Арал қаласы,№13 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пән
мұғалімі:Л.С.Досаханова
Тақырыбы: Есімшенің жасалуы мен түрлері
Мақсаты:
1) Есімшенің жасалуы мен түрлері, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру;
2)Сауаттылыққа баулу, алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап ,топтық жұмыс,ой-қозғау
Көрнекіліктер: плакат, қима қағаз,дайын флипчарттар.
Пәнаралық байланысӘдебиет
І.Ұйымдастыру:
а) Оқушылардың сабаққа қатысуы
б) Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
ІІ Сабаққа ден қою
1-флипчарт
Барша заттың бір өзінде қимылы,
Сөз табының күрделісі қиыны.
Сабақты салт есімше көсемше бар,
Шақ рай етіс те боп жиылды.
-Балалар осы өлең шумағы қай сөз табын жасырып тұр.
2 -флипчарт
Өткен тапсырманы еске түсіру.
«Мағыналық белдеулер» әрбірінің астында сұрақтар жасырынған(13,14,15,16,17 флипчарттар)
Е -болымды
Т-болымсыз
І- Салт
С- сабақты
Т- Етіс
І-Есімше
К-Көсемше ,Тұйық етістік
ІІІ. -Олай болса , бүгін осы «Есімшенің жасалуы мен түрлері» атты жаңа сабақ өтеміз.
-Дәптерге бүгінгі күнді жазу.
3 флипчарт
-Біз есімше туралы не білеміз?
Ережесі
Қай сөйлем мүшесі бола алатынын
4 флипчарт
Бүгінгі тақырыпта нені үйренуіміз керек?
- Есімшенің жасалуы мен түрлерін
- Есімшенің өзіне тән ерекшеліктері
Оқулықпен жұмыс.
Есімшенің жасалу жолдарын бөлінген 4 топ жұмыс жасайды, тақтаға кестені толтырып,түсіндіреді.
5- флипчарт
Жасалу жолы Түрі
-қан,-кен,- ған,-ген Өткен шақ есімше
-ар,-ер,-р; -с болжалды келер есімше
-шақ –шек, бақ,- бек, пақ,-пек мақсатты келер шақ есімше
-атын, -етін,-йтын-йтін ауыспалы өткен шақ есімше
Жоқ, емес сөзі тіркесіп- болымсыздың мағына береді.
6 -флипчарт
Есімшенің өзіне тән ерекшеліктерін анықтап алайық
- Есімше заттың қимылдың белгісін білдіреді.
- Есімше етістік түбірден жасалса да есептеледі, көптеледі, тәуелденеді.
- Сын есім сияқты зат есімнің алдынан келеді.
7- флипчарт
«Шым-шытырық» ойыны
- Жазылған қағаз
- Оқыған кітап
- жиналған үй
- болған оқиға
- қызған ойын
- сынған әйнек
- жуылған киім
Мағынасы сәйкес келетін есімшенізат есімдерге сызықтармен қосамыз.
Оқулықпен жұмыс
251-жаттығу.
А)Өлеңді оқып, мәнін игерту,авторы Ақтан Керейұлы туралы мәлімет беру.
Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және олардың мағынасын түсіндіру.
- Есімше-түсінгенге;
Түбірі-түсін
Жұрнағы-ген, өткен шақ есімше;
Жалғауы-ге, барыс септік;
Сергіту үшін «Адасқан жалғаулар » ойыны әр топқа беріледі.
Мысалы: Болетін –бол……..
Келмақ-кел……… т.с
Шығармашылық жұмыс
Әр топ бес сйлемнен тұратын мәтін жазып, есімшені табу.
ІҮ Сабақты қорыту
Ой-қозғау
Мақалды аяқтап есімшелерді тап,мәнін түсіндір
1.Асық ойнаған азар,……………………………..(доп ойнаған тозар)
2.Жүгірген жетпес,…………………………(бұйырған кетпес)
3.Естіген құлақта ………………………(жазық жоқ)
Ү Бағалау
ҮІ Үйге тапсырма:252 жаттығу,Есімшенің жасалуы мен түрлері