Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп- балабақшасы
Ержанова Мейрамгул Нуримгалиевна
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақ №
|
Күні:
|
Сынып: 8 |
Пән: Қазақ тілі |
Пән мұғалімі: Ержанова М.Н |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: | Сын есімнің мағыналық түрлері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты: | Сын есімнің мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту,
оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін арттыру,сөз мағынасына мән беруге тәрбиелеу, білімге, оқуға құштарлық сезімінің артуына ықпал ету.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже/табыс көрсеткіші: | Сын есімнің мағыналық түрлерін, жасалу жолдарын ажырата алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұмыс түрі: | Топтық | Модуль:СТО, ДО,Қалай оқу керектігін үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалімнің жазбалары: Әдісі: Сұрақ-жауап, Миға шабуыл, топтастыру , Инсерт т.б
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
№ | Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Күтілетін нәтиже | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 | Ұйымдастыру | Балалармен амандасып, түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.Оқушылардың бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен, қызығушылықпен қатысуына ықпал ету мақсатында парақша тарата отырып, сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға жауап бере отырып, парақшада жазылған сұрақтар арқылы сын есімдерді еске түсіреді.Сын есімнің мағыналық түрлеріне қарай топқа бөледі.
Топ ережесін сақтап отыруларын ескерту. |
әр оқушы сұрақтарға жауап береді,сын есімдерді еске түсіреді.Сын есімнің мағыналық түрлеріне қарай топтарға бөлінеді
Бағалау парақшасымен танысады |
Көңілдері көтеріледі
Сабақ кезеңдерімен танысады |
Топ ережесі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 | «Миға шабуыл»
Үй тапсырмасын тексеру |
Ой қозғау. Зымыран сұрақтарға жауап алу
|
Оқушылар жұпта отырып бір-біріне өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды және мұғалім сұрақтарына жауап береді. | Өз ойларын айтады. Диалог орнайды. Өткен тақырыпты естеріне түсіреді. | Бағалау парағы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 | Қызығушылық ояту | Сын есімнің мағыналық түрлері
(Интербелсенді тақтаға берілген сөйлемді тұлғасына талдатамын, сын есімдерді таптырамын)
Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан, Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан. (Абай) (Слайд арқылы схема бойынша сабақты түсіндіру) енгізу Сын есім мағынасына қарай Сапалық сын есім Қатыстық сын есім (заттың түсін, сынын тікелей анықтайтын (заттың түр- түсін, сын- сипатын негізгі түбір сын есімнің түрі) басқа сөз табының қатысы арқылы Мыс: қызыл мата, ащылау тағам анықтайтын сын есімнің түрі ) Мыс: орманды алқап, өнерлі жігіт
интербелсенді тақта арқылы түсіндіріледі. |
Сын есімнің мағыналық түрлеріне мысал келтіреді. | Сын есімнің мағыналық түрлерін біледі | Интербелсенді тақта | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4 | «Мағынаны тану»
Жаттығулармен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар
|
І топ
Сын есімдердің бірінші синонимдерін, одан кейін антонимдерін табыңдар. Өнегелі, ақылды, жалқау, биік, жас.
ІІ топ Берілген зат есімдерден қатыстық сын есімдер жаса. Жаз, сүт, тау, өнер, қырат, ақыл, ою, сөз.
|
І топ сын есімдердің бірінші синонимдерін, одан кейін антонимдерін табады.
ІІ топ Берілген зат есімдерден қатыстық сын есімдер жасайды. |
Топ ережелеріне сүйенеді
Топпен жұмыс жасайды, сын есімдердің мағыналық түрлерін жетік меңгереді. |
Оқулық
Бағалау парақшалары
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 | Ақыл картасын салу | Екі топқа да тапсырма бірдей.
Семантикалық картамен жұмыс
|
2 топ та берілген тақырыптар бойынша топпен жұмыс жасайды. | Әр топ семантикалық картаны толтырып топтар бірін-бірі стикермен бағалайды | Маркер
Постер стикер Бағалау парақшалары |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6 | Талдау жұмыстары
|
І, ІІ топтарға тапсырма бірдей беріледі
І топ.Өнегелі –сөзіне фонетикалық талдау жаса.
ІІ топ. Өлең жолынан сын есімдерді тауып, сөз тұлғасына талдайды. Жамандар- өтірікші өсегі көп, Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай, Жалған сөзбен бықсытар ел арасын, Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Жақсы адам елдің басшы серкесіндей, Жұғымды болар елдің еркесіндей, Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады. Қыранның қырдан байқар баласындай. (Сүйінбай)
|
І топ өнегелі сөзіне фонетикалық талдау жасайды,ІІ топ өлең жолдарынан сын есімдерді тауып, сөз тұлғасына талдайды. | Топпен жұмыс жасайды, топтар бір-бірінің жұмыстарына баға береді | Маркер
Бағалау парақшалары А4сызба қағаз |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7 | Сабақты бекіту. | Өзімді- өзім сынаймын (Тест)
а) заттың сынын білдіреді ә) заттың атын білдіреді б) заттың қимылын білдіреді
а) қорқақ ә) білгіш б) ашушаң
а) не істеді?, ә) қандай?, қай? б) қанша?, неше?
Белі бүкір, алысқа түкір
а) жалтыр, ә) тәртіпті б) биік
а) кеше ә) әлсіз б) жүгірді
а) таза ә) әлсіз б) кешкі
а) заңгер б) ымырт б) өнегелі
а) –лы ә)-шаң б)-еген
а) тап- таза ә) ақ б) өте жақсы
|
Тестті жеке орындап , бір бірін тексеріп бағалайды. | Сын тұрғысынан ойлау қабілеттері артады, сын есімнің мағыналық түрлерін
ажырата алады. |
Бағалау парақшалары
Суреттер А4 қағазы
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8 | Қорытынды
Рефлексия |
Қорытынды (Сұрақ- жауап)
Кестені толтыру мақсатын түсіндіремін |
Топ болып сұрақтарға жауап береді.
«ИНСЕРТ» әдісі бойынша сызбаны толтырады. «Мен қандаймын?» ойыны арқылы әр оқушы өзінің қандай екенін айтады. |
«Білемін, білдім, білгім келеді» деген сөздерге жауап алынады. Өздерінің жақсы қасиеттерін айтады(жақт ы,жақсыз және толымды, толымсыз сөйлемдерді қатыстыра отырып) |
Кеспе қағаздар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
9 | Үйге тапсырма | «Күзгі табиғат» (пейзаж)
|
Күзгі табиғат тақырыбына әңгіме құрастырып ішінен сын есімнің мағыналық түрлерін ажыратады. | Сын есімнің мағыналық түрлерін ажырата алады. | Оқушы дәптері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10 | Бағалау | Бағалау әр тапсырмадан соң бағаланып отырады | Топ басшылары топ мүшелерін әр тапсырмадан кейін бағалап отырады, соңында қорытынды бағасын шығарады | Қалыптастырушы баға мен жиынтық баға қолданылады, әділ қоюға тырысады | Бағалау парақшалары әр топқа |