иә

Жоқ

1

Мектепте қалыптасқан жағдай оқыту үдерісіне қолдау  жасай ма?

50 %

50%

2

Мектептің қазіргі ахуалы (білім сапасы) сізді қанағаттандыра ма?

50%

50%

3

Мектебімізде қалыптасқан   оқыту тәсілдері сізді   қанағаттандыра ма?

50%

50%

4

Оқыту мен оқуды жақсарту үшін  ата-аналардың пікірі тыңдала ма?

50%

50%

5

Мектеп жүйесіне өзгеріс ендіру қажет пе ?

50%

50%

C:\Users\Салтант\Desktop\Фото  жалпы\қорытынды\DSC_0029.JPG

      Ата-аналарға арналған сауалнамалардың жауабын өңдеу  барысында мынадай тұжырымға келдім. Яғни, мен еңбек ететін мектептің ата-аналарының пікірлері де екі ұдай екен. Кейбіреулері мектептің білім беруі мен балаларының болашағы үшін көп ойлана бермейді екен. Ал, енді өз баласының ертеңін ойлаған және заман талабын түсінген ата-аналар да болды. Олар мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс болғанын, мектеп жүйесінде болып жатқан өзгерістермен таныс болғылары келетінін білдірді.

      Ал, мұғалімдерден төмендегі мәтінде сауалнама алдық.

 

Сауалнама мазмұны

Иә

Жоқ

1

Мұғалімдер білім алушылар ма?

60%

40%

2

Мұғалімдер сабақтарында түрлі тәсілдер қолдана ма?

70%

30%

3

Мұғалімдер проблемаларды зерттей ме?

40%

60%

4

Мұғалімдер мәселені оқушылармен талқылауға уақытбөле ме?

40%

60%

5

Оқушыға өз ойын еркін айтуға мүмкіндік бересіз бе?

40%

60%

6

Мұғалімдер кері байланыс ұсына ма?

25%

75%

 

C:\Users\Салтант\Desktop\Фото  жалпы\Ұжым мен әкімшілік\Фото0690.jpg

 

      Мұғалімдерден сауалнамалар мен сұхбаттар арқылы оқу үдерісі жайлы пікірлері мен көзқарастарын білдім. Олардың пікірінше мектепте білім алушылардың ниеті толық қанағаттандырылмайтындығын, көшбасшы команда мүшелері және мұғалімдер өздерін білім алушылар  емес тек білім берушілер деп санайтындығын анықтадым. Сонымен қатар сыныптарда орнаған жұмыс тәжірибесі оқыту тең дәрежеде эмоционалдық, әлеуметтік  және танымдық үдеріс болып табылатындығын ескермейтіндіктерін сыныптағы оқу үдерісі оқушылардың өздеріне жауапкершілік алып, басқаларға ықпал ету қабілетін дамытуға әсер етпейтіндігін анықтауға көмектесті. Оқушылармен жұмыс тиімділігін арттыратын кері байланыс ұсынылмайтындығын, мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерін сыни бағаламайтындығын және көшбасшылық пен оқыту арасындағы өзара байланыс орнату мақсатында жүйелі зерттеулерге қатыспайтындығын   анықтадым. Мектебіміздің білімді қолдану және тарату әдістерін берілген нұсқаулық бойынша талдап сараласам, мектебімізде жеке автономияның жоғары деңгейде көрінетіндігін анықтадым. Мұғалімдер өз  тәжірибесін және кәсіби қуатын өз сыныбы шегінде, өз оқушыларымен қарым-қатынас жасаумен шектеп, өзінің жетістіктері мен ресурстарын қызғанышпен қорғайды. Егер даму өз сыныбының мүдделеріне жауап бермесе немесе оқыту мен оқуға тікелей қатысты болмаса,мұғалімдер мектепті дамыту үдерісінен шеттейді. Міне, сондықтан мектепте кәсіби қоғамдастық құру кезек күтірмейтін мәселе болып тұр. Менің бірінші деңгей тыңдаушысы ретіндегі мақсат-міндеттерімнің бірі қоғамдастық құрып,мұғалімдердің білім мен инновациялар алмасуына ықпал жасау.

      Осылайша сауалнама қорытындысы бойынша мектеп-гимназиямызда бірнеше проблемалар айқындалды. Олардың ішінен мен оқушыларымыздың білім сапасын көтеру мақсатын басымдық етіп алуды да қарастырдым. Себебі мектебіміз гимназия бола тұра жетістіктеріміз көңіл көншітпейді. Оқушыларымыз пән олимпиадаларында тек аудан көлемінде ғана көрсеткіш көрсетуде. Ал, ғылыми жұмыстар мүлдем мардымсыз. Ал, мектеп оқушыларының білім сапасының жоғары болуы мұғалімдердің білім беру сапасына, мұғалімдердің педагогикалық стратегиялар ауқымы мен оларды іске асыру жолдарын біріктіру қабілетіне, оларды тиімді пайдалану жөніндегі біліміне тікелей байланысты.  Жалпы мектеп-гимназиямыздың аудан мектептері арасында ықпалы, абыройы жақсы деңгейде. Мысалы мектеп-гимназиямыз биылғы оқу жылы соңында өткен ҰБТ көрсеткіші бойынша аудан  көлемінде алдыңғы үштік қатарында болды. Бірақ бұл  көңіл толып, тоқмейілситін жағдай емес. Себебі мектеп-гимназия деген атына заты сай болуы керек деп ойлаймын. Мектеп-гимназиямыздың  педагог қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі әртүрлі деңгейде екендігі шүбәсіз.  Олардың көпшілігінің жаңалыққа деген қызығушылықтары  жоғары  және  білсем, үйренсем деген ұмтылыстары көңіл қуантарлық. Бұл менің тәжірибемді өткізуге, желілік қоғамдастық құруға, жұмыс істейтін қолайлы орта дайындауға көп көмегін тигізеді. Сауалнама нәтижелеріне сүйеніп және мектебіміздің білімді қолдану және тарату әдістерін берілген нұсқаулық бойынша талдап сараласам, мектебімізде жеке автономияның жоғары деңгейде көрінетіндігін анықтадым. Мұғалімдер өз  тәжірибесін және кәсіби қуатын өз сыныбы шегінде, өз оқушыларымен қарым-қатынас жасаумен шектеп, өзінің жетістіктері мен ресурстарын қызғанышпен қорғайды. Егер даму өз сыныбының мүдделеріне жауап бермесе немесе оқыту мен оқуға тікелей қатысты болмаса,мұғалімдер мектепті дамыту үдерісінен шеттейді. Міне, сондықтан мектепте кәсіби қоғамдастық құру кезек күтірмейтін мәселе болып тұр. Менің бірінші деңгей тыңдаушысы ретіндегі мақсат-міндеттерімнің бірі қоғамдастық құрып, мұғалімдердің білім мен инновациялар алмасуына ықпал жасау.

      Ал, енді осы қарастырылған мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында мектептің өндірістік жоспарына талдау жасап, жоспарда көрсетілген мақсаттар қандай және шешім қабылдауда мектептің бүкіл персоналы ынтымақтаса жұмыс жасайды ма, оқушылар мен ата-аналардың пікірі назарға алына ма деген сұрақтардың жауабын анықтауға тырысамын.

      Ал, енді  осы мектептің өндірістік жоспарының мақсатын талдау үшін, осы үш айда үйренген деңгейлі бағдарламаның тигізер пайдасы мол болады. Мектебімнің өндірістік жоспарын талдағанда ұққаным мақсаты айқын және қолжетімді деп айта алмаймын. Негізінен бұл жоспарда мектептің жалпы бір жылда атқарылатын іс-шаралары қарастырылған. Бүгінгі таңда мектептерде білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу – білім реформасының жүзеге асуының басты шарты болып табылады.

      Мектеп-гимназиямыздың биылғы оқу жылына арналған өндірістік жоспарының мақсаты:  Білім саласындағы инновацияны тәжірибеге ендіру арқылы адамгершілігі мол, шығармашылық қабілеті жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру.

      Мектептің өндірістік жоспары осы мақсатты негізге алып, бір жылға арнап жасалған. Ұжымда талқыланып, бекітілген.

      Міндеттері:

1.ҚР «Білім туралы» Заңын жүзеге  асыру.

2.ҚР Білім беру стандартына сәйкес білім беру.

3.Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

4. ҚР «Тіл туралы» Заңын жүзеге  асыру.

5. Тәрбие берудің 2011-2020 жылға дейінгі кешенді тұжырымдамасын

іске асыру.

      Мектеп ұжымының тақырыбы:

«Педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдерді оқушылардың танымдық деңгейін дамыту негізінде пайдалану».

Мектептің өндірістік жоспары тоғыз бөлімнен тұрады:

—  2012-2013 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінің қорытындысы және 2013-2014 оқу жылының міндеттері;

-Жалпыға бірдей орта білім беруді іске асыру әрекетін ұйымдастыру;

-Педагог кадрлармен жұмыс жүйесі. Әдістемелік жұмыс. Педагогикалық біліктілік пен шеберлікті арттыру;

-Білім беру үрдісін жетілдіруге бағытталған педагогикалық ұжымның

іс-әрекеті;

-Тәрбие жұмысының жүйесін құру жөніндегі педагогикалық ұжымның іс-әрекеті;

-Гимназияны басқару.Ата-аналармен жұмыс;

-Мектепішілік бақылау жүйесі. Әкімшілік бақылау әрекеті;

-Мектептің оқу материалдық базасын нығайту және жаңа оқу жылына

әзірлік жұмыстары;

-Ұйымдастырушылық іс-шаралар.

      Мектептің өндірістік жоспары осы тараулар бойынша атқарылатын жұмыс жоспарын құрайды. Педагогикалық кеңесте бекітілместен бұрын сала бойынша тиісті мамандардың талқылауы мен талдауынан өтеді. Барлық сала бойынша жұмыс жоспарлары қоса тігіледі. Мектептің әкімшілік құрамы, озық тәжірибелі мұғалімдері жоспарлауға қатысады. Бұл жерде барлық сала мамандары мен тәжірибелі мұғалімдердің талап- тілектері есепке алынып, жоспарға түзетулер ендіріледі. Жоспарлау кең ауқымды үдеріс, бекітілмес бұрын әдістемелік кеңестерде, директор жанындағы кеңесте талқыланады және өзгерістер енгізіледі.

      Ал, енді мектептің өндірістік  жоспарын жоспарлауға  қатысушылар кімдер?  Әрине,  мектеп ұжымының мүшелері. Бұл дегеніміз мектеп өз іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы оқушылар мен ата-аналардың пікірлерін назарға  ала ма деген сұрақ туындауының кепілі. Басқа кімдерді қатыстыруға болады? Ата-аналар мен оқушыларды  және басқа да мүдделі  тараптарды да тартуға болады. Сол кезде мектеп жүйесінің дамуына қол жеткізуге болады.

      Мектепте ата-аналар жиналысы жоспарға сай және кезектен тыс та өтіп тұрады. Сынып оқушыларының жиналысы тоқсан сайын өткізіледі. Егерде мәселелер туындап жатса, мектептің жалпы ата-аналар жиналысында қаралып, шешімін табады. Мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы сайланған, төрағаның атқаратын қызметі маңызды. Мектеп әкімшілігімен тығыз байланыста жұмыс жасайды, бірақ маңызды жоспарлауға қатыспайды.

      Мектепте озат тәжірибелі мұғалімдерден шығармашылық топ құрылған.

Шығармашылық топтың 30 шақты мүшесі бар. Әдістемелік бірлестіктер әрбір пән бойынша жұмыс жасайды. Шығармашылықпен айналысатын мұғалімдердің тақырыптары бар. Сол тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді (формальды түрде), баяндамалар жазады, нәтижелерін пән әдістемелік бірлестіктерінде талдап, талқылап таратады. Мектебімізде аудан, обылыс көлемінде тәжірибелерін таратқан мұғалімдер де бар. Республика, облыс, аудан көлемінде білім саласындағы газет-журналдарда шығармашылық еңбектері, ашық сабақтары жарияланған мұғалімдер де бар.

      Мектепте әрбір пән және сала бойынша апталықтар, онкүндіктер, оқыту семинарлары, практикалық семинарлар, ғылыми конференциялар  жоспарлы түрде өтіп тұрады. Мұғалімдер бір-бірінің сабағына еніп тәжірибе алмасады, тиісті сала меңгерушілері де сабақтардың өтілу сапасын, жоспарлануын, озат тәжірибені ендіруін  бақылау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізеді. Сонымен бірге мұғалімдердің еңбек өнімділігін арттыру мақсатында мәдени іс-шаралар өткізіледі.

      Оқушылармен де жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Жас ұлан, Өркен, Болашақ ұйымдары жұмыс жүргізеді. Оқушыларды өзін-өзі басқаруға дағдыландыру мақсатында «Азамат» клубы ұйымдастырылған. Осы клуб аясында пікірсайыстар, дөңгелек үстелдер, көңілді тапқырлар клубының кештері жоспарға сай өткізіліп тұрады. Есебімнің басында айтқанымдай мектеп оқушыларымыздың арасында игі қабылдайтын оқушылар бар, сол оқушыларды ықпал ететін оқушылар деңгейіне және мұғалімдер қауымын білімді тереңдетуші және дараландырушы мәртебесіне жеткізу үшін өзгерісті неден бастауым керек?

      Ең алдымен мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай жасау керек. Мұғалімдердің кәсіби өсуіне, іс-тәжірибесін жетілдіруіне оқушы үнінің тигізетін ықпалы орасан екеніне осы бағдарламамен жете танысып, меңгергеннен кейін көзім жетті. Осы бағдарлама аясында  желілік қоғамдастық құру, коучинг және тәлімгерлік үдерістерін ендіру арқылы өзгерістерді іс-жүзіне асыруға болады. Көшбасшы ретінде мұғалімдер құзырлы болып, құзіретті оқушылар дайындауы үшін нені өзгертер едім? Коучинг үдерісі мен тәлімгерлік үдерісін мектепке ендіріп, қоғамдастық құрып, мұғалімдер көшбасшылығын дамытуға күш саламын. Желілік қоғамдастықты тек мектеп ішінде ғана емес аудан мектептері арасында құрып, оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлауға, жүзеге асыру және мониторингін жүргізуге көшбасшы ретінде ұйымдастыру, басқару жұмыстарын қолға аламын. Коуч мұғалімдердің көмегімен  коучинг және тәлімгерлік  жүргізіп, жаңа білім беру  бағдарламасын мектебімізге ендіруге ықпал етемін. Бағдарламаның негізгі идеясы мен мазмұны болып табылатын жеті қуатты педагогикалық құралдарды сабақтарға ендіру үшін қызмет атқаратын коуч мұғалімдерге тәлімгерлік жасаймын. Сол қуатты педагогикалық құралдардың бірін мектебіміздің даму жоспарының басымдығы етіп, сол модуль арқылы оқушыларымыздың ықпал ететіндер санатына сәйкес болуы үшін әрекет етемін. Мектебіміздің даму басымдығын анықтағанда оқушылардың білім сапасын көтеруді мақсат еттім. Білім сапасын көтеру үшін алдымен оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру қажет деп ойлаймын. Сондықтан мен мектепті дамыту жоспарымның басымдығы етіп сыни ойлау модулін таңдадым. Мектепті дамыту жоспарының тақырыбын  «Оқушылардың сыни  ойлау дағдыларын дамыту негізінде оқу белсенділіктерін арттыру» деп алдым.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.- Астана,2007.

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық Бірінші (ілгері) деңгей. «НЗМ» ДББҰ, 2012

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *