Басы » Баяндамалар » Балаусаға 7 жыл!

Балаусаға 7 жыл!

balaysa«Балаусаға 7 жыл!»

 

Жасыл желекке бөленген балабақша ауласы ішінде ойнап жүрген сәбилердің сыңғырлаған күміс күлкісін естігенде жаның жадырап, көңілің шат-шадыман күйге толады. Балабақшаға келген әрбір баланы …

 

Жасыл желекке бөленген балабақша ауласы ішінде ойнап жүрген сәбилердің сыңғырлаған күміс күлкісін естігенде жаның жадырап, көңілің шат-шадыман күйге толады. Балабақшаға келген әрбір баланы ерекше ықыласпен қарсы алатын мейірімді тәрбиешілерге жұмысқа асыққан ата-аналардың алғысы шексіз. Өйткені, көңілді қалған ұл-қызына алаңдамай жұмыс орындарына аттанады. Әңгіме жемісті еңбектеріне биыл 7 жыл толып отырған №29 «Балауса» МДҰ төңірегінде өрбімекші.   Балабақша ұжымы халық ұғымына сай  киелі, қасиетті саналатын 7 санын толағай табыстармен байланыстырады…

Келешек ел басқарар, ел – халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап, өмірдің ең басты  сатысын қалайтын 7 жылдық аз ғана тарихы бар киелі ұяның 270 тәрбиеленушісі, 11 топта тәрбиеленеді. Сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларға арналған 2 арнаулы топта 2 логопед қызмет етеді. Сонымен қатар МДҰ –да ән-күй залы, дене шынықтыру залы, әдістемелік кабинет, логопед және психолог кабинеті, информатика кабинеті, медициналық блок жүйелі жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, зерттеушілік бастамаларды қолдау және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын орындау мақсатында үш тілді меңгерту бағытында тәжірибе алаңы құрылды. Балабақша ұжымы өте ұйымшыл, ауызбіршілігі жарасқан жастардан құралған. Жоғары білімді, жоғарғы санатты тәрбиешілер мен ұлағатты ұстаздар еңбек етіп жүрген тәрбие отауы. Ұжымдағы тату тiршiлiк, жұмыс­тың өрге басуы ең алдымен оның басшысына байланысты. Бұл ретте көргенi жақсы, тоқығаны мол, нағыз бала жанының бағбаны – балабақша меңгерушiсi Ниярова Нұрсұлу Мәдениетқызының еңбегін ерекше атап өткен жөн. Қай маманға да білгір де қамқор басшының көмегі керек-ақ. Тәжірибиелі мамандарды былай қойғанда, жас мамандардың іске төзімді, ұқыпты, жауапты болып қалыптасуы, ұжым басшысының да келбетін айқындаса керек. Білімі терең, мәдениеті биік тұратын, қызметкерлердің іскерлігін айыра білетін Нұрсұлу Мәдениетқызының басшылық бітіміндегі  ұқыптылығына, қырағылығына, байсалды мінезі мен қарапайымдылығына еріксіз сүйсінесің. Ол өзінің шығармашыл инновациялық біліктілігімен, басқару жұмысын жауапкершілікпен ұйымдастырып, қабілетті де қарымды басшы екендігін көпшілікке ісімен дәлелдеген  жан. Балабақшаның әдістемелік жұмысы ретке қойылған. Осы әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін, басқару қызметінің негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарына сауатты, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері және жүйелі басқару мәселелерінде білікті әдіскерлер еңбегі де қашанда елеулі екені ақиқат.

Рухы биік, білімді ұлт қана ұлы мұраттарды бағындыра алады. Адал еңбек ұжымды қашанда биікке көтеріп, мерейін асырады емес пе? Осы орайда ұжымның жеткен жетістіктерін санамалап айтсақ, Дәстүрлі Қазақстан Республикасы тілдері күніне арналған Тіл фестивалі аясында өткізілген «Кел, балалар оқылық!» атты облыстық байқауға қатысып, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін сомдауда, тақпақ және ән айтуда үздік өнер көрсеткендері үшін 2013 жылы 2 дәрежелі дипломмен, Кіші туризмнен мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткен қалалық біріншілікте «Туристік кедергілер» байқауында да 2 орын алғаны үшін, БҚО экологиялық ұйымдарының қауымдастығы қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткізілген «Табиғатты аялайық!» байқауына қатынасып белсенділігі, өскелең ұрпақты  оқыту мен тәрбиелеуде педагогикалық шеберлігі мен өзге ұлт балаларымен қазақ тілін дамытуда шығармашылық ізденістерін танытып, «Қуыр, қуыр, қуырмаш» атты мерекесіне қатынасып, 1 орын алғаны үшін, педагогикалық іс-әрекеттерін жариялау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен қолданғандары үшін, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық ізденістерін танытып, «Көрікті балабақша ауласы» атты байқауына қатынасқаны және өз ауданы бойынша ерекшеленгені үшін т.б. әр жылдары осы мәтіндес дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Тәрбиенің тал бесігі балабақша табалдырығынан бастау алады. Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі тәрбиеден басталады. Балабақша тәрбиешілері алдына жан салмай, «бір жағадан бас, бір жеңнен қолшығарып», білек сыбана кірісіп, бар білген ілім-білімін жас ұрпаққа жалықпай үйретіп келеді. Ұлттық құндылықтарды сыйлайтын ұрпақ тәрбиелеп жатқан ұжым  жұмыс барысында ең алдымен, заңды, одан соң Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаулары мен стратегиялық жоспарын, Елбасымыздың тапсырмаларын, мемлекеттік бағдарламаларды басшылыққа алады. Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде бы­лай де­ген бо­ла­тын: «Ба­ла­ны тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, ке­ле­шек за­ма­ны­на лайық қылып шығару ке­рек». Иә, даналық ой бүгінгі күні білімді ұрпақ ке­рек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі –  жас­тар. Олар за­ман та­ла­бы­на сай тәрбиеленуі тиіс. Осы жолда «өз уақытын аямай, өзгенің бақытын бағалап» жүрген 36 педагогтың тынымсыз, өлшеусіз еңбегінің арқасында балалар жыл сайын балабақшамен қоштасып, мектепке аттанады. Мұнда сондай-ақ сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларға жүргізілген түзету жұмыстары да нәтижелі болып,  тілдерінің түзелуі жоғары деңгей көрсетіп, ата-ана алғысына бөленгендері қаншама?!

Ба­ла тәрбиесі – баршаның ісі.  Отбасының да, балабақшаның да, мақсат-мүддесі біреу ол – за­ман та­ла­бы­на сай ұрпақ тәрбиелеу. Өресі биік, озат, педагогикалық тұрғыда шебер,  ойында биік мақсаты бар педагогтар көп болса, ертеңгі қазақ елінің де еңсесі биік болмақ. Балғын «Балаусаның» бастамашыл істері баянды болып, балаларымыздың балалық шағы бақытты өтсін!

Есенаманова Жұлдыз Темірқызы
Ағылшын тілі пәні мұғалімі

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *