Басы » Баяндамалар » Дарынды балалармен жұмыстың жаңаша түрі

Дарынды балалармен жұмыстың жаңаша түрі

Дарынды балалармен жұмыстың жаңаша түрі

Истлеуова  Бибигуль  Мажитовна

Ақсай  негізгі  мектебі.  Қобда  ауданы

«Ұрпағымыз бәсекеге қабілетті болу үшін

алдымен білім жүйесін нықтап алуымыз

қажет»

М.Әуезов.

  

Өзектілігі:  Оқушылардың өзіндік танымдық жұмыстарын ұйымдастыру, оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу арқылы ғылыми ізденіске жетелеу.

Мақсаты: Оқушыларды білім жүйесімен ғана қаруландырып  қоймай, олардың назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін, басқа да қасиеттерінің жетілуіне жағдай жасау.

Міндеттері:

  1. Пән бойынша оқушының білім, білік, икем дағдыларын тереңдету.
  2. Тапсырманы орындауда себебін анықтап, қортынды жасай білуге итермелеу.
  3. Баланы қызықтыратын  тақырыптар бойынша ғылыми ізденістеріне көмектесу, білім жолын тереңдету.

Жалпы «дарындылық» феноменін алғаш зерттеуден бастап-ақ ғылымда екі бір-біріне қарама-қарсы «био» және «социо» бағыттары қалыптасқаны аян. Дарындылықтың негізгі басымды қозғаушы күші тек қана генетикалық нышандар болып табылады деген пікір

Ф. Гальтон, Г. Айзенк еңбектерінда айқын көрінген. Екінші бағытты ұстанған ғалымдар негізгі фактор ретінде қоршаған ортаны қарастырған. Ал қазіргі таңда А.Т. Асмолов негіздеген ұстаным әлдеқайда өміршең екендігін дәлелдеп отыр. Л.С. Выготскийдің теориясын негізге алған бұл бағыт «дарындылықты» білімді өз бетінше игеру, ашу, жаңа жағдайда көшіре білу, мәселені мақсатты шешу, бір сөзбен айтқанда, «интеллектуалды дарындылық» ретінде зерттейді.

Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы», — деп атап көрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Шығармашылық қабілет – бұл бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері – шығармашылықтың нәтижесі.

Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.

Дарында балаларды анықтағанда және олармен жеке жұмыс жүргізгенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайына назар аудару керек. Дарында баламен жұмыс жасай алатын мұғалімнің сыныптағы атмосферасы мен дамытушылық жігері жағымды танылуы тиіс.

Осындай туындаған проблеманы шешу жолын іздеудегі мақсатым – оқушыларға сапалы да, тиянақты білім берудің негізі — өз пәніңді жан-жақты игеру, оқушы сапасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану.

Ұстаз ретінде өзімнің оқытып жүрген оқушыларымның өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана оларды дамыту деңгейіне орай әдіс-тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып келемін.

Мұғалімнің шеберлігімен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу арқылы ұйымдастырылған сабақтар, үйірмелер, факультатив сабақтар оқушылардың дарындылығын дамыту жолдарының бірі болып табылады.

Сабақ, үйірме барысында оқушылардың өздігінен ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ әдістерін қолдануға тырысамын.

Дарындылықты дамыту шаралары: баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге жоспар құру.

Аз да болса өз еңбек тәжірибемде ойлау, қабылдау, есте сақтау қаблеттері ерекше     балалармен жұмыс жасау бақытына ие болдым. Дарынды балалармен жұмыс жасағандағы маған ұнайтыны, біреуінің ойлағанын екіншісі басқа қырынан жеткізе білетіндіктерінде. Қазіргі мен сабақ беріп жүрген 7-сынып оқушыларының ішінде қазақ  тілі пәніне, ән өнеріне, би өнеріне, мәнерлеп оқуға, бейнелеуге бейімі жоғары оқушылар бар. Әрбір сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарды осы балалардың қабілетінің ары қарай дамуына көмек беруді ұстаздық парызым деп санап, үнемі үздіксіз жүргізіліп отырған жұмыс түрлерін басқа ұстаздармен бөлісуді жөн көріп отырмын.7-сыныпта әдебиет  пәніне қабілеті жоғары екі оқушы бар. Ол оқушылармен  жұмыс жүргізу төмендегі кезеңдер арқылы жүзеге асады:

  1. Қабілеті жоғары деген оқушыны мұғалім толық зерттеуі керек. Мысалы оқушыға педагогикалық-психологиялық карта құру, бала бейімін анықтаудың ең басты жолы болып табылады (үлгі).
  2. Мінездеме, қабілет бағытын анықтау(үлгі).

—         Тулебергенова  Балсұлу  7-сынып оқушысы – әдебиет  пәнінен өте алғыр,ауызша, жазбаша шығармаларға  шапшаң,тапсырманы өз бетімен орындағанды  ұнатады.

—         Сыныптастарына әрқашан қолұшын беруге әзір. Әкесін, анасын және кішкентай інісін өте жақсы көреді.

—         «Жас  тілші» үйірмесіне  барады.  Жазушы  болғысы келеді.

—         Болашақта кім боласың? –деген сұраққа… — Әлі ойланған жоқпын дейді, салмақтылық танытып.

—         Қандай пән ұнайды? – деген сауалға (оқушының  жауабы)

—         Маған әдебиет  пәні ұнайды. Өйткені бұл пән адамның тілін  дамытады, шығармашылыққа  үйретеді.

Зерттеу қортындысы:

«Мінезі сабырлы, тиянақты, ойланып сөйлейді, әр ісінде байсалды. Өзіне сенімді, достарының алдында мақтанғанды ұнатпайды, отбасы тәрбиесіне түзу көзқараспен қарайтын, өтірік айтпайтын, үнемі сөзінде тұратын, әрқашанда сабаққа кең дайындықпен келетін үздік оқушы».

Осылай қабілетті балалардың мінез-құлықтары толық зерттелгеннен кейін сынып ішіндегі бейімі ұқсас балалардан топ құрылады (бұл бала бейіміне қарай жұмыс жоспарын құру үшін жасалады).

  1. Балаларды бейімі жағынан топтастырып, олармен жұмыс жоспары құрылады.
  2. Сол жоспар бойынша сабақ кезеңдерінде және сабақтан тыс уақыттарда баланың деңгейіне сай тапсырма түрлері дайындалып, бала оны орындау барысында өзінің жолын, іздейтіндей төмендегідей жағдай жасалады.

Жобамен жұмыс 4 кезеңді қамтиды:
• Жоспарлау;
• Талдау кезеңі;
• Ақпаратты жалпылау кезеңі;
• Алынған нәтижэені көрсету кезеңі.

І кезең. Жоспарлау.
Бұл кезеңде тақырыпты топ болып талқылау кезеңі болады. Оның нәтижесінде 5-6 тақырыпта бөлініп шығады және оны орындаушылар анықталады. Жобаны жоспарлау дегеніміз орындалатын іс-әрекетті жоспарлау болып табылады.
ІІ кезең. Талдау.
Бұл дербес жүргізу, ақпарат алу және талдау кезеңі болып, мыналарды орындауды талап етеді:
1) Жобаға қатысушылардың әрбіреуінің міндеттерін дәлдей түсу және анықтау;
2) Ақпаратты іздеу және жинақтау. Ақпаратты жинақтау тәсілін оқушы мен мұғалім бірлесіп таңдайды. Оған бақылау, анкеталау, социологиялық сауалнама, интервью, эксперимент жүргізу, әдебиетпен жұмыс жатады. Оқушы зерттеу әдістерін пайдалануда мұғалім кеңес беріп отырады. Бұл кезеңде оқушылар ақпаратты іздеудің, оны салыстырудың және класификациялаудың, байланыстарды орнатудың және аналогияны жүргізудің, талдау мен синтезді тжүзеге асыру, топта жұмыс істеу дағдысын меңгереді; жеке бақылу мен эксперименттен, басқа адамдармен қарым-қатынастың, әдебиетпен, жұмыстан алған пікірлерді үйлестуре үйренеді.
ІІІ кезең. Ақапаратты жалпылау.
Бұл кезеңде алынған ақпаратты құрылымға келтіруге және алған білім, іскерлікпен дағдыны жинақтау жүзеге асырылады.
ІV кезең. Зерттеуден алынған нәтижені көрсету.
Бұл кезеңде оқушы алынған мәліметтерді және нәтижеге жетудің тәсілдерін ұғынады. Оқушылар ақпаратты алуының және талдануының әдіс-тәсілдерін суреттейді, алған білімі мен іскерліктерді көрсетеді.

Осыдан-ақ дұрыс, жүйелі, тиімді жолға қойылған жоспар мен атқарылған жұмыстың арқасында дарындық қасиеті бар баланың одан әрі қабілетінің дамуын арттыруға қолұшын беру, баланың болашағына кең, жол салумен бірдей деп ойлаймын. Сонымен қатар оқушының білімінің тереңдеп, танымдық-ғылыми бейнесінің қалыптасуына септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *