Басы » Математика » Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару.

Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы,

Ататүрік атындағы №4 мектеп – лицейінің математика пәні мұғалімі Дүйсенбиева Н.О.

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары тақырыбына  есептер шығару.

Мақсаты:

Білімділік : оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп жинақтау, жүйелеу.

Дамытушылық :оқушылардың ой-өрісін кеңейту, белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік : оқушыларды оқуға, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімі мен икемділік  дағдыларын  жетілдіру сабағы

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдістері: ауызша, практикалық, өз бетінше жұмыс, ойын түрлері

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, бағалау парағы, үлестірме карточкалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

(Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару, бағалау парағын тарату)

Балалар, бүгін біздің сабағымыз қайталау сабағы болғандықтан, сабақты күндегіден ерекшелеу, бірақ өзіміз ойнап жүрген ойындарымызды  кірістіре отырып, өткізгім келіп тұр. Әдеттегідей  геометриялық фигураларды таратамын,түстеріне қарай топқа бөлінеміз.Топ жеткшілерін сайлап аламыз және олар бағалау парағына өз қатарынан шыққан оқушыны бағалап отырады.

Оқушылар,бүгінгі біздің сабағымыз «Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары» тақырыбына есептер шығару

Мақсаты: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығарту арқылы терең меңгерту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

(Әр топ жетекшісі өз тобындағы оқушылардың үй тапсырмасын тексереді)

а) №261 (2; 3,6) (І слайд арқылы үй тапсырмаларын тексеріп, әр топ  бағдаршам  арқылы өздерін бағалап шығады. Қызыл түс – 2, Жасыл түс – 5, сары түс — 4)

2) 2х2+х+67=0

    Д=в2-4ас

Д= 12-4∙2∙67=1-536=-535

        Д<0

   Шешімі жоқ

3) 2р2+7р-30=0

   Д=в2-4ас

   Д=72 -4∙2∙(-30)=289

          Д>0

     р1 = -6;    р2 = 2,5

6) 9у2-30у+25=0

  Д=в2-4ас

  Д=(-30)2-4∙9∙25=0

          Д=0

  x =  5/3

 

ІІІ. Үй тапсырмасын қайталау, пысықтау.

Оқушылар, Сіздердің тақырыпты қалай меңгергендіктеріңді байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.  (ІІ слайд)

1) Қандай теңдеулерді квадраттық теңдеулер деп атайды?

2) Квадрат теңдеудің  а, в, с — сандары қалай аталады?

3) Квадрат теңдеудің қандай түрлері бар?

4) Толымсыз квадрат теңдеу дегеніз не?

5) Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?

6) D > 0, D = 0, D < 0 болғанда теңдеудің неше түбірі бар және формуласын жаз.

              

б) Енді оқушылар сендерге Дымбілмес атты оқушының қатесін табу үшін  үлестірмелі карточка таратып беремін. «Математикалық диктант» жазады.

 

Дымбілместің жауабы

Диктанттың дұрыс жауабы

1.Толық квадрат теңдеу:

ах + вх + с = 0

1.Толық квадрат теңдеу:

ах2 + вх + с = 0

2. D=в2-4ас, D > 0, бір түбірі бар

2. D=в2-4ас, D > 0, екі түбірі бар

3. Келтірілген квадрат теңдеу:

х2 + pх + q = 0,   а = 2

3. Келтірілген квадрат теңдеу:

х2 + pх + q = 0,   а = 1

4. х2 -4= 0,   а = -4, в = 1, с = -4

4. х2 -4= 0,   а = 1, в = 0, с = -4

5. в = 2k, D> 0, екі түбірі бар,

х1,2 = в±√Д

             2а

5. в = 2к, D> 0, екі түбірі бар,

х1,2 = -k±√k2 -ас

                 а

6. х2 – 10х +16 = 0

а = 1, в = 10, с = 6

6. х2 – 10х +16 = 0

   а = 1, в = -10, с = 16

Дұрыс жауабын  интербелсенді тақта  арқылы тексеріп , оқушылар өздерін бағалайды.

 

IV. Өтілген тақырыпты пысықтау

Балалар, бүгін біздің сабағымыз қайталау сабағы болғандықтан, үш топ деңгейлік тапсырмалар орындайды. (ІІІ слайд)

          А тобы

В тобы

     С тобы

1. Толымсыз квадрат теңдеулерді тап:

х²-6х=0,   3х²-11=0,   х²=0,   х²-х+1=0,   8х-х²=0,    -х²-11=0

2. 7 және -7 сандары 2х²-98=0 теңдеуінің түбірлері болатыңдығын дәлелде.

3. Теңдеулерді шешіңдер:

х²=11, х²=0,09, х²=2, х²=-3

4. Теңдеулерді шешіңдер:

 х²-25=0,      64-х²=0,      3-х²=0

Квадрат теңдеулерді шешіңдер :

1. 2х²+5х+2=0

2. 5х²+2х+6=0

3. 36х²-60х+25=0

4. 42х²+5х-2=0

Теңдеулердің түбірлерін тап

1.х²+10х-39=0

2.х²+2005х-2006=0

3.х²+17х-270=0

4.204х²-203х-1=0

 

3) «Топ жетекшісі» ойыны.

(Топ жетекшілері мұғалім столынан тапсырма алып  алдарындағы постерге орындайды, осы кезде сынып оқушылары кроссворд шешеді)

1.Үш тетелес сандардың квадраттарының қосындысы 77-ге тең.

Осы сандарды тап.

2.Тіктөртбұрыштың ені ұзындығынан 6 см қысқа, ал ауданы 112 см2 болса, оның периметрін тап.

3.Моторлы қайық 2 сағат ішінде өзен ағысымен 25 км және ағысқа қарсы 3 км жүзді. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ екені белгілі болса, қайықтың тынық судағы жылдамдығы қандай?

Шешуі:

теңдеу құрып шешеміз,

(х-1) -ші сан,

(х+1)-2-ші сан,

(х+2)-3-ші сан

х2+(х+1)2+(х+2)2=77

х2+2х-24=0

D=100>0

х1=-6, х2=4

Жауабы: -6, -5, -4 немесе

4, 5, 6

Шешуі:

ені-х см, ұзындығы (х+6) см, ал ауданы х(х+6) см2 болады.

х(х+6)=112

х2 + 6х – 112 =0

х1= -14, х2=8

х1=-14 түбірі жарамсыз, өйткені кесінді ұзындығы оң санмен өрнектеледі. Сонда тіктөртбұрыштың ені

8 см, ұзындығы 8+6=14 см, ал периметрі 2(8+14)=44 см болады.

Жауабы: 44 см.

Шешуі:

Қайықтың тынық судағы жылдамдығын х км/сағ десек, оның ағыспен жүзгендегі жылдамдығы (х+3) км/сағ, ағысқа қарсы жылдамдығы

(х-3)км/сағ болады. Сонда ағыспен жүзгенде 1сағ, ағысқа қарсы 1сағ, ал барлық жолға =2 (сағ) уақыт жұмсалады. Сонда =2 теңдеуін шешеміз, мұнда х>3 болуы керек, өйткені х 3 болғанда, қайық ағысқа қарсы жүзе алмайды.

25(х-3)+3(х+3)=2(х2-9)

х2-14х+24=0;

х1=2, х2=12

Жауабы: 12 км/сағ

д

е

К

а

р

т

е

В

к

л

и

д

д

и

А

м

е

т

р

о

р

Д

и

н

а

т

а

п

Р

о

п

о

р

ц

и

я

к

А

т

е

т

Т

а

б

а

н

ы

 

1. Координаттар жүйесін ең алғаш енгізген адам.

2. «Геометрия» пәнінің негізін салушы

3. Үлкен хорда

4. Оу осі қалай аталады?

5. Екі қатынастың теңдігі

6. Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышын жасап тұрған қабырғалары

7. Үшбұрыш биіктіктерінің қиылысу нүктесі.

Топ жетекшілері шығарған есептерін шығару жолдарымен түсіндіреді.

V. Сабақты қорытындылау.

«Үндемес» ойыны. Квадрат теңдеуді шешуді меңгергендіктерін байқау барысында тест тапсырмалары беріледі. Жауабы, бағалау деңгейі интербелсенді тақта  арқылы көрсетіледі.

Тест тапсырмалар:

қ/с

Сұрақтар

Үш нұсқа жауабы

Жауабы

1

Жалпы квадрат теңдеудің формуласы.

1. x2+px+q=0

2. ax2+bx+c=0

3. ax2+ c=0

2

2

x2+6x-7=0 теңдеуінің коэффициенттері мен бос

мүшесін ата.

1. a=0, b=0, c= -7

2. a=1, b=0, c= -7

3. a=1, b=6, c= -7

3

3

Теңдеуді   ax2+bx+c=0 түрінде жазыңдар:

х(2х – 3) = 5 — 4х

1. 2×2+x–5=0

2. 2×2-2x+5=0

3. 2×2-7x-5=0

1

4

Теңдеуді шеш: 7×2 – 21х = 0

1. 0; 21

2. 0; 7

3. 0; 3

1

5

Теңдеуді шеш: 4х2 – 9 = 0

1. 1,5

2. -1,5

3. +1,5

1

6

Теңдеуді шеш: -х2 +5х–6=0

1. -3; 2

2. 2;3

3. 3; -2

1

 

Жауабы код бойынша тексеріледі.

1) 2     2) 3      3) 1     4) 1     5) 1      6) 1

Бағалау деңгейі

  • 0; 1 қате – «5»

  • 2 қате – «4»

  • 3 қате – «3»

  • 4 қате ден жоғары– «2»

Жауабы: 231111

Бағалау.

Сабақты қорытындылап, әр топ алдарындағы тұрған бағдаршамға жапсырылған стикер бойынша  оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма:  №267 (3,4), №269 (2,4) шығарып келу.

Рефлексия:

  • Өзің үшін қандай жаңа білім алдың?

  • Нені білгің келеді?

Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ойларын стикеге жазып,тақтадағы емен ағашына жапсырады.

Қосымша:    Презентация материалдары

«Логикалық сұрақтар» ойыны.(оқыстан бір жағдай бола қалғанда пайдаланылатын жұмыс түрі) Экраннан ауызша сұрақтар қойылады, жауабымен тексеріледі.

1. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда, 4-тен артық 5-тен кем сан шығады?

Жауабы: үтір

2. Бір сағаттың бір тәуліктен неше сағаты кем?

Жауабы: 23 сағаты

3. Барыс секіргенде 288 сантиметр ұзындыққа секіреді. Сонда неше метр, неше дециметр, неше сантиметр?

Жауабы: 2м 8дм 8см

4. Бөрененің ұзындығы 150 см, оның бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша?

Жауабы: 100 см

5. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады, ал егер екі аяғымен

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *