Басы » Өзін - өзі тану » Өмір, сен маған қымбатсың !

Өмір, сен маған қымбатсың !

                                  Өмір, сен маған қымбатсың !

БҚО.Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы,

№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің психологі

Орынғалиева А.С.

/ ой – бөлісу , пікірлесу , тренинг , жаттығулар

Мақсаты :

— өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне түсіну;

— адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту

— балалардың ойын ашу , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру .

көрнекілік : “ Өмір — қымбат сый ”.

“…Әрбір қиын мәселенің шешілетін жолы бар .”

“ Өз өмірің , өз әлемің өз қолыңда .”

“ …Өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес .”

деген нақыл , мағаналы сөздер жазылды .

Бірінші біз іс – шарамызды бастамас бұрын Ереже қабылдап алайық.

Ереже : — біз тыныштықты сақтаймыз ;

— бір – бірімізді тыңдаймыз ;

— өз ойларымызбен бөлісеміз;

— сезімдерімізді сыйлаймыз ;

— бір – бірімізді мазақ етпейміз ;

— уақытымызды үнемдеп , қысқа да нұсқа жауап береміз;

— тәртіппен , өз кезегімізбен сөйлейміз ;

— мектеп ережесін бұзбаймыз ;

Психолог сөзі : — Өмір – ол адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый . Осындай сыйды саған сыйлаған кім ?…

Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың ,

ол сенің ата – анаң .Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек ,айтады – ғой,

“Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың” -деп. Себебі , біріншіден ол саған “өмір” сыйлады , саған жарық дүние көрсетті , сені өсірді , сенің ыстығыңа күйді , суығыңа тоңды, түн ұйқы-

сын төрт бөліп сені аялады , тәрбиелеп өсірді .

Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа , сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің.

Өз өмірің , өз әлемің өз қолыңда ! Біреуге ренжіп ,біреуді кінәлап , мін

тағу дұрыс емес . Өмірдегі қайғыны , қиындықты , сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа , жақсы ойлар ойлау керек.

Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен , сәттілік пен сәтсіздіктен , қайғы мен қуаныштан құралады . Міне өмірдің өзі біле – білсең сонысымен қымбат.

Енді осы өмір туралы ойларымызды тренинг – жаттығу жасау арқылы жалғастырайық . Қызығушылықты ояту

“ Ойлануға арналған балықтар ” жаттығуы. ( сұрақ – жауап түрінде )

— Өмір дегеніміз не , қалай түсінесің ?

— Өмір сүру жақсы ма ,әлде жаман ба ?

— Сен бақыттысың ба ?

— Сені не қобалжытады , сондай кездерің болады ма?

 

— Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса , сен не істейсің ?

— Сенің мінезіңнің жаман , жақсы жақтары қандай ?

— Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің ?

Мағынаны тану

Психолог сөзі : Сонымен өз ойларыңмен бөлісіп , пікірлестіңдер,өмір сүру үшін күйретуші ойлардан аулақ болуымыз керек екен ұқтыңдар.

Мазасыз жаман , жағымсыз , мағынасыз ойлар адамды психикалық , тәндік жарақатқа шалдықтырып , тіпті өлімге әкеліп соғады .

Өздерің ойлаңдаршы ? Сонда не өзгереді ? Одан сен не ұтасың ?

Оның кімге пайдасы , кімге зияны тиеді ? …

Ештеңе де өзгермейді , ештеңе де ұтпайсың , еш пайдасы жоқ , керісін —

ше өзіңе жақын адамдарыңа зияныңды тигізесің .

Әрине дұшпаныңа күлкі , достарыңа , ең қымбат адамыңа , ата – анаңа,

бауырларыңа орны толмас қайғы , қасірет әкелесің , одан басқа ештеңе жоқ. Өмірдегі кездесетін сәдсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп ,не істесеңде ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы , шыдамды , төзімді болуды үйрен .

Өмірде бәріде өткінші екенін ұмытпа . Ерте ме , кеш пе ол дүниеге бәрі- бір барарымыз анық , сондықтан асықпа .Сол өлшеулі уақытқа дейін бә-

ріне төзуіміз керек.

Мысалы : Дінде “ Алла саған өмір берді , сол Алланың бұйрығымен өмір- іңді Алла ғана алады .” делінген. Өз -өзіне қол жұмсау кешірілмес үлкен күнә болып есептелінеді Міне сондықтан ондай ойлардан аулақ болайық.

Әрі қарй ой бөлісу , пікірлесу үш тағы жаттығу өткіземіз.

“ Сөйлемді жалғастыр ” жаттығуы .( жазылған сөйлемді өз сөзімен толық-

тырып жазып , ой қорту .)

— Жақсы өмір — бұл …..

— Баққытты адам — ол ……

Психолог сөзі : Әрине өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес .

Өмір — өзен ағып жатыр , тынбайды ,

Өмір болмас қасіретсіз , мұң қайғы ,

Сондықтан да , өз — өзіңе абай бол ,

Өмір сені сонда ғана шыңдайды . — деп ақындар жырлағандай , Өмір — арнасы кең өзен , сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес , ол үшін қандай да бір қиын-

дықтарға , кедергілерге кездесуің мүмкін .Ал енді біреулерге қиындықтар

кездеспеуі де мүмкін . Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық , көреал-

маушылық танытпа ,өз мақсатың үшін күресе біл .Өзіңнің күшті жақта-

рыңды көрсет , әлсіздік , шарасыздық танытпа . Сен өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің . / “Екі бақа” аңызы мысалға келтіріледі ./

Ал сен біреуге ренжіп неге оп оңай өле салуың керек , бақа ғұрлы жоқ-

сың ба ? Бақа да өз өмірі үшін күресіп ақыры жеңіске жетті .

Адам өзін — өзі тәрбиелеуі , алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа

жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып , “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстауы қажет .

Біз өмірде өзімізге мақсат қоя білеміз бе ? осыны тренинг жаттығу жүргізу арқылы тексеріп , дәлелдеп көрейік .

“ Егер сен ағаш болсң ” тренинг . балалар ,(жапырақ , діңгек , тамыр) біреуін таңдаулары керек , неге таңдағандарын айтып түсіндірулері қажет.

жапырақ — ол көктейді , гүлдейді;

діңгек — барлық ауыртпашылықты , жпуапкершілікті көтереді ;

тамыр – ол арқылы бүкіл ағаш қоректенеді ;

Келесі тренинг “ Менің мақсатым .” Сендер әрбіреуің бір – бір үйдің гүлісіңдер , сондықтан өз мақсаттарыңды берілген гүлдерге жазып осы ағашқа ілулерің керек .

Психолог сөзі : Осы мақсатымызға , арманымызға жету үшін не істеуіміз керек.? Ол үшін ең бастысы денсаулығымызды сақтауымыз керек.

Өмір арпалыс , күрес .Бұл табиғат заңдылықтары .Өмірде мойымағандар тарихта аттарын қалдырып кеткен , ел есінде сақталған адамдар .

Сондықтан осындай адамдарды өздеріңе үлгі тұтыңдар .

Қане кімде осындай үлгі тұтар адамдарың бар ? ( қысқаша өнегелі өмірлерін айтып беру .)

Адам өзіне — өзі ,өз ісіне сенімді болуы керек , олай болса келесі жаттығуымызды жасайық .

“ Өзіндік бағалау маршы ” жаттығуы .

мақсаты: өзіне деген сенімділігін дамыту .

Ой толғаныс

Психолог сөзі : Қымбатты балалар !  Қызықты өмір сүру үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Мен қазір  сіздерге психологиялық кеңес беремін , естеріңе ұстаңдар .

Психологиялық кеңес : қызықты өмір сүру үшін … — ай сайын жаңа кітап оқы  оқығандарыңды көңіліңе тоқы

— икемің бар іспен айналыс , мысалы (ән айту , би билеу , шеберлік істер )

— әрбір демалыс күніңе жоспар жасап, қызықты өткізуге тырыс ,

— ертеңгілік жаттығу жаса , сергек жүресің

— ата – анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа көмектесіп тұр.

— әр айдың бір күнінде өзіңді басқа біреудің орнына қойып көр , содан

өзгеше ойлап , тәлім алуға тырыс ,

— әр күні кешке “ мен бүгін не істедім?” деп өзіңе есеп беріп үйрен

— күнделік жазуға дағдылан , ол сенің ең сенімді серігің бола алады .

Олай болса балалар бүгінгі күнімізге ризамыз ба ?

Бәріміз РИЗАМЫЗ деп үш рет қайталап айтамыз.

 

Психологиялық кеңес :

 

— қызықты өмір сүру үшін … — ай сайын жаңа кітап оқы  оқығандарыңды көңіліңе тоқы;

— икемің бар іспен айналыс, мысалы (ән айту, би билеу, шеберлік істер );

— әрбір демалыс күніңе жоспар жасап, қызықты өткізуге тырыс;

— ертеңгілік жаттығу жаса , сергек жүресің;

— ата – анаңа, бауырларыңа т.б. жақындарыңа көмектесіп тұр;

— әр айдың бір күнінде өзіңді басқа біреудің орнына қойып көр , содан

өзгеше ойлап, тәлім алуға тырыс;

— әр күні кешке “мен бүгін не істедім?” деп өзіңе есеп беріп үйрен;

— күнделік жазуға дағдылан, ол сенің ең сенімді серігің бола алады;

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *