ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтаған Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББО мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Усенова Светлана Уразгалиевнаның
коучинг-сессиясының қысқа мерзімді жоспары
Мерзімі | 08.10.2014 ж. |
Сабақ тақырыбы: | Мектеп жасындағы балаларда өздігінен оқуды және өзін-өзі реттеуді дамыту жолдары (Сынып жетекшілеріне өткізілді) |
Жалпы мақсат: | Оқушының өздігінен оқуы мен өзін-өзі реттеуі туралы зерттеулерді негізге ала отырып, инновациялық, тиімді идеялармен алмасу арқылы әріптестердің кәсіби әлеуетін арттыру. |
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық , Үлестірме материалдар(Бірінші апта). |
Күтілетін нәтижелер: |
|
Түйінді идеялар: | Оқушыға өздігінен оқуды және өзін-өзі реттеуді дамытудың маңызды екенін түсінуге қалай көмектесе аламыз?
Оқушы табысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі талап болып табылады (Джеймс, 2005). |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интербелсенді тақта, слайд-презентация (Бірінші бетпе-бет ресурсы), стикерлер, «Оқушылардың оқуына әсер ететін факторлар» кестесі (Үлестірме материал.Бірінші апта), «Қой мен қоян» мультфильмі, «Жұлдызды аспан» сурет, «Армандастар» әнінің мәтіні мен аудиожазбасы,
А-4 парақтары. |
Оқыту әдістері: | Коучинг
АКТ Диалог Топтық жұмыс Жеке жұмыс |
Коучинг-сессия бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Кезеңдер | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің
іс-әрекеті |
І кезең.
(3 мин.)
(10 минут).
|
1) Тренинг «Кемшіліктерді жеңу». Мақсаты: өз бойындағы жағымсыз қылықтардан арылып, ойы мен бойын тазарту.
2) «Қой мен қоян» философиялық мультфильмін көрсету (4 минут). |
5 топқа бөлініп отырады.
1)Берілген парақты екіге бөліп сызады. Оң жағына — жақсы, сол жағына жаман қасиеттерін, кемшілігін жазады. Жазу жұмысы тоқтатылған кезде, қағаздың сол жақ бөлігін умаждап қоқысқа лақтырады, сөйтіп өз ойын, бойын жамандықтан, негативтен арылтады. 2) Мультфильмнің мазмұны мұғалімдердің көңіл-күйлерін көтеріп, өмірге позитивтік көзқарастарының қалыптасуына ықпал етеді. |
ІІ кезең.
Топтық жұмыс/Кестемен жұмыс (15 мин.) |
«Оқушылардың оқуына әсер ететін факторлар» кестесімен жұмыс. | Топтық жұмыс: оқушының оқуына әсер ететін факторларды талқылап, кестені толтырады, топтық жұмыстарын қорғап, өзара бағалайды. |
Топтық жұмыс/ Оқушы сипаттамаларымен жұмыс
(15 минут). |
Әр топқа оқушы сипаттамасын беру: «Мазасыз Альма», «Өте сақ Салли», «Қорғанатын Дейв», «Риза болған Сэм», «Дәрменсіз Ханна».
Талқыланатын мәселе: Неліктен балалар өзін осылай ұстайды? Мұғалім не істей алады? |
Топтық жұмыс: берілген сипаттаманы оқиды, топпен талқылайды, шешім шығарады, топтық жұмыстарын қорғап, тәжірибе алмасады, жұмыстарын өзара бағалайды, ой түйеді. |
ІV. Сергіту сәті
(5 мин.) |
«Армандастар» әнін орындау. | Аудиожазбаға қосылып ән шырқайды, көңіл-күйлері қалыпқа келеді. |
(15 минут).
|
1) АҚШ- тағы зерттеу: оқушылардың табандылығын дамыту. 2)»Оқыту және уәж»; 3) Ойлануға арналған күнделік туралы ойлар.
|
Жаңа ақпаратпен танысып, ой түйеді.
Мұғалімдер тренинг шартын орындау барысында тынығып, көңіл-күйлері жақсарады, күш-қуат жинап, жігерленеді. |
Рефлексия
(5 минут) |
Коучингтен алған әсерлерін анықтау. | Мұғалімдер коучингтен алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтадағы медальдар (Алтын медаль.Күміс медаль.Қола медаль) тұсына жабыстырады. |