ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Ағылшын тілі пән мұғалімдері: Кеулімжаева Базаркүл Елеуқызы
Қасенова Гүлшара Күзембайқызы
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №2 мектеп- гимназия
Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында атап көрсетілгендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты. Елдің ертеңгі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой- пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
Елбасымыздың биылғы жылғы Жолдауында білім мен тәрбие мәселелерін былай деп атап өтті:
- Білім беру саласының басты міндеті- білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту;
- Білім және ғылым министрлігі және облыс әкімдері үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын;
- Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс.
Уақыт талабына сай жоғарғы білімнің негізгі ерекшелігі- оның жеке тұлғаға бағытталып, оның рухани және мәдени тұрғыдан өсуіне, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету болып табылады.
Білім мен тәрбие тұғыры тіл болғандықтан, тілдерді оқыту жайлы қашан да басты назардан қалмай келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Тіл туралы» заңдарға, сонымен қатар бүкілхалықтық талқылауға түсіп, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына» сәйкес еліміздің ұрпағы алдына мемлекеттік тіл- қазақ тілін, орыс тілін және шетел тілдерін білу міндеті қойылып отыр. Осы орайда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: “Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс” деген болатын..
Сондықтан да, шетел тілдерінің оқытылу сапасын халықаралық стандарт талабына сәйкестендіру қазіргі кезде мектептің алдына қойылған басты педагогикалық мақсаты болып отыр. Оқушыларға сапалы білім беріп, алынған білімдерін анықтау мақсатында тестік технологияның алар орны зор. Бірнеше жылдар көлемінде білім саласында жүргізіліп жүрген бірыңғай ұлттық тестілеу өткізудің бітіруші түлектер үшін маңызы зор. 11 жыл бойы берілген білімнің нақты көрсетілетін нәтижесі де осы — ҰБТ. Әрбір пән мұғалімінің ең түйінді мәселесінің бірі — ҰБТ нәтижесін жақсарту мен көтерудің жолы. ҰБТ нәтижесін жақсарту мақсатында өзіміздің іс — тәжірибемізді бөліскіміз келеді. ҰБТ тапсыратын оқушыларға жылдық жоспар жасаймыз. Жылдық жоспар оқушыларға төменгі сыныпта берілген материалдар негізінде жасалады. Әртүрлі тақырыптарға арналған тест жұмыстары, тарихи сұрақтар, мақал-мәтелдер, идиомалар, фразалық етістіктер жинақталады.
ҰБТ — ға дайындықты үш кезеңге бөліп жүргіземіз.
Кезеңдерге бөліп дайындық жүргізудің мақсаты:
— тіл білімі салаларынан берілетін білімді тереңдету;
— оқушылардың мүмкіндігін анықтай отырып, оларға көмек көрсету;
— әр оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, білімін толықтыру;
— тақырыптарды толық меңгертіп, білім сапасын арттыру.
Енді әр кезең бойынша атқарылатын жұмыс бойынша тоқталып өтейін.
1 кезең. Теориялық бөлім
2 кезең. Практикалық бөлім (Мұнда тақырыптық жаттығу жұмыстарымен жұмыс жүргізіледі)
3 кезең. Қорытынды бөлім. Өтілген тақырыптарға арналған сынақ тест жұмысы.
Үш кезең бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері мынадай.
1 кезең. Теориялық бөлім.
Бұл кезеңнің мақсаты: оқушыларға тақырыптың ережесін меңгертіп, мысалдармен түсіндіру.
Осы кезеңде сабақ көрнекілік, оқыту әдістерінің бірнеше түрлері, тірек кестелер арқылы түсіндіріледі. Сонымен бірге осы жұмыстар арқылы оқушының зейіні мен ынтасы артып, білімді игеруге қызығушылығы артады.
Оқушының іс — әрекеті: ережелерді мұқият жаттап, мысалдарды есінде сақтау.
Күтілетін нәтиже: тақырып негізінде тиянақты білім қалыптасады.
2 кезең. Практикалық бөлім.
Бұл кезеңнің мақсаты: оқушылардың тақырыпты мүмкіндігінше қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтау. Осы кезеңде әртүрлі жаттығу жұмыстары, тақырыптық жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Оқушылардың танымдық қызметі мен ойлау қабілеті, ізденушілік қабілеттері арта түседі.
Оқушылармен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік туады. Бұл кезеңде уақыт шектеледі.
Оқушының іс — әрекеті: жаттығу жұмыстары тақта негізінде жүзеге асады. Тақырыптық жаттығу жұмыстары дәптерге орындалады.
Күтілетін нәтиже: алған білім тұрақтанып, нақтыланады.
3 кезең. Қорытынды бөлім. Сынақ тест алу.
Мақсаты: Берілген білімді іс — тәжірибеде сынап байқау.
Осы кезеңде 25 сұрақтан тұратын, А, В, С, Д, Е — жауабынан тұратын тест дайындалады. Тест тақырыпқа сай болғаны жөн.
Оқушы алған білімін осы кезеңде іс жүзінде көрсетіп, дәлелдейді.
Оқушының іс — әрекеті: сұрақтарды мұқият оқи отырып, берілген жауаптардың дұрысын белгілейді.
Осы үш кезең бойынша оқушы өз міндетін орындаған соң, мұғалім оқушының біліміне талдау жасайды.
Кезеңдерге бөліп жүргізілетін жұмыс үлгілері төмендегідей:
Тарихи сұрақтар
A famous American is. Normal Rockwell
Aesop told people interesting____ Fables
All towers are__ and the keys are carried by the chief warder to the Queen’s house. Locked
An American tragedy” was written by____ Theodore Dreiser
Australia is a________ Island continent
Australia is famous for its. Sheep
Christopher Columbus discovered America in___ 1492
Christopher Columbus discovered____ Central America
Christopher wren was ___ from repairing the Cathedral by the Graet Plague. prevented
Christopher Wren was ___ from repairing the Cathedral by the Great Plague. Prevented
Edgar Poe is one of the brilliant and original writers and poets in___ literature. American
Elizabeth Gaskell is__ writer. an English
England in translation into Kazakh means. Англдар жері
English people __ to be rather conservative. tend
Formally the head of Canada is. Queen of Great Britain
From the earliest times the___ of London depended upon its water- born trade. Prosperity
From the earliest times the___ of London depended upon its water-born trade. Prosperity
Give the name of the longest river in Britain? The Severn
Give the name of the longest river in Britain? The Severn
Harlem is situated in____ New- York
How many houses does the British Parliament consist of? 2
How many parts does Great Britain include? 3
How many states are there in America?50
In the north-eastern part, there is the region of__ The Great Lakes
In what book would you meet the following character Friday? “Robin son Crusoe”
In what book would you meet the following names: Long John Silver and Jim Hawkins? Treasure Island”
In which city is Hollywood. Los Angeles
Мақал- мәтелдер
A bad beginning mails a’ bad ending. | Жаман бастаманын соны да жаман.
A bad workman quarrels with his tools Сабасына қарап піспей
A bargain is а bargain. | Мәміленін (келісім) аты мәміле.
A beggar can never be banWupt. | Кедей ешқашан бонкрот болмайды.
A bird in the hand is worth’s I two in the bush.|Бұтадагы екі күстан колдағы жалғыз кұс артық.
A bird may be linown by its song. | Құсты салған әнінн тануға болады.
A black hen lays a white egg. | Қара тауык ак жүмыртка туады.
A blind leader of the blind. 1 Сокырдын көшбасшысы да сокыр.
A blind man would be glad to see. |Соқыр адам көріс|кеніне куанады.
A burnt child dreads the fire. | Күйген бала оттан коркар
A cat in gloves catches no mice. | Қолғаптын ішіндегі мысық тышкан аулай алмайды.Енбегіне карай — өнбегі.
A clean fast is better than a dirty breakfast. | Жаман (танғы) астай ауыз бекіту артык.
A clean hand wants no washing. 1 Таза кол жууды кажет етпейді.
A close mouth catches no flies. | Жабык ауызға шыбын кірмейді.
A cock is valiant on his own dunghill. | Қораз (әтеш) өзінін көң үйіндісінде батыр.
A cracked bell can never sound well. { Шытынаган (жарылган) конырау жаксы сокпайды (сынғырламайды).
A creaking door hangs long on its hinges. 1 Сықырлауык есік топсасында (петля) көп тіркесіп түрады.
A curst cow has short horns. | Онбаған (Сайтан алғар) сиырдын мүйізі кыска болады.
A fair face may hide a foul heart. {Жаксы келбет жаман жүректі жасыруы мүмкін.
A fool always rushes to the fore. 1 Акымак үнемі алдыңғы катарда жүреді.
Жұрнақтар ( Суффиксы)
—er – жеке тұлғаға бағытталған жұрнақ
-ing – іс- әрекетті білдіретін жұрнақ
-ion — іс- әрекетті және нәтижесін білдіретін жұрнақ
-ism –ерекшелікті, өнерге, әдебиетке бағыттайтын зат есім жұрнағы
-ist – іс- әрекетті жасаушы жеке тұлғаны, мамандық иесін білдіретін зат есім жұрнағы
-(i)ty— жағдайды, сапаны білдіретін жұрнақ
-ment – процесс, жағдайдың, іс- әрекеттің нәтижесін білдіреді
-ness – жағдайдың, іс-әрекеттің сапасын білдіретін зат есім жұрнағы
-able – әрекетті жасау қабілеттілігі
-al – зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ
-ance – іс-әрекетті, сапа мен жағдайды білдіретін зат есім жұрнағы
-ant(-ent)— сапаны, күйді білдіретін сын есім жұрнағы
-en – материалдың сапасын білдіреді
-ive – түбірі етістік болған сын есімдерде кездеседі
-ish – берілген сапаға толық ие бола алмауды білдіреді
-ous – негізі сапаны білдіретін сын есім жұрнағы
-an(-ian, -ean) – Жеке есімдерге, географиялық атауларға қатысты сын есімдер
-ful – жұрнақтың мағынасы- берілген қасиетке толық ие болуы
-ic – бір нәрсемен қатынасты, бір нәрсенің құрылымын көрсетеді
-less – жұрнақ жалғанған зат есіммен белгіленетін қасиеттің болмауы
-y – бір объектінің сапасын білдіреді:
-ate – әс- әрекетті білдіретін етістік тудыратын жұрнақ
Сөзалды жұрнақтар (Префиксы)
- Мағынасы болымсыздықты білдіретін сөз алды жұрнақтар: un-, in-, dis-, non-.
un- сын есімдермен
comfortable- жайлы uncomfortable- жайсыз
important-маңызды unimportant- маңызсыз
pleasant-жағымды unpleasant- жағымсыз
happy- бақытты unhappy- бақытсыз
un- етістіктермен
to dress-киіну to undress-киінбеу
to load- жүк тиеу to unload- жүк тиемеу
to lock- жабу to unlock- жаппау
to tie- байлау to untie-байламау
in—
ability-қабілеттілік inability- қабілетсіздік
comparable- салыстырмалы incomparable-салыстырмайтын
complete- толық incomplete-толық емес
direct- тура indirect- жанама
in префиксі l әрпінің алдында келген кезде il- айналады, r әрпінің алдында ir-, m мен p әрпінің алдында im- айналады.
legal- заңды illegal- заңсыз
regular-күнделікті irregular- күнделікті емес
responsible-жауапкершілікті irresponsible-жауапкершіліксіз
mobile-қозғалмалы immobile- қозғалмалы емес
patient-шыдамды impatient-шыдамсыз
possible-мүмкін impossible- мүмкін емес
dis
префикс болымсыздықпен қатар қарама- қарсы іс- әрекетті білдіреді.
а) болымсыздық
to approve- құптау to disapprove-құптамау
to like- ұнату to dislike- ұнатпау
honest- шыншыл dishonest- шыншыл емес
б) қарама- қарсылық
to appear-пайда болу to disappear- жоғалу
to connect-жалғау to disconnect- ажырату
Фразалық етістіктер
To look
to look at- бір нәрсеге қарау
to look for- іздеу
to look through- қарау, жүгіртіп оқу,шолу
to take
to take after- туыстарынан бір адамға ұқсау(мінезі, әдеті жағынан)
to take away- әрірек апарып тастау
to give
to give back- кері қайтып беру
to give out- тарату
to make
to make up- ойлап шығару, әрлендіру
to make out- қиындықпен түсіну
to get
to get along- бір нәрсемен айналысу
to get out- сыртқа шығу
to get up- ұйқыдан тұру
to turn
to turn around -айналу
to turn out- пайда болу
to turn over- айналу
to turn up- көріну
Идиомалар
To cringe before somebody, to please. Елпек қағу
To speak unceasingly. Аузы аузына жұқпау
Callous, hard, insensible Тас жүрек
Lifeless steppe. Қу мекен/ медине, құлан елсіз
Perfectly beautiful, without defect. Тал бойында бір міні жоқ
White crow (to differ from other people.) Елден ала бөтен
Economy is a pledge of accumulation (puddle appears on a solid soil). Қатты жерге қақ тұрар
To cherish as the apple of eye. Сары майдай сақтау
It’s the devil’s work. Ақ сайтаны ұстау
Heartless, ruthless, merciless (stone liver). Тас бауыр
To whip. Қамшының астына алу
Blast you, wish you at the devil. Адыра қал, әдіре қалғыр
Here goes ( to be determined).Буекелге бел байлау , буу
Осындай жұмыстардан күтілетін нәтиже: оқушы білімінің деңгейі анықталады.
Бұл дайындық жүйесінің тиімділігі — оқушының білімі, қабылдау қабілеті мен есте сақтау қабілеті анықталады. Оқушы жүйелі түрде тіл білімі салаларын меңгереді. Оқушының алға қарай жоғары деңгейге көтеріліп сынақ тестілеуде жақсы нәтиже көрсетуіне септігін тигізеді.
Соның дәлелі соңғы 3 жылдықта оқушыларымыз ҰБТ кезінде ағылшын тілінен өте жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Олар: Мусина Гауһар, Рамазанова Алтынай, Борантай Алтынгүл, Айтығұлова Көркем, Рамазанова Бақытгүл, Бегеева Меруерт «Алтын белгі» иегерлері болса, Бұхарбаева Айсана, Сүйінова Әйгерім, Оразаева Ақтөре, Түлкібаева Гүлсайран, Хамитов Әділбек, Нұрланов Ернар, Нағыметова Әйгерім, Айтқұлова Мөлдір жоғары нәтиже көрсетті.
ҰБТ — ға дайындауда әр мұғалім өзінше бір дайындау тәсілдерін жүзеге асырып отырса, кез келген пәннің білім сапасы артатынына сенеміз.
Бүгінгі күн- талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік- жігері бар адамдардың уақыты. Біздің әрқайсысымыз- оқушы, мұғалім, не ата- ана, басшы немесе шенеунік болсын- осы міндеттерді атқарудағы өзіміздің жоғары жауапкершілігімізді нақты сезінуіміз қажет. Сонда ғана бүгінгі білім беру жүйесінде елдің ертеңі, жас ұрпақтың нұрлы болашағы үшін жұмыла атқарылып жатқан жұмыста жоғары нәтижеге қол жеткізіп, халықтың игілігіне жарар, ізгіліті іс жасалмақ. Жалпы ұрпақ тәрбиесінде, білім беру ісінде ұстаздардың ролі ерекше. «Мектептің жаны- мұғалім» деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай тәуелсіз Отанымыздың күні ертеңгі тұтқасын ұстайтын дарынды ұрпақтың білімді де білікті болып шығуында ұстаздың орны бөлек екенін қайталап айтуды өзімізге парыз санаймыз.
идея құнды