Басы » Технология » Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол

Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол

tanbiУтегенова Таңбибі Сиыққызы.

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы.

 №13 орта мектеп гимназиясының

технология пәнінің мұғалімі. 

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киімі-қамзол.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға қамзол және оның түрлері жайлы мағұлмат беру, қамзолдың шығу тарихымен, қамзолға қажет мата түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, қызығушылықтарын, эстетикалық талғамын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың  ұлттық санасын қалыптастыра отырып, шыдамдылыққа, жинақылыққа, жауапкершілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: СТО.

Сабақтың көрнекілігі: Интеракативті тақтамен жұмыс.

Пән аралық байланыс: Тарих, сызу, бейнелеу өнері.

І. Қызығушылықты ояту «Ойлану баспалдағы» стратегиясы.

Ұлттық киім?

Ұлттық киім түрлері қандай?

Ұлттық киім түрлері неден тігіледі?

Ұлттық киім түрлерінің тігілу технологиясы қандай?

(Осы сұрақтарға оқушылар ұлттық киімдер туралы бұрынғы білетін білімдері арқылы жауап береді).

ІІ. Мағынаны тану «Түртіп алу» стратегиясы.

Интеракативті тақтадан төмендегі кесте көрсетіледі де, оқушыларға мәтін таратылады.

Маған таныс ақпарат Мен үшін жаңа ақпарат Менде басқа ақпарат Түсінбедім, сұрақ
v + ?
Камзол – ұлттық киім, мақпалдан тігіледі, астары болады. Өңірінің сәл – пәл жетпей тұратыны. Камзол ұзын, ал кәжекей қысқа ұлттық киім. Кәжекей дегеніміз ұлттық киімнің басқа түрі емес пе?

Алдымен оқушылар оқулықта берілген «Қазақ халқының ұлттық киімі — камзол» деген тақырыпты оқып отырып, карандашпен белгі қойып отырады. Яғни, тақырыптағы берілген таныс ақпаратқа – v (қанатша), жаңа ақпаратқа — + (қосу), басқа ақпаратқа — – (алу),  түсінбеген жерге — ? (сұрақ) қойып, кестені толтырады. Сұрақтарға сынып оқушылары жауап береді, бір – екі сұраққа жауап мұғалім тарапынан болады.

ІІІ. Ой толғаныс «Кластер»

сәукеле
Үкі телпек
Термелі орамал
камзол
бешпент
кажекей

 

 

 

 

 

 

 

Қамзол

 

Астарлы                                   Жеңсіз                 Жеңіл жаздық киім

 

 

                    Жасауға қажетті маталар жеткілікті

 

 

 

Әдемі дизайн                                         

         Қамзол Берік, әрі төзімді

 

 

 

Жас ерекшелігіне сай                                                                            Жасалу сапалы

 

  1. Қамзолға қажет мата түрлері

 

 

Барқыт                                      Пүліш                      Мақпал      

 Мата (лат. текстиле — мата, материя) — химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар,  жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.

Барқыт — бет жағы тығыз түкті, жұмсақ мақпал мата. Жіңішке жолақтарының арасы тақырланып келген түрін шибарқыт деп атайды. Түгі қалың болып, жолағы жуан келсе жуан шилі барқыт деп аталады.

Мақпал — жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың үш түрі бар: қара мақпал — қара барқыт; қой мақпал — түкті пүліш; қырмызы мақпал — қызыл күрең барқыт. Қазақ халқы мақпал деп көбіне бір тегіс, түгі тықыр әрі түсі қара барқытты атаған. Мақпалдан бешпет, қамзол, кәзекей, тақия, қасаба, бөрік, т.б. ұлттық киім түрлері мен күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (тұскиіздер, төсек жапқыш, т.б.) тігіледі.

Қамзолдың түйме орнына қапсырманы пайдаланады. Қамзолға астарлық үшін атлас матасын қолданады.

  1. — Жалпы, бүгін біз сіздермен қазақтың ұлттық киімі-қамзол және оның түрлері, шығу тарихы, қамзолға қажет мата түрлерімен таныстық.
  • Сабағымызды қорытындылай келе, мен сіздерге бүгінгі өткен сабақ бойынша сұрақтар қоямын.
  • Қамзол нешінші ғасырда кең тарады?
  • Бет жағы тығыз түкті жұмсақ мақта матаны атаңыз?
  • Қамзолда түйме орнына қолданатын затты атаңыз?
  • Қамзолды қандай маталардан тігеді?
  • Қазақ халқының ұлттық киімін атаңыз?

 

  1. Үйге тапсырма: сөзжұмбақ, реферат дайындап келу.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *