Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Етістер. Өздік етіс

Етістер. Өздік етіс

Мaizadaұғалжар ауданы,Құмжарған негізгі мектебі   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Балгарина Айзада Романовна.

 

С/тақырыбы:

С/түрі: ашық

С/мақсаты: Білімділік: Оқушыларға етістерді түсіндіре отырып, етістің бір түрі өздік етісті түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, сөйлем ішінен өздік етісті таба білу.
Тәрбиелік: өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.
С/көрнекілігі:  слайд,кесте,бағалау парағы,кеспе қағаздары.

С/барысы:    І.Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

238-жаттығу. Етістіктердің қосымшасын дефиспен бөліп,көшіріп жазу.

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.

Ереже жазу.

Салт Сабақты

 

ІҮ. Жаңа сабақ.

Етістік   (үлкен сөз табы)     Етістіктің 4 категориясы

 

Етіс                          Есімше                        Көсемше                              Тұйық етістік

 

Етістіктің де,            Негізінен үстеудің                 -у жұрнағы

есімдердіңде             қызметін атқарады.                 арқылы

қызметін атқарады.     Етістіктің қызметін                  жасалады.

атқарады.

Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз  Етіс. Өздік етіс.

 

 

Етіс Етістің түрлері
Қимылды,іс-әрекетті және осы әрекет пен оны жүзеге асырушы арасындағы қатынасты білдіретін етістік түрі етіс деп аталады.

Мысалы: Балаларға тез тапқызып алды. Мұғалім оқушыларға диктант жаздырды.

  1. Өздік етіс
  2. Өзгелік етіс
  3. Ырықсыз етіс
  4. Ортақ етіс

 

Өздік етіс Өзгелік етіс Ырықсыз етіс Ортақ етіс
Қимыл,әрекетті жүзеге асырушыны тікелей, нақты көрсететін етіс түрі.

Мысалы: Дархан мұғалімнен ертерек сұранып кетті. таран,қаран, оран,т.б.

Іс-әрекеттің екінші біреу арқылы істелгенін немесе біреуге орындатқанын білдіретін етістің түрі. Мысалы:  Жиналыста Шолпанды да сөйлеттірді.  сызғыз,таныт,алдыр, сендір,т.б. Қимыл,әрекет иесі белгісіз болатын етістің түрі.  Мысалы:  Жауап берілді. Бөлме тазардылды, гүлге су құйылды, бақшадан жеміс терілді.  жуылды, терілді, шешілді. Іс-әрекет істеушінің  бірнешеу екенін, қимылдың орындаушысы екеу немесе одан да көп екенін білдіретін етістің түрі. Мысалы:  Гүлсім үй жинасты. айтыс,таныс,құшақтас, сөйлес,т.б.

Жасалу жолдары:

Өздік етістің жасалу жолдары Өзгелік етістің жасалу жолдары Ырықсыз етістің жасалу жолдары Ортақ етістің жасалу жолдары
-ын: жуын,тағын,жасырын

-ін: киін,сезін

-н:(дауыстыдан кейін жалғанады) таран, қаран,оран

-ғыз,-гіз,-қыз,-кіз:

Сызғыз,кигіз, ашқыз,күткіз

-дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір:

Алдыр, сендір, астыр, батыр,бітір

-т(дауыстыдан кейін) оқыт,таныт, паналат.

-ыл,-іл,-л: жуылды, терілді, күрелді.

-ын,-ін,-н:  етістік негізінде -л дыбысынан аяқталса ,онда ырықсыз етіс болады. ал-ын-ды, сал-ын-ды

-ыс,-іс,-с:

Айт-ыс, ал-ыс, сөйле-с, сыйла-с, көр-іс, бөл-іс

 

Ү. Оқулықпен жұмыс.

239-жаттығу. Тақтамен жұмыс. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды  қойып жазыңдар.

241-жаттығу.  Өздік етістерді көшіріп жазып, қосымшаларын дефиспен бөліп жазу.

(дәптермен жұмыс)

Үлгі:    сый-ын-а-ды   (-ын-өздік етіс жұрнағы,-а-көсемше ж.-ды-жалғау.)

жасыр-ын-ба-с (-ын-өздік етіс жұрнағы, -ба-белгісіздік есімдігінің жұрнағы,-с-есімшенің жұрнағы),  тарт-ын-шақ (-ын-өздік етіс жұрнағы,шақ-жалғау)

242-жаттығу. Өздік етіс жұрнағын жалғап, сабақты етістікті салт етістікке айналдыр.     (Кеспе қағазымен жұмыс)

Сабақты етістік Өздік етіс Салт етістік
Көр -ін Көрін
Қыр -ын Қырын
Сүрт -ін Сүртін
Тара Таран
Ки -ін Киін
Шеш -ін Шешін
Сәнде Сәнден

 

ҮІ. Сатылай кешенді талдау.

Жуын

жу-ын

  1. Сөз екі құрамнан тұрады

2.Тұлғасына қарай:туынды

3.Құрамына қарай:дара

4.Лексикалық мағынасы: іс бір адамға қатысты

  1. Грамматикалық мағынасы: етістік, етістіктің категориясына қарай етіс, етістің түріне қарай өздік етіс .

Сергіту сәті

Ата мен әже, ана да,

Алма мен алмұрт тереді,

Ауырға Арман бала да,

Арбамен тасып береді

ҮІІ. Тапсырмалар орындау

  1. Тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқып өздік етістерді тап.

Қонақтың бас-аяғы жиналып,шешініп,қол жуып, залға дастарханға отырды. Ауыл-аймақ жайлауға көшуге өре көтерілді. Теріс айналып, киімін шешіне берді. Жаяу жүрсе мойнына көтеріп,атқа мінсе алдынан тастамай, үйде тізесіне отырғызып,айналып-толғанып жүргені.

——————————————————————————————-

Апыл-ғұпыл киіне салып,ауызғы үйге ытқып шықты. Жаңа ғана желпініп келе жатқан көңілі су сепкендей басылды. Ертеңгілік жуынып жатқам. Олар өз қабаттарына көтерілді. Әкесі Нұрланға бұрылды.

Таң атқанша таранды. Ертеңгілік ерте тұрып жуынды. Ақ көрпеге оранды. Кішкентай болса да өзі киінеді. Алыстан көзге көрінді.

2.Тапсырма. «Мақал-сөздің мәйегі» Мақалдарды толықтырып  жазып, өздік есімдіктердің астын сыз.

  1. Істің ағы білінбейді,

Жігіттің несі? білінбейді.  (бағы)

  1. Таз таранғанша,не істейді? (той тарқайды)
  2. Дос досқа жалынса,

Достың көңілі не істейді?   (алынады)

  1. Жығылған кімге? күледі. (сүрінгенге)
  2. Қорыққанға не? көрінеді. (қос)

 

ҮІІІ. Шығармашылық жұмыс.

Мәтін құрау сурет бойынша қыс тақырыбында.

 

С/бекіту.

Кесте арқылы. Өздік етістерді теріп тақтадағы кестеге жапсыру.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

243,244- жаттығу. Ереже жаттау.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *