ИНТЕРАКТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯ — ПЕДАГОГТАРДЫҢ ШЕБЕРЛІГІ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Турехожаева Шолпан Нурмухаммедиевна,
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің
Информатика пәнінің ІІ санатты оқытушысы
Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат – оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттың және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, Отанын шын сүйетін азамат болып жетілуіне көмектесу.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.
Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Ақпараттық – технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте – ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады.
Электрондық оқулық «оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі – компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек.
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі – inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.
Ұстаздық шеберлік:
1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;
2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;
3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.
Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады.
Ал шығапрамашылық деген сөздің сырына үнілсек , ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен толқынысының жігері мен сабырлығынан, сұранысы мен сезімнен көрінеді.
«Шығарамашылық» сөзінің төркіні «шығу», «ойлар табу» дегенге келіп саяды.
Шығрамашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, жаналық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Шығармашылық кәсіпкерлік тұлға тәрбиелеудің ең негізгі алғы шарттары –күшті кәсіби білім, шығармашылықпен ойлау, кәсіпкерлікті игеру, бәсекелестік қабілеттілікті дамыту болып табылады.
Ал инетрактивті технологияны меңгерудегі мұғалімнің шеберлігі және шығармашылық үлгісі:
- Интерактивті технологияны оқып үйрену.
- Интерактивті технологияны меңгеру
- Интерактивті технологияны тәжірбиеде қолдану.
- Интерактивті технологияны дамыту және нәтижесін тексеру.
Осы айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Ұстаздың шығармашылық жұмысы ең алдымен сабаққа даярлықтан басталады. Сабақтың өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне , яғни шеберлігне байланысты.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Осы тақырыпты қорытындылай келе қазір техниканың дамыған заманы, интерактивті тақтаны пайдалану көп мектепте жүзеге асырылған, соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстарын қашықтықтан оқыту қолға алынды деуге блады.
Сонымен интерактивті технология бойынша ақпаратты оқушылар мына жолдармен қабылдайды.
- Компьютерлік техника арқылы
- Интерактивті тақта арқылы
- Дистанциялық оқыту
- Тесттік бақылау
- мәліметтер базасы
- спутникті антена
- электрондық оқулық
- бейнезал
- электронды почта
- бүкіл әлемдік байланыс
- интернет
Ақпараттық – интерактивті технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы үлесі мол.