Қарағанды облыстық мамандандырылған
«Дарын» мектеп – интернаты
химия пәні мұғалімі:
Жумагулова Г.С.
Құрастырды: Жумагулова Г.С.
Сабақтың тақырыбы: Алкендер тақырыбын қорытындылау.
Сабақтың типі: бекіту – жүйелеу сабағы.
Сабақты ұйымдастыру формаларының түрі: топтық, жаппай оқыту.
Қолданылған технологиялар: дамыта оқыту, проблемалық, ақпараттық-коммуникативтік, зерттеушілік-әдістемелік, денсаулықсақтау, АКТ технологиялары.
Сабақтың мақсаты: Сабақ соңында оқушылар қанықпаған көмірсутектер жөнінде қосымша мәліметтер арқылы олардың өмірдегі қолданысын ұғынады.
*S (Specific) – нақты: қосымша мәліметтерді арқылы олардың өмірдегі қолданысын білу.
*M (Measurable) — өлшемді: cабақ соңында.
*A (Attainable) – қолжетімді: алкендер тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
*R (Result-oriented) – нәтижеге бағытталған: алкендердің өмірде қандай түрде қолданылатынын, маңызы мен пайдасын айқындайды.
*T (Time-bounded) – белгіленген уақыт аралығы. сабақтың – 45 минут өтуі.
Сабақтың міндеттері:
*білімділік — алкендердің қасиеттерін қарастыра отырып,өмірдегі қолданысын ұғыну.
*дамытушы — оқушылардың зияткерлік ойлау қабілетерінің (талдауы, салыстыруы, себеп-салдарлы байланыс жасай алуы) дамуына мүмкіндік беру.
*тәрбиелік — оқушылардың ойлау қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын: басқа адамның ойын тыңдау, өзінің көзқарасын дәлеледей алуын қалыптастыру.
Оқытудың әдістемелік өлшемі: ҚҚБТ құрастыру, логикалық сұрақтарға жауап, зерттеушілік, өзіндік жұмыс.
Құрал-жабдықтар: АКТ жабдықтары, эксперименттік есептер шығаруға қажетті виртуалды зертханамен жұмыс, карточкалар, бағалау парақтары.
Күтілетін нәтижелер:
- Пәндік құзыреттілік:
а) жаңа химиялық терминдермен танысу: гибридтелу, гидрлену, гидратациялану, крекинг;
ә) алкендердің құрылысына сипаттама бере алу;
б) көмірсутек қосылыстары арқылы бір-бірінен алыну жолдарын қарастыру;
в) көмірсутек қосылыстарының өмірде маңыздылығын түсіну;
- Ақпараттық құзыреттілік:
-берілген түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы: мәтін, кесте, суреттер мен таныстырылым материалдары, виртуалды зертхана жұмысы;
-тәжірибе арқылы көмірсутек қосылыстарының себеп-салдарлы байланыстарын айқындай алу;
- Коммуникативтік құзыреттілік:
-өзіндік жұмыстарды топта, жұпта немесе жеке түрде орындай алады, бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасай алады, алға қойылған мақсаттарды бірлесе отырып шешеді;
-көпшілік алдында өз ойын еркін айтады, алған мәліметтер арқылы нақты бір шешім қабылдауға тырысады;
-бір-біріне дұрыс әрі жинақы сұрақ қояды, бір-бірлерінің айтылған ойларымен келісе отырып, ортақ бір шешімге келеді;
- Басқарушылық құзыреттілік.
— топта оқушылар өздерінің атқаратын қызметін жүйелеп, басқа оқушылардың жұмыс жасауын ұйымдастырады, оқушы өзінің қызметін басқару арқылы тәсіл қолдана алады;
- Жеке құзыреттілік.
— өзін-өзі басқарудағы қабілеттілігінің айқындалуы;
— толеранттылығы;
— өмірлік және кәсіби орнын өзіндік айқындай алуы;
- Технологиялық құзыреттілік.
— АКТ құралдарын, виртуалды зертхананы тиімді пайдалана алуы;
Сабақтың барысы:
I кезең: Жинақтау кезеңі
1) Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сабаққа деген ынтасын аудару үшін интерактивті слайдқа көңіл-күйді көтеру мақсатында смайлик бейнесі келтірілді. Топқа бөлу мақсатында тақтада тақырыпқа сәйкес формулалар көрсетілді. Сол формулалар атауын оқушыларға анықтатып, оқушыларды арнайы карточкалар арқылы топқа бөлу ұсынылды. Оқушылар топқа бөлініп, орындық арқасындағы белгіге (арнайы жапсырылған) қарап, топ көшбасшысы сайланды. Оқушылардың әрқайсысына бағалау парақтары таратылды.
2) Білімнің өзектілігі Ұйымдастыру аяқталысымен, оқушыларға сабақтың тақырыбы айтылып, сол тақырыпқа сәйкес проблемалық мәселе көтеріп, сабақтың мақсатын айқындау ұсынылды. Әр топқа 1-мин уақыт берілді. Әр топ сабақтың мақсатын ұсынды. Осы мақсаттарды бір жүйеге келтіріліп, тақтада сабақтың жалпы мақсаты көрсетілді.
3)Мақсатты тұжырымдау Оқушылардың қойған мақсаттары анықталып болған соң, сабақтың жоспары айтылды. Сабақ жоспары 4 кезеңнен тұрды: әр кезеңде сабақтың мақсаты айқындалып отырды.Теориялық алған мәліметтерді практикамен ұштастыру мақсатында виртуалды зертхана жұмысы жасалып, оқушыларға тиісті реакция теңдеулерін жазу ұсынылды. 1-кезең соңында моделді жауап көрсетіліп, оқушылар өздерін бағалады. Топ пен топ арасында байланыс жасалды: әр топ берген жауаптарын қарап, топқа бағалау берді.
II кезең: Ұғыну кезеңі Теориялық білімдері және эксперименттік тәжіриблерді қолдана отырып, оқушыларға логикалық тапсырмалар ұсынылды. Әр топқа әртүрлі тапсырмалар берілді, кейін оқушылар талқылап болған соң, топ тапсырмалары алмастырылып, топтағы оқушылардың қандай жауап дайындағандары жөнінде білу мақсатында басқа топ оқушылары хабардар болу керектігі ескертілді.
Топтағы оқушылар өздерінің түсініктерін беріп, басқа топ оқушылары жауаптарды толықтырды.
Уақыттың аздығына байланысты ҚҚБТ құрастыру үйге берілді.
III кезең: Рефлексия кезеңі Орындалған кезеңдер бойынша кері байланыс жасалды. Сабақтың мақсаты қайтадан еске түсіріліп, оқушылардың қойған мақсаттары орындалғандығы жөнінде түсінік берілу ұсынылды. Оқушылардың ойларын тыңдап болған соң, рефлексия жасалып, бағалау парақтарын толтырды.
Таныстру Түсіну Қолдану Анализ Синтез Бағалау
Сабақтың құрылымы
Сабақ кезеңдері | Уақыт(мин.) | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Блум таксономиясы бойынша құрылымы | Таныстырылым | |
1 кезең Жинақтау кезеңіСабақтың мақсатының қойылуы
Эксперименттік есептер шығару
|
1.Ұйымдастыру.
3.Оқушыларға сабақтың мақсатын анықтауды ұсыну. 4.Сабақ жоспары.
|
10 |
виртуалды зертханада берілген реактивтер арқылы алкендердің химиялық қасиеттерін қарастырады. |
|
Таныстыру (есте сақтау, түсіндіріп беру, еске түсіру)
Түсіну (өз сөзімен мәлімдеу) |
Эксперименттік есептер шығару (виртуалды зертхана)ҚТЕ сақтаңыздар!
ҚҚБТ – 1 Аспект: білім, біліктерін арттыру. Стимул: Егер эксперимент арқылы реакция теңдеуін жаза алсаңыз, теориялық мәліметтер жөнінде түсінігіңіздің қалыптасқандығы деп білесіз. Құрылымы: 5 мл этил спиртіне шыны таяқша арқылы аздап конц. күкірт қышқылын құйыңыздар. Осы сынауықты аздап қыздыра отырып, түтік арқылы екінші сынауықтағы КМnО4 және бром суы ерітіндісіне бөлінген газды салыңыздар. Не байқадыңыздар? КМnО4 ерітіндісінің түсі өзгерді ме? Не себепті өзгерді? Тиісті реакция теңдеуін жазыңыздар. |
2 кезеңҰғыну кезеңі
Логикалық тапсырмалар ды орындау |
Топтық жұмыс:- жоспарлау және ақпаратты іздестіру;
— ақпаратты іріктеу; — берілген ақпарат арқылы өмірдегі қолданысын айқындау; |
10 | Оқушылар берілген логикалық сұрақтарға жауап беруі үшін оқулық пен қосымшадағы теориялық мәліметтерден жауап іздестіреді. | 1-топ оқушылары этиленнің қасиетіне байланысты өмірден алынған мысал;2-топ оқушылары алкен полимерлеріне арналған сұрақ;
3-топ оқушылары алкенде кездесетін металл иондарының әсері жөнінде сұрақтарға жауап іздестіреді. Топ бойынша орындаған жұмыстарына түсінік беріп, себебін анықтайды. |
Қолдану(тәжірибеде қолдану, жетістікке қол жеткізу үшін мәліметті қолдану)
Анализ (өз білімін көрсету мақсатында бірнеше бөлімдерді қарастыру)
|
Логикалық тапсырмаларды орындауАспект: білім, біліктерін қолдана алу, талдау жасау.
Стимул: Егер логикалық тапсырманы орындай алсаңыз, теориялық мәліметтерді практикамен ұштастыра алғаныңыз деп білесіз. Құрылымы: ҚҚБТ – 2. Саяжайы (дача) бар адамдар картопты күзде жинап, оны жерқоймаға (погреб) сақтайды. Картоппен бірге алманы да бірге салады. Не себепті алма картоппен бірге салынады? ҚҚБТ- 3. Не себепті құс үйшігін пластмассадан жасауға болмайды? Дәлелді жауап беріңіздер. ҚҚБТ – 4. Саяхатқа шыққалы жатқан турист «Суық суға арналған» деген жазуы бар термосқа ыстық шай құйып алады. Ол дұрыс жасады ма? |
3 кезең Рефлексия кезеңіТақырып бойынша ҚҚБТ тапсырманы құрастыру.
|
Сабақта жұмыс формаларын ұйымдастыру (топтық) | 20 | Мұғалімоқушылардың ҚҚБТ құрастыру кезіндегі әрекеттерін түзетеді. Басты мақсат – алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыра алуына бағыттайды. | Оқушылар қосымша материалдарды пайдалана отырып, ұсынылған критерийлерге сәйкес құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған есептер құрастырады. Басқа топ тапсырмасын орындайды.Топ бойынша берілген тапсырмадағы мәліметтерді жинақтай отырып, себебін анықтайды.
|
Синтез(орындайтын тапсырма арқылы жақсы нәтиже шығару)
Бағалау +құру (қарама-қарсылық туғызуға шешім қабылдау, орындалған тапсырма бойынша пікірлерін білдіру) |
Органикалық химия. «Алкендер» тақырыбы бойынша оқушылар құрастырған ҚҚБТ үлгілері:Аспект: алған білімдерін жинақтау мақсатында өзіндік тұжырым жасау.
Стимул: Егер құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құрастыра алсаңыз, алкендер тақырыбы бойынша толық мағлұмат білгендігіңіз. Құрылымы: ҚҚБТ – 5: Қолтырауын Гена достарымен үй салып жатты. Сваркаға арналған 50кг кальций карбид ібөшкеде болды. Шопокляк оларға зиндық жасау үшін ½ шелек суды бөшкеге құйып жіберді. Ал бөшкеге көлемі 10 л су сияды. Анықтаңыздар: Шопокляк барлық кальций карбидін құрта алды ма, егер ұзындығы 3 см, ені 6м, биіктігі 2м бөлмеде бөшке тұратын болса? Ең аз қопарылыс беретін ацетилен (С2Н2) 3% құрайды. ҚҚБТ – 6: 1) Саяжайдағы көкөністерді сақтау мақсатында Х газы қажет болды. Ол үшін массасы 56 кг этил спиртін дегидраттау қажет болды. Осы газды анықтаңыздар; 2) Алынған қанықпаған көмірсутект массасы 45г этан арқылы өткізілді. Шыққан қаныққан көмірсутектің шығымы 30% болса, оның практикалық массасын анықтаңыздар. ҚҚБТ–7: Ас үйдегі газ пешінде қолданылатын алканның массасы 5,75г, массасы 9,27 г хлорды қосып алса, реакци нәтижесінде түзілген заттың массасын есептеңіздер. ҚҚБТ – 8: Массасы 58г пентанды хром (ІІІ) оксиді катализаторы қатысында қыздыру нәтижесінде алынған қанықпаған көмірсутектің массасын табыңыздар. ҚҚБТ – 9: Бұл газ полиэтилен өндірісінде кеңінен қолданылады. Осы белгісіз көмірсутектің 73,85% берілген. Осы заттың құрамындағы сутектің массалық үлесі 13,07%, құрамындағы ОН тобының пайызы 13,07% болатын СхНу табыңыздар, егер оның ауа бойынша тығыздығы 4,48 құраса. |
Рефлексия | Жалпы рефлексия. Балдар жинағы. Сабақты қорытындылау. | 5 | Өзіндік бағалау схемасымен жұмыс жасатады. | Қорытындылау. | — Мен көп жаңа мәліметтерді білдім.- Бұл маған өмірде керек болады.
— Сабақта мені ойландыратын жағдай туындады, мен жауап бере алдым. — Мен сабақта жақсы жұмыс жасадым және мақсатқа жеттім. |
|
Үй жұмысы | Қосымша материалдарды қолдана отырып, алкендер тақырыбы бойынша АВС деңгейлі тапсырма құрастыру. |