Байгожаева Райхан Абдукеримовна Қаскелең қосалқы мектеп-интернатының әлеуметтік бағдар беру пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Көкөністен салат дайындау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың көкөністер туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды көкөністен салат даярлай білуге үйрету. Үккішті дұрыс пайдалануға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту. Оқушылардың жазбаша, ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа баулу.
Түзету: Оқушылардың саусақ бұлшық ет қимылдарын дамыту.