Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы

quralaiЖаңаөзен политехникалық

колледжінің қазақ тілі мен

         әдебиеті пәнінің оқытушысы

         Таджединова Құралай  Кестенқызы

            Абай Құнанбаевтың өмірі мен  шығармашылығы                 

Панорамалық сабақ. 

                                 Абай, Абай, ұлы Абай, дана Абай,

                                 Дана Абайым- қасқайған нән қарағай.

                                 Қазағымның бұйырыпты бағына

                                 Ғасырда бір туылатын дарам-ай.

Сабақтың тақырыбы:

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру.

Сабақтың дамытушылығы:

Студенттердің бойына рухани адамгершілік қасиеттерін ұялату. Өтілген

тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту, адал достыққа, сыйластыққа

тәрбиелеу, Абай поэзиясының өзіндік ерекшелігін айқындау сөздік қорын,

тіл байлығын мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың тәрбиелік мәні:

Ұлтымыздың ұлыларының еліне еткен еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу,

елін, жерін, Отанын сүюге, білім, тәрбие беруге, адалдыққа,

мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, топпен жұмыс, кубизм, 5 жол өлең шығару,

СТО стратегиялары, Блум жүйесі.

Сабақтың көрнекілігі:

Кубик, карточка, сызба таблицалар, көркем әдебиет, суреттер, тест

сұрақтары, теледидар, компьютер.

Сабақтың барысы:

а/ ұйымдастыру кезеңі.

б/ оқушыларды түгендеу.

в/ жаңа сабақты түсіндіру.

г/ үй тапсырмасын сұрау.

Кіріспе сөз

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс «деген екен.

Ұлы ағартушы , ақын, сазгер Абай өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Артына қалдырып кеткен аса құнды мұраларында Абай адам бойында кездесетін жаман мінез- құлықтарды сынады және адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен қатар, басқа туысқан халықтардың мәдениеті мен өнерін білуге щақырды.

Ұлтымыздың ұлы перзенті- хакім Абайдың, өз заманынан оза туған ақынның терең ойлары мен асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.

Абайдың ақындық әлемі мағыналық ауқымы өте кең ұғым. Абай поэзиясы- өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкей тесті, ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия. Оның өлеңдерінде, қара сөздерінде қазақ өмірінің көркем бейнеленген телегей теңіз шындығы бар. Абай шығармалары қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өрісі аса биік, мүлде жаңа ой- пікір, көркем сезім әлемін ашқаны даусыз.

 

 

 

Жаңа тақырыпты сызба арқылы түсіндіру

Құнанбай ұрпақтары жөнінде мынадай мәлімет.

 

           Құнанбай

 

Күңке                Ұлжан             Айғыз          Нұрғаным

 

Құдайберген      Тәкежан       Ысқақ        бала болған

                             Абай          Қалиолла      жоқ (Абай-

Шәкәрім              Оспан          Смағұл       дың баласы

                                                                        Ақылбайды

                                                                өз тәрбиесіне 

                                                                          алады.

 

Абайдың Ділдәдан болған балалары:

Ақылбай         Шешесі Нұрғанымның   

                                 қойнына салады.

Әбіш                       Ерте 27 жасында қайтыс

                                 болған.

Мағауия               Әкесі Абайдан 40 күн бұрын

                                                       қайтыс болды.   

Жаңа сабақты түсіндіру.

Блоктау әдісімен түсіндіру.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған. Шыққан ортасы – бай, Тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Әкесі Құнанбай болыс, аға сұлтан.

Құнанбайдан Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Ысмағұл деген жеті бала туған. Солардың ішінде Абай жас кезінен – ақ ерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген. Абай жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, ертегі аңыздарды құмарта тыңдайды.Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі аңыздар – Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері.

Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабул – Жаппардың, кейін Ахмет – Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағұрлым үздік оқыған мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды.

Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен қатар, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған, он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу ісіне баули бастайды. Ел басқару қызметінде өз орнымды басар ұлым осы ғой деген оймен Абайға әр түрлі жол көрсетіп, тәрбиелейді.

Ел ісіне араласу білімді, саналы, ойлы жас Абайдың ел танып, жер танып есеюіне, халықтың әдеп – ғұрып, тұрмыс – салтын терең танып білуіне жол ашады. Әкесіне ере жүріп, ол сол кездегі шешен билердің ортасына түседі. Бұл жол Абайды халықпен жақындастырады. Ол ескі көп әңгімелерді халық ішінде үйренеді. Сол әңгіме – жырлардағы елдің зарын, мұңын, әкімдер қиянатынан көрген зәбірді, ел ақындарының атқамінерлер жайындағы сынын көп естиді.

60 – жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады.

Қысқы айларда қалада ұзақ жатып, кітапханада отырып оқитын болды. Сөйтіп жүріп ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас төңкерісшіл Е.П.Михаэлиспен кездеседі.

Абай орыс әдебиетінің классиктері Пушкин, Лермонтов, Салтыков – Щедрин, Некрасов, Толстой шығармаларын, Белинский, Герцен, Чернышовский, Добролюбов сияқты революцияшыл – демократтардың еңбектерін оқиды.

1882 жылы «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» және Лермонтовтан аударған «Борадино» өлеңдері көркем туындылар.

Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім». 1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазады. «Қалың елім,қазағым», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». /1887ж/

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» /1888ж/ «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» /1889ж/ Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлгісі – «табиғат лирикасы». Табиғат – адам баласының еңбек етіп өмір сүретін ортасы.

Абайдың табиғат лирикасын суреттейтін тұңғыш өлеңі «Жаз» /1886ж/, «Қыс» /1888ж/ «Күз», «Қараша желтоқсанмен сол бір – екі ай» /1889ж/ «Жазғытұры» /1890ж/ өлеңдері.

Абай аудармалары: А.С.Пушкиннен «Татьянаның қырдағы әні».

Абай Лермонтовтан 27 шығарма аударды. Абай Крыловтан мысал өлеңдер аударды. Абайдың «Бойы бұлғаң», «Өлсем орным қара жер», «Құлақтан кіріп бойды алар». Абай — өзі ән шығарған ақын. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған. «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас» т.б. с.с. «Қараңғ түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты» тәрізді аудармалары да халық арасына ән болып тараған.

Абай поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Абайдың 45 қара сөзі бар.

Абай туралы көрнекіліктерімен таныстырып өтейін.

Абай өлеңін талдаймын.

 

 

 

                    3                     2                  3

             Ә/сем/паз        бол/ма         әр/не/ге            8          а

                    3                        2                   3

             Ө/нер/паз        бол/саң       ар/қа/лан          8          б

                    3                     2                   3

             Сен де бір     кір/піш       дү/ние/ге             8          а

                   3            1      1     1               2           

             Ке/ті/гін  тап   та, бар       қа/лан                         8          б

 

 

 

 

 

Блоктау әдісі бойынша.

  1. Абай өмірі мен шығармашылығына тоқталу.
  2. Өлең талдау.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ – барды, ертегіні термек үшін

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

  1. Көрнекілікпен таныстыру кубизм әдісі бойынша сұрақ қою.
  2. Үй тапсырмасын сұрап, жаңа сабақты бекіту мақсатында студенттерді

2  топқа бөліп, сайыс ұйымдастырамын.

 

 

Баланың қызығушылығын ояту.

Бірінші топ.

Абай

  1. Ыбырайдың қандай әңгімелері бар?
  2. 1879 жылы Орынборда қандай кітабы басылды?
  3. Ыбырай Алтынсаринның бір өлеңін жатқа айт?
  4. Ыбырайдың Торғайдағы мектебі қай жылы ашылды?
  5. Ыбырайдың қандай шығармаларын білесің?
  6. Ыбырайдың әкесі қайтыс болғаннан кейін кімнің тәрбиесінде болады?

 

Екінші топ.

    Ыбырай

  1. Абай Құнанбаев қай жылдары өмір сүрген?
  2. Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңін жатқа айтып бер?
  3. Абай Құнанбаевтың қандай поэмалары бар?
  4. Семейдегі «Приходская школада» неше ай оқиды?
  5. Абайдың дүниеге көзін ашқан кім?
  6. Абайдың «Ескендір» поэмасы Шығыс елдерінде қандай атпен тараған?

 

Ой толғау.

Абайдың табиғат лирикасын кітаптан оқу.

Ыбырайдың табиғат лирикасын кітаптан оқу.

 

 

5 жол өлең шығару.

Абай

Бірінші топқа «Ана» тақырыбына 5 жол өлең шығару.

 

Ыбырай

Екінші топқа «Бала» тақырыбына 5 жол өлең шығару.

 

Сын тұрғысынан ойлау. Сто әдісі.

 

 

сазгер                                             лирик

 

 

 

 

                                                                 аудармашы

                    ақын

қара сөз шебері

 

 

 

жазушы                                            аудармашы

 

 

 

 

                                                                

                    ақын                                                      педагог

мысалшы

 

 

Блум сұрақ қою өлшемі.

1) Оқығанды, айтқанды еске түсіру.

2) Түсіндіру сұрақтары. (негізгі идеяны ашу)

3) Аударма сұрақ ( эссе, өлең жазу, 2 жол өлең шығару)

4) Талдау сұрақтары.

5) Жинақтау сұрақтары.

6) Бағалау сұрақтары.

             Абайдың қара сөздерін тыңдау.

                                    Бағалау.

                                   Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын сұрап, жаңа сабақты бекіту мақсатында студенттерді 2 топқа бөліп, сайыс ұйымдастыру.

  1. Мәнерлеп оқу сайысы
  2. Ой толғау
  3. 5 жол өлең шығару
  4. СТО әдісі / плакатты ілу/
  5. Топтастыру
  6. Блум жүйесі
  7. Бекіту сұрақтары

             Бекіту сұрақтары:

  1. Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
  2. Абай қай медреседе оқыды?
  3. Абай аудармаларын ата.
  4. Абай поэмалары нешеу?
  5. Қанша қара сөзі бар?
  6. Жастарды оқу, өнер, білімге үндейтін өлеңдерін ата.
  7. Абай өлеңдерін жатқа айт.
  8. Сабақты қорытындылау
  9. Абай өмірі, шығармашылығын оқып, әңгімелеу, өлең талдау, жаттау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *