ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы
«Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ химия пәнінің мұғалімі
Абылхаева Марзия Абылхаевна
Шығармашылық есеп
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімділік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан.
Сүйеді сондықтан да, жақын, жаты…..
С. Мұқанов.
Мен, Абылхаева Марзия Абылхаевна 1999 жылы Семей мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетін бітірдім. Алғашқы еңбек жолымды 1999 жылы Семей қаласындағы №42 орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып 5 жыл қызмет еттім, 2005 жылдан бастап «Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ-де химия пәнінің мұғалімі болып қызмет жасап келемін. Еңбек өтілім 14 жыл. І санатты.
Ізденіс тақырыбым: «Қазіргі заман білім беру парадигмасының тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын және білім сапасын арттыру»
Мұғалім — мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын, сыни тұрғысынан ойлаудың технологиясын және оза оқыту технологияларын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі қолданып келемін.
Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытовтың « Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол пікір бүгінде жүзеге асып жатқандай. Сондықтан соңғы үш жылда өткен сабақтарым 8- сыныпта «Галогендер», «Бейорганикалық қосылыстардың генетикалық байланысы», «Оксидтер, оның химиялық қасиеті», 9-сыныпта «Металдар тарауын қорытындылау» «Тұздар гидролизі», 11-сыныпта «Циклопарафиндер», «Темір» атты ізденіс сабақтарым өз дәрежесінде өтті.
Оқушылар пәндік олимпиадаға үнемі қатыстырылып отырылады. Атап айтсам: 2011 оқу жылында аудандық пәндік олимпиададан Сапашева А І орын,2010 жылы ІІ орынға,
Егізғалиқызы Еңілік 2011 жылы ІІ орын, 2012 және 2013 жылы ІІІ орынға, Ғабдулкакимова С 2010 жылы және 2012 жылы ІІІ орын ие болды.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа, ғылыми жұмыстарға бағыттауда да айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп келеді.
- 2010-2011 оқу жылында 10-сынып оқушысы Қайнарқызы Рза химия секциясында «Сусындар құрамындағы С дәруменінің мөлшерін анықтау» атты жобасы үшін аудандық ғылыми жоба сайысында І орын иеленіп, облыстан осы жобаны қорғап, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
- 2011-2012 оқу жылында 9-сынып оқушысы Егізғалиқызы Еңілік «Йодтың адам ағзасына әсері мен экологиялық сипаты» атты жобасын ХІҮ Республикалық экология олимпиадасында қорғап,
« Үздік теориялық білімі үшін» атты Құрмет грамотасымен марапатталды.
- Биылғы оқу жылында 11- сынып оқушысы Талапқызы Әйгерім аудандық жобалар сайысында «Қазақтың қара сабыны және қазіргі заман сабын жасау технологиясы» атты жобасын қорғап
ІІ орынға ие болып, оқушы жобасын облыста қорғап, сертификат алды.
Ұстаз қай уақытта болмасын оқушы көкейінде қалықтап, жүрегіне нәр құюы керек!
Міне сонда ғана ұстаз-ұстаз болмақшы.
ҰБТ қорытындысы бойынша:
- 2010-2011 оқу жылы қорытындысы бойынша екі оқушы химия пәнін таңдады. Сапашева Айнұр 18 ұпай жинап(78%), қазір Өскемен қаласындағы Аманжолов атындағы университеттің органикалық химия саласында ІІІ курсында оқуда, ал , екінші оқушы Қайырбекова Талшын
19 ұпай жинап (80%), қазір Шығыс Қазақстанның техникалық университетінің химя бөлімінде оқиды.
- 2011-2012 оқу жылында 1 оқушы таңдады. Ғабдулкакимова Салтанат химия пәнінен 14 ұпай жинады(60%).
- Биылғы оқу жылында 11-сынып оқушысы Егізғалиқызы Еңілік химия пәнін таңдап отыр.
Біз қашан да «Білім мен тәрбие егіз» дейміз. Шындығында да , сапалы білім, саналы тәрбие астасқан ұлт тірегі. Осы тәрбие саласы бойынша 2009 жылдан бері 10-сыныпқа сынып жетекшілік қызметін атқарып келем. Сыныбымда түрлі тәрбие саласында тәрбие сағаттары өтіледі. Атап айтсам «Денсаулық –зор байлық», « Біз болашақтың гүліміз», «Ұлы жеңіске 65-жыл» т.б. ашық тәрбие сағаттарын өткіздім. Сынып оқушыларымен бірге әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларға қатысып отырамыз. 2011-2012 оқу жылында аудандық семинарда « Біз болашақтың гүліміз» атты тәрбие сағаты өз дәрежесінде өтілді.
«Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы», яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болмақ. Сондықтан өз білімімді ылғи да көтеріп отыруға тырысамын.
- 2010 жылы аудандық химия пәні мұғалімдерінің олимпиадасында ІІІ орын.
- 2011 жылы аудандық «Жыл мұғалімі-2011» байқауына қатысып, ІІІ орын алдым.
- 2012 жылы озаттар слетіне қатысып, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатауы.
- 2013 жылы тамыз маслихатының секция жұмысында «Химия пәнін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу» атты баяндама жасалып, мадақтамамен марапатталдым.
Озық іс- тәжірибелеріме тоқталсам.
- Биылғы тамыз маслихатының секция жұмысында химия пәні мұғалімдеріне өзімнің
«Химия пәні бойынша қауіпсіздік техникасының ережелері мен талаптары» атты әдістемелік құралым тараттылды.
- 2011 жылы «Химия мектепте» журналына «Қабілет-білім-жетістік» атты мақалалам шықты.
- 2011 жылы ғаламтордың «ustazkz» сайтына «Тиімді жоспар –нәтижелі сабақ» атты сабағым, 2013 жылы «45minutkz» сайтына 9-сыныпта өткен ашық тәрбие сағатым « Ешкімде, ешқашан ұмыт қалмайды» атты, «sabaktarkz» сайтына «Химия пәні бойынша қауіпсіздік техникасының ережелері мен талаптары» атты әдістемелік құралым мен «Химия пәнін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу» атты баяндама жарияланды және Абай елі газетіне бірнеше мақала жарияланды. Сонымен қатар, аудандық семинарларда да мұғалімдерге өз іс-тәжірибелерімді ұсынып отырамын. Аудандық семинарда өткен сабақтарым:
- «Темір» атты ізденіс сабақ 2008, «БҚГБ» атты инновациялық-ізденіс сабақ 2009, «Біз болашақтың гүліміз» ашық тәрбие сағаты 2011 жылы, 2013 жылы « Танымына табынтқан абыз ақын» атты аудандық семинарда « Шәкәрімнің химияға қосқан үлесі» атты сабақтарым өз дәрежесінде өтіп, мектеп директорының алғыс хаттарымен марапатталдым.
Білім мен т әрбие сапалы болу үшін әр мұғалім сапалы еңбек ету керек.
Соңғы үщ жылдағы пән бойынша оқушылардың білім сапасы төмендегідей:
- 2011-2012 оқу жылында 47 оқушыға сабақ бердім, сапа көрсеткіші 41%, үлгерімі 4,0.
- 2012-2013 оқу жылында 44 оқушыға сабақ бердім, сапа көрсеткіші 43%, үлгерімі 4,0.
- 2013-2014 оқу жылында 44 оқушыға сабақ бердім, сапа көрсеткіші 42%, үлгерімі 4,1.
Мектепте химия пәні кабинетінің кабинет жетекшісімін. Сонымен қатар, мектепте ғылыми жұмыстарды ұйымдастырып, дарынды оқушылармен табысты жұмыс істеудемін.
Сөз сонында айтарым, « Шәкіртсіз ұстаз –тұл»,- демекші алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін. Тыңдағандарыңызға рахмет!