Алматы облысы
Райымбек ауданы
Көксай орта мектебі
Мұқаева Назым Мышанқызы Көксай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі .
Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісі.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгеріп , әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп,көріністер қойып, тыңдаушының жанын қозғап әңгімелеуге дағдыландыру, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып , ой қорыту , оқушының ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
3.Тәрбиелік: Адал достыққа ,қайырымдылыққа, адамгершілікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жалпылау және қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: пікір алмасу,өз ойын әңгімелеу, іздену, сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақ тілі өз тілім, ана тілім,
Абай ,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым дара тілім.
Міне, балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр.Олай болса сөздің басы сәлем дейді. Сондықтан қонақтарға амандасып, сабағымызды бастайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз!
Біздің ұранымыз: Таудай биік талабым,
Оқып білім аламын!
Ендеше сабағымыздың негізгі бөліміне көшейік.
а) Конфет түрлерін тарата отырып сыныпты үш топқа бөлемін.
б) Өткен білімді еске түсіру.
в) 3 топқа жұмбақ тарату, жауабын үш тілде айту.
1-топ.Өзі сондай қу, жүрген жері айқай шу. (түлкі, лиса,fox)
2-топ. Маң-маң басқан, шудаларын шаң басқан. (түйе, верблюд camel )
3-топ.Қыста ақ тон киемін, сәбізді сондай сүйемін. (қоян, заяц,rabbit)
г) 3 топқа үш сөз беру. Сол сөздерді қатыстыра отырып мақал айту.
1-топ. Ана.
2-топ. Тіл.
3-топ. Білім.
д) 3 топқа жаңылтпаш айтқызу.
1-топ. Дәу тау болады,тау дәу болады.
2-топ.Шүрегей сүңгігіш пе, сүңгуір сүңгігіш пе?
3-топ. Аңқау жалқауды жалқаусын дейді,
Жалқау аңқауды аңқаусын дейді.
Ендігі кезек ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі ертегілер еліне саяхат жасайық.
Қазір «Ер Төстік» ертегісі бойынша топтық жұмыс жасаймыз.
1-тапсырма. Әр топ өздеріне берілген бөлім бойынша ертегіні әңгімелейді.
1-топ. Ер Төстіктің өмірге келуі.
2-топ.Төстіктің ағаларын іздеп шығуы.
3-топ. Ерназардың тоғыз ұлды үйлендіруі.
2-тапсырма. Әр топ өздеріне берілген кейіпкерлерге сипаттама беру.
1-топ. Ер Төстікке
2-топ.Кенжекейге
3-топ. Шалқұйрыққа сипаттама береді.
3- тапсырма Оқушылар әңгімелеген бөлімдерінің мазмұнын өлеңге айналдырады.
1-топ. ————————— бопты,
——————————бопты.
——————————келіпті,
——————————- толыпты.
2-топ. —————————— шығады,
——————————-қуады.
——————————— тапқан соң,
———————————той қылады.
3-топ.———————————іздейді,
———————————-көздейді.
———————————қайтады,
——————————-үзбейді.
4-тапсырма. Әңгімелеген бөлімдері бойынша рөльдік ойын көрсетеді.
5-тапсырма .Тест сұрақтарына жауап береді.
1. «Ер Төстік» қандай ертегіге жатады?
а) Жан-жануар ертегісі в)шыншыл ертегі д)қиял ғажайып ертегі
2.Ерназардың неше ұлы болады? Бір жылы не болады?
а) 7, той болады в)8 ,жұт болады. д) 9 ,айт болады
3.Шаңырақтың күлдіреуішінде нені көреді?
а) кер биенің төсін в) кер биенің жауырынын д) кер биенің сүтін
4.Төстік қандай құсты қуып жүргенде өрмекті үзіп кетеді?
а) торғай в) қарлығаш д) тарғақ
5.Шешесіне шындықты айтқызу үшін қандай айла қолданады?
а) қолына ыстық арпа салады в) қолына ыстық бидай салады
д) қолына ыстық нан салады
Оқушының білімін бағалау:
Үйге тапсырма беру: Ертегінің келесі бөлімдерін оқып келу.