Теректі ауданы
Подстепный №1 ЖОББМ
Мырзағалиева А.Т.
Физика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Булану және конденсация. Меншікті булану жылуы.
Сабақтың мақсаттары: Б: Сұйықтардың газға яғни буға айналу процесімен таныстыра отырып, оған кері процестің болуын ұғындыру
Д: Өмірде, практикада осы қасиетерін ескере отырып, маңызын түсіндіріп, қолдана алуға үйрету
Т: Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа үйрету
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі –илюстративтік
Сабақтың көрнекіліктері: Слайдтар, судың қайнауы, дистерленген су алу
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі: «Даналар сөзі — ақылдың көзі»
Білмеген ұят емес,
Білгісі келмеген масқара. (Сократ)
2.Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:
А) заттың агрегаттық қандай күйлерін білесіңдер?
Б) Қатты заттың сұйыққа айналуы, кері процесс қалай аталады?
В) Мұздың балқу температурасы 00С деген нені білдіреді?
Г) Алюминий қандай температурада балқиды?
Д) Балқу немесе қатаю кезіндегі энергия түрленулерін қалай түсіндіреміз?
- Жаңа сабаққа ену проблемасы:
*Химия сабағында тәжірибе жасап жатқан Досым Ашық ыдыста тұрған этил спиртін таба алмай қапа болды. Этил спирті қайда жоғалды? Жауап: Ашық ыдыста болғандықтан ауаға ұшып жоғалған.
* Есеп шығарып отырған Талап кофе ішпек болып ,газге қойған шәйнекті ұмыт қалдырған. Есебінің жауабын тапқан ол, -енді кофе ішуге болады деп тұра жүгіргенде, таң қалып тұрып қалды. Неге? Қалай?
Жауап: Қайнап –қайнап таусылған чайник бос қалған, буға айналып ұшып кеткен.
Міне, балалар,- өмірде кездесетін осындай құбылыстардың мән-мағнасын ғылыми тұрғыдан түсіну үшін жұмыстанамыз, бүгін!
4 .Жаңа сабақ : «Булану және конденсация. Меншікті булану жылуы»
*** Суретке қарап ой түйіп үйренейік
***Оқушылар жауабы:
Бірінщісінде, жер бетіндегі сулардың булануы арқылы бұлтқа айналып, соның есебінен жаңбырдың жаууы
Екіншісінде, қайнату арқылы суды буға айналдыру
Осы жерде мынандай сұрақ туады:
Бұлардың екеуі де булану процесі, осының қайсысы табиғи түрде, қайсысы жасанды түрде болып
жатыр?
Сонымен буланудың екі түрі болады екен: Табиғи түрі-кебу, жасанды түрі-қайнау
*** Буланудың негізгі қасиеттерін немесе қандай шамаларға тәуелді екенін білу үшін берілген мына
сұрақтарға жауап беруге ойланайық.
-Дәптер бетіне май, су, және спирт тамызылды, олардың булануы немесе кебуі жөнінде не айтуға
болады?
Жауап: үш сұйық үш түрлі кебеді, алдымен спирт, екінші су ал үшінші май
-сонымен түйін қандай? Жауап : Кебу сұйықтың түріне тәуелді
-Масасы 50 гр суды табақшада және стақанда қалдырып, бір аптадан соң қарағанда не болады?
Жауап: Стакандағы су аздап бар ,ал табақшадағы су кеуіп қалған.
Неге?
Себебі: Табақшадағы ұшып шығатын су молекулаларының саны , стаканнан ұшып шығатын молекулалар санынан 10 еседей көп болады, сондықтан бірінші кебеді.
Түйін қандай? Кебу немесе булану беттің ауданына тәуелді болады.
Ал, балалар, үшінші тәуелділікті мен өзім айтамын, оны мысалмен өздеріңіз түсіндіріп көріңіздер
-Булану заттың температурасына да тәуелді болады екен
Оқушы жауаптары: * ыстық су салқын судан тез буланады…
*Ыстық суға шайған киім,салқын суға шайғаннан тез кебеді екен…
Сонымен қатар әр сұйықтың булану жылулары әр түрлі болады.
**Ендеше кез- келген 1 кг сұйықты түгелдей буға айналдыруға қажет болатын жылуды көрсететін физикалық шама сол сұйықтың меншікті булану жылуы деп аталады, оны r әріпімен белгілейді.Сұйықтардың меншікті булану жылулары кестеде беріледі.
(Мысалы кестеден табуға үйрету )
Булануға кері процес болуы мүмкін бе?.Мысал келтір (Монша)
Сонымен, Қатты Сұйық » Балқу (Энергины жұту есебінен)
Сұйық Қатты » Кристалдану (Энергины шығару есебінен)
Сұйық Газға » Булану (Энергины жұту есебінен)
Газ Сұйық » Конденсация (Энергины шығару есебінен)
- Бекіту: «Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні:»
*Булану дегеніміз-Сұйықтың буға айналу процесі, ол энергияны жұту есебінен болады
*Булануға кері процесс конденсация деп аталады, ол будың салқындауы кезінде болады, яғни энергияны шығару есебінен болады.
*Буланудың екі түрі бар, кебу және қайнау
*Б-бір мөлшердегі сұйықты буға айналдыруға қажет жылуды есептеу формуласы:
Q=r·m
Есептер шығару:
№1. Массасы 3 кг су мен аммиакты буға айналдыруға қажет жылуды есептеп, салыстыр.
№2. Жазды күні ыстықта судан шыққан Асан қалтырап тоңа бастады да, Үсен үстін орамалмен сүртініп,
тамақ әзірлеуге кірісті. Асан неге тоңды?
Практикалық жұмыс:
Қайнап жатқан су, одан бөлінген бу құбылысын бақылай отырып, ғылыми тұрғыдан түсіндір
Үйге тапсырма: §15,16 7- жаттығу №2 «Қаныққан және қанықпаған бу» мини реферат