Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы,
Ататүрік атындағы №4 мектеп – лицейінің математика пәні мұғалімі Дүйсенбиева Н.О.
«XXI ғасыр көшбасшысы»
зияткерлік сайысының сценарийі.
Мақсаты:
Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Қазіргі ғылыми білім негізінде дүние жүзінің өркениет құндылықтармен қарулануға ниеттерін қалыптастыру. Оқушылардың жан-жақты білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар,құрметті Егеменді еліміздің ертеңгі тізгініне ие болатын жастар, ел алдында ең ауыр да қымбат, қиын да қасиетті жүкті арқалап келе жатқан ардақты ұстаздар!
«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – демекші білім ордамызда өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. «XXI ғасыр көшбасшысы» дегенде ойымызға ХІХ ғасыр көшбасшысы — Абай Құнанбаев оралады.Ол өз заманының дана да дара перзенті болғандықтан,оны ұрпақтары «көшбасшысы» деп атаған екен.Демек, «XXI ғасыр көшбасшысы» деген атқа лайық болу үшінАбайдай болу керек.Олай болса,білім додасына түскелі отырған ең білімді де талантты оқушыларды қарсы алайық.Олар: Сайыскерлермен танысайық
1. Махамбет Арайлым – келешекте шәкірттеріне білім беріп,білімі мол білікті ұстаз болуды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
2.Уразбай Карина – келешекте журналстика мамандығын таңдап,білімі мол, білікті тілші болуды армандайды.
3.Асқарұлы Рахымжан – Медицина саласындағы стамотология мамандығын таңдап адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді
4.Муратова Нуриса – келешекте ұшқыш маманын таңдап , аспан әлемін зерттейтін маман иесі болуды армандайды.
5. Амалбекова Арайлым – болашақта адам жанының арашашысы тіс дәрігер болғысы келеді
келешекте автомеханика мамандығын бітіріп,еліне өз пайдамды тигізсем деп армандайды.
6.Өтеген Шапағат–медицина саласында ақ халатты абзал жандардың қатарындағы білікті нейрохирург дәрігері болғысы келеді
7.Қалдарбек Нұрдос – болашақта Қазақстанның қара алтынын игеруде мұнай инженері болғысы келеді, білімін шет елдерде жетілдіруді армандайды.
8. Төлегенова Ләззәт — келешекте стандарттау және сертификаттау саласында қызмет атқаруды ұнатады.
Сайыс барысындағы бөлімдерді сараптап, баға беріп, ойыншылардың ұпай санын есептеп отыратын әділқазылар алқасымен танысайық.
1. _________________________________________________
2.__________________________________________________
3.__________________________________________________
4._________________________________________________
Ойынымыздың бірінші кезеңі – БӘЙГЕ деп аталады.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз – дей отырып, құрметті сайыскерлер барлықтарыңызға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастайық.
ШАРТЫ:
1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 20 сұрақ беріледі
2. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген оқушы айтады.
3.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
4. “Бәйге” айналымда аз ұпай жинаған үш оқушы ойыннан шығады
Сұрақтары:
1.ҚР-ның Тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991жылы,16 желтоқсан)
2.Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға?
Жауабы : Президент
3.Еліміздегі ең биік тау шыңы? Жауабы : Хан тәңірі
4. 1992 жылы 20 қыркүйекте дүниежүзі қазақтары үшін қандай атаулы күн болды?
Жауабы : Дүниежүзі қазақтарының құрылтайының салтанатты мәжілісі болды.
5.Ең үлкен уақыт өлшемі? Жауабы : ғасыр
6. «Оян,қазақ!» өлеңінің авторы кім?
Жауабы : А. Байтұрсынов
7. Грек тіліндегі «Ион» деген сөздің мағынасы нені білдіреді?
Жауабы : «кезбе» деген сөзді білдіреді.
8. Қобыланды батыр қай ханның билік құрғантұсында өмір сүрген?
Жауабы : Әбілхайыр ханның
9. Заттардың сумен алмасу реакциясын не деп атайды? Жауабы: Гидролиз
10. Картоптың отаны? Жауабы: Оңт. Америка
11. Шоқан Уәлихановтың шын есімі? Жауабы: Мұхаммедханафия
12. Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаев қай жылы туған? Жауабы: 1845 Ж
13. Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым? Жауабы: Биология
14. «Менің атым Қожа» повестінің авторы кім? Жауабы : Бердібек Соқпақбаев
15. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал? Жауабы: Компас
16. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қай жылы шықты? Жауабы: 1978 ж
17. Әр адамның шағын отаны Жауабы :Жанұя
18. «Сөз құрамын» , «Сөз таптарын» зерттейтін сала? Жауабы : Морфология
19. Ақмола қаласы қай жылы Астана қаласы деп аталды? Жауабы: 1998ж
20.Дұрыс үшбұрыштардың бір бұрышы неше градусқа тең? Жауабы: 600
Жүргізуші: Міне «Бәйге» турымызда аяқталды. Енді әділ қазылар шешімі бойынша ұпайы аз үш оқушымен қоштасамыз. Сіздерге көп-көп рахмет.
Келесі турымыз «ДОДА»
Шарты
1. Бұл сайыста 5 ойыншыға мына экрандағы 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.
2. Ойыншылар кезегімен екі тақырыптан таңдайды.
3. Алғашқы екі тақырып ашылып болған соң сараптама жүргізіледі.
4. Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.
5. 4 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы көп екі ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.
І. ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША
Химия — 20
“Көп” сөзінің антониміне тілсіз жауды тіркесе, көз алдында өзгеремін
Қажетті тыңайтқышқа айналып.
Аз-от- азот
Химия – 30
Өзі жылтыр күмістей
Жұмсақтығы тағы бар
Жеңілдігін ескерсең
Пайдаланар жері табылар.
Алюминий
Химия – 40
Александр Македонскийдің Үндістанға сапары кезінде оның әскерлері іш ауруымен ауырғанда,офицерлер ауырмаған.Сусыны,тамағы бәрінің де бірдей,бірақ ыдыстары металдан жасалған? Ол қандай металл? Жауабы: Офицерлердің ыдыстары күмістен жасалған,ал күмістің бактерицидтік қасиеті бар.
Химия – 50
Қай ғалым сыйлық ретінде 1 грамм металл алған?
1921 жылы М.Кюриге радийдің 1 грамы сыйға тартылған
ІІ. БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША
Биология – 20
Тұқым қуалау қасиетін сақтайтын жіп, таяқша тәрізді түзіліс.
Хромосома
Биология – 30
Жасушаның құрылысы мен оның құрамын жаңартуға себеп болатын реакциялар жиынтығы.
Ассимиляция мен анаболизм
Биология – 40
Нәруыз молекуласының құрылымы туралы ақпараты бар ДНҚ-ның шағын бөлігі.
Ген
Биология – 50
“Орақ пішінді” анемияның пайда болу себептерін ашқан ғалым.
К.Полинг
ІІІ. МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША
Математика – 20
Координаталық жүйені енгізген ғалым?
Рене Декарт
Математика -30
Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі бұрышы 1100-қа тең, қалған екі бұрышы неше градусқа тең?
350
Математика – 40
Ұшбұрыштың қабырғаларын табу үшін қандай формуланы қолданады?
Герон формуласы
Математика – 50
Профессор атағын алған әлемдегі тұңғыш әйел,орыс математигі кім?
Софья Ковалевская
ІҮ. ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША
Физика – 20
Электр заряды жоқ бөлшек?
Нейтрон
Физика – 30
Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған.Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған.Физикаға «Электр тогы» ұғымын енгізген ғалым?
Ампер
Физика – 40
Миллиондаған градус температурада жүзеге асатын ядролық бірігу реакциясы?
термоядролық реакция
физика – 50
“Өз жерінің қара тасын білмеген, бөгде жердің алтынын да мақтап жарытпас”. Қай ғалымның сөзі? Қ.Сәтпаев
Ү. ТАРИХ ПӘНІ БОЙЫНША
Тарих – 20
Қазақстандық студенттердің шетелдік оқу орнына білім алуына мүмкіндік берген бағдарлама?
Болашақ
Тарих – 30
«Көшпенділер» трилогиясының авторы кім?
Ілияс Есенберлин
Тарих — 40
Саяси қарсылықтарға қарсы қолданатын саяси бақылау ,қадағалау,заңсыз түртпектеу саясаты қалай аталады?
Қуғын –сүргін,репрессия
Тарих – 50
Қазақ хандығының (1456ж) негізін салушы хан ?
Керей
Жүргізуші: Міне біздің екінші турымызда аяқталды. Енді сайыскерлеріміздің ұпайын білейік.
III – тур «ЖОРҒА»
Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деге нарталас,
Жеңілемін деп ойлама!- Бұл бөлімде уақыт бойынша,яғни 1 минутта берілген сұрақтарға тез жауап беру керек.
І – НҰСҚА
- Сиырдың пірі (Зеңгі баба)
- Жылдан құр қалған жануар ( Түйе)
- Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін сан? ( Масштаб )
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (Қазақ)
- Басты байлық (Денсаулық )
- Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға? (Президент)
- Қара алтын (Мұнай )
- Ұя салмайтын құс? (Көкек )
- Бір жылда неше ай? ( 12)
- Кел балалар оқылық? ( Ы.Алтынсарин)
- Абайдың әкесі ? ( Құнанбай )
- Қорқыттан кейінгі қобызшы? (Ықылас)
- Тарихтың атасы ( Геродот)
- Құйрығы — балық,басы — адам қыз? ( Су перісі)
- Жер бетінің қағазға кішірейтілген суреті ? ( Карта)
- Заттың сынын білдіретін сөз табы? ( Сын есім)
- 9 мамыр қандай күн ? ( Жеңіс күні)
- Жаңа туылған балаға ат қойып,оны алғаш бесікке бөлеу салты? (Бесік той)
- Күйді орындаушы адам? (Күйші)
- Ақан Серінің тұлпары? ( Құлагер)
ІІ – НҰСҚА
- 1. Түйенің пірі ( Ойсыл қара )
- 2. Жыл басы не? ( Тышқан)
- Жер бетінің борпылдақ жұмсақ қабаты? (Топырақ)
- 4. Қазақстан Республикасының ұлтаралық тілі? (Орыс тілі)
- 5. Адам баласының қимыл тірек жүйесі? (Қаңқа)
- Үкіметті кім басқарады? (Премьер-министр)
- 7. Ақ алтын ( Мақта)
- 8. Орман дәрігері (Тоқылдақ)
- 9. Жеті күн ( бір апта)
- 10. «Менің атым Қожа» повесінің авторы? (Б.Соқпақбаев)
- 11. «Абай жолы » роман-эпопеясын кім жазды? (М.Әуезов)
- 12. Есту мүшесі (Құлақ)
- 13. Қосудың компаненттері (қосылғыш,қосынды)
- Қырғызстанның астанасы (Бішкек)
- 15. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер? (Тау жыныстары)
- 16. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? ( Етістік)
- 17. 7 мамыр қандай күн? ( Отан қорғаушылар күні)
- 18. Баланы бірінші сыныпқа алып барғанда қандай мейрам тойланады? ( Тілашар)
- 19. Біржанмен айтысқан ақын қыз? (Сара)
20. Қобыландының тұлпарының аты? ( Тайбурыл)
Жүргізуші: Міне біздің үшінші турымызда өз мәресіне жетті. Өте жақсы енді әділ қазылар алқасына кезек берейік.
Жүргізуші: «XXI ғасыр көшбасшысы» атанған оқушыны дипломмен марапаттау.
Жүргізуші: Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуға деген құштарлығын оятатын зияткерлік сайысымыз көбейе берсін. Көріп тамашалағандарыңызға
көп-көп рахмет.