Киiк — қазақ даласының бейнесi
Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді.
Ел арасында оларды атқан адам
бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар.
Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім
білсін, бірақ өте ақылды және қандай
табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп
кететін жануар екендігі анық.
Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң
заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы
тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі
ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін,
өсімталдығын аңғартады. Киіктер мамыр
айының 10-15 аралығында жаппай төлдей
бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып,
міндетті түрде жауын-шашын болады.
Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп
атаған. Киік әдетте төлді егізден
әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей
болмайтын, үнемі жел есіп тұратын
беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп
тұрып туады. Құралайдың енесі басқа
жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап
аршымайды, шарана жауынның суымен
шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп
барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты
сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш
сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына
екі күн болған құралайды машинамен қуып
жете алмайсыз.
Қазақ елінде ежелден бері аңшылыққа көп
көңіл бөлініп келген. Ақсақалдардың
айтуынша, ертеректе бір бүркіт үшін
аңшылар 5-6 түйеге дейін берген жайттар
болған екен. Совет одағы кезінде
Қазақстанда әсіресе қасқырға көп аңшылар
шығатын, өйткені Қазақстандағы қасқырлар
саны әлемдегі ең көбі. Бірақ, қазір
олардың да саны азайды.
Мамандардың есебінше, Қазақстан
тәуелсіздік алғалы елдегі миллионға жуық
бөкендерден тек 30 мың бас қалған.
Табиғатта аязды қыстарда және эпидемия
кезінде бөкендердің 100 мыңдап қырылып
қалатын оқиғаларын еске түсірсек, онда
олардың жуық арада мүлде жойылып кету
қаупі тұрғандығын байқаймыз, дейді
табиғат қорғаушылар.
Браконьерлердің киікті мүйізі үшін
аулайтыны белгілі. Олар көбінесе мүйізі
шаңырақтай киік текесін нысанаға алады.
Даланы қызыл қанға бояған қатыгездер
көбіне киіктің басын ғана кесіп алып,
денесін лақтырып кетеді. Бейресми
деректерге жүгінсек, аңшылар киік
мүйізін 35-40 мың теңгеге сатады. Алматыда
бұл одан да жоғары бағаланады екен. Онда
мүйіздің келісі 200 мың теңгеден асып
жығылса, Қытайда 4 мың доллардың
төңірегінде. Қытайда дәстүрлі медицина
үшін киіктің мүйізіне дәрілік шикізат
ретінде сұраныс мықты. Қытай медицина
индустриясының мүйізге деген сұранысы
жыл сайын 8 тоннаға дейін барады екен.
Қазір көрші мемлекеттегі жинақталған қор
80 тонна көрінеді. Қаскөй браконьерлердің
бөкендерді не үшін баудай түсіретінін
осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Ақшаға
құныққандар киіктің киесін ойлап жатқан
жоқ.
Ауылшаруашылық министрлігінің орман
және аңшылық шаруашылығы комитетінің
өкілдері осылай деп отыр. Мұны зертхана
қорытындысы көрсетіпті. Естеріңізге сала
кетейін, Батыс Қазақстанда ақбөкен басы
өсіп келеді деп ауыз жиып үлгермедік.
Былтыр ғана саны 26 мыңға жеткен киіктер
осы айдың ортасынан бастап түсініксіз
себептермен қырылып жатыр. Соңғы есеп
бойынша, 3 мың екі жүзден астам өлексе
табылған. Қазір қынадай қырылған
Ақбөкендердің мәйіттері жиналып, аумақ
залалсыздандырылып жатқан көрінеді. Ал,
жұқпалы аурудың жаппай таралуы мен одан
келген зиянды анықтап, дертті жоюмен
министрлік жанынан құрылған арнайы
комиссия айналысатын болады.Ол үшін
біздің жағдайдағы ең қолайлы шара –
киіктер келгенше олар жейтін қауіпті
аймақтағы шөпті орып тастау керек.
Ілмекбейнесi Киiк қазақ даласы қызыл кітап