Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі»

Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі»

Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру.Абайдың қара сөздерін оқыту арқылы оқуышларға «Абайдың аңсаған  қандай азамат» екенін түсіндіру арқылы ақынның қара сөздерінің мәнін ғылыми-философиялық ойда түсіндіру.

Дамытушылық: Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтінмен жұмыс істей білуге жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру, ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізуге баулу.

Тәрбиелілігі: Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, адамгершілікке, ізгілікке, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.

Сабақтың түрі:Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, түсіндіру, «Көкпар» ойыны, «Шеңбер бойымен әңгімелесу», «Кубизм» әдіс-тәсілдері.

Сабақтың көрнекілігі:Абай бейне суреті, Ұлылардың  Абай туралы  айтқан сөзі.Схема, таспа.

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй жұмысын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

4.Сыныпты 3- топқа бөлу.

І-топ.    Ақыл.

ІІ-топ.   Ғылым.

ІІІ-топ.  Өнер.

«Ой шақыру» Топтастыру әдісі бойынша.

 aaaa

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Енді балалар, осыншама атақ дәрежеге еге болған Абай атамыз жайлы ұлылар не айтады екен.

І-топ.Оқиды.Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты көздесең

Жат тоқып ал көңілге-мағынасын ашу, кімнің сөзі екенін айту.

2-топ.М.Әуезов «Абай лебі-Абай үні, Абай тынысы-заман тынысы, халық үні» Бүгін ол біздің де үнге қосылып, жаңғырып жаңа өріс алып тұр.» мағынасын түсіндіру, кімнің сөзі екенін айту.

3-топ. Н.Назарбаев «Абай біздің ұлттық ұранымыз болуы керек.Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз»  мағынасын түсіндіреді.

 

Жаңа сабақ:

Ал, балалар Абай тек ақын ғана емес, аудармашы, мысалшы, әсем ән жазған композитор болуымен қатар  ғалым, философ, ойшыл дана кісі.Яғни бүгінгі сабағымыздың мақсаты-ұлы ақынның философиялық ойларын, қара сөздерінің идеясын түсіну, топпен жұмыс жасай отырып  «Отыз бірінші қара сөзін» меңгерту.

«Түртіп алу»

Қара сөз –араптың «Ғақлия» деген сөзімен мәндес.

 

Деген мағына береді.

Қара сөз дегеніміз- ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек.А.Құнанбайұлы 1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қара сөзі бар.Абай қара сөздері гуманистік, ағартушы бірігіп тұтас қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды, көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады.Абай қара сөздері азамат баласына ортақ сөз.Қара сөздері алғаш рет Семей қаласында 1848 ж «Абай» журналында жарық көрді.Қара сөз орыс, қытай, француз т.б көптеген әлем тілдеріне аударылды.Міне осындай көптеген тілге аударылған Абай Құнанбайұлының 31-ші қара сөзін тыңдаймыз.(таспадан тыңдату)

3-топ.Тыңдаған қара сөзді М.Жанпейісованың «Шеңбер бойымен әңгімелесу» атты оқыта үйрету ойыны жүзеге асады.

3-топтың әңгімесіне байланысты бағаланып отырады.

Абайдың аңсағаны қандай азамат?-деген сұрау арқылы тақырыпты ашу.Яғни мағынаны тану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыны сергіту  «Көкпар» ойыны ойналады.Әр топ өзінің аттарына байланысты мақал-мәтел айтады.

 

Сабақты қорытындылау.

«Кубизм» әдісі бойынша. Кубиктің 6 жағы болады.

Кубикті иіргенде  сол жағының сұрағына жауап береді.Сұрақ түртіп бөлімімен қойылады.

Сабақ соңында оқушылардың жинаған жетондары бойынша бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы;Абай жасөспірімдерді замандас қана қылады.

Мақсаты;1.Абай балаларды тек замандас ете отырып,ғылымға көп

берілгенін білдірту,үйрету.

2.Ілім-білім туралы ойларын дамыту.

3.Іздене білуге баулу.

Көрнекілігі;Бала Абай,әкесі әжесінің суреті.

Әдісі;сұрақ-жауап баяндау.

Барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Психологиялық дайындық.

«Шаттық шеңберін»айтқызамын.

3.Жаңа сабақ

Болашақ ақын сабырлы мінезіне,кең пейіліне сай еланасы атанған «кәрі әжесі»Зеренің мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп,абысын-ажынға жайлы,әзіл-қалжыңға шебер,жөн-жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті.Абай бала кезінен ширақ,пысық болмағанмен,елдегі ерекшеленген.Құнанбай қажының дакеңінен толғап сөйлертереңдігі,өз тұстастарының ғана емес,шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен.

Абай 8 жасында «Ескітам»медресесінде дәріс алып,ауыл молдасы Ғабитханнан оқыған.Әкесі оның зеректілігін байқағаннан кейін,10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмед Риза медресесіне береді.Онда 3 жыл оқыған.Медіресенің үшінші жылында ол осы қаладағы «Приходская школаға»да қосымша түсіп,онда 3 ай орыша оқиды.М.Әуезовтың «Өзі тұтас үлкені-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді,ұғымтал және ерекше ықыласты болған.Оқуға кірген соң-ақтез есейіп,ілім қуған кісінің қалпына оңай түсіп кеткен.Оқыған кітаптың көбіне сынмен қарай білетін,сезімді оқушы бола бастаған.Өзінің әбден сүүйіп, таңдап оқыған ақындары  болады.Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері кәрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған.»деген тұжырымы болашақ ұлы ақыннның қалыптасу кезеңін айғақтайды.

4.Қорытынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *