Мұғалжар ауданы,Құмжарған негізгі мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балгарина Айзада Романовна
Сабақтың тақырыбы: Ырықсыз етіс,өзгелік етіс
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік мәні: ырықсыз етіс,өзгелік етіс меңгерту, мағлұмат беру арқылы Білімін арттыру.
Ә) Тәрбиелік мәні: тәрбие мен білім егіз ұғым екенін бойларына сіңіру, дұрыс түсінуге, орынды сөйлеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық мәні: оқушының есте сақтау қабілетін арттырып, жаттығу жұмыстары арқылы ой өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, бағалау парақтары,слайд,кеспе қағаздары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Мәтін тексеру. Ереже.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ырықсыз:ыл, іл, л. Мысалы:кiтап оқылды.
Өзгелік етіс- қимылдың,іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни субьектінің өзі емес, екінші бір басқа субьект, қимылды орындаушы арқылы істелетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалады.
Жұрнақтары: -ғыз,-гіз,-қыз,-кіз- айтқыз,жеткіз, отырғыз, барғыз,т.б.
2) -дыр,-дір,-тыр,-тір- ыр,-ір- салдыр,сендір, кетір, асыр,т.б.
3) -т: жасат, сөйлет,т.б
ІҮ. Оқулықпен жұмыс
Ү. Талдау.
Ас-ыр
Сөз екі құрамнан тұр.
Тұлғасына қарай: туынды
Құрамына қарай: дара
Лексикалық мағынасы: іс бір адамға қатысты
Грамматикалық мағынасы: етістік,етіс, өзгелік етіс.
ҮІ. Тапсырмалар орындау.
- Мәтіннен етістерді тауып көшіріп жазыңдар.
Қоғам сөзі бұдан ауқымды және күрделі мағынада да қолданылады. Мысалы, Қазақстан қоғамы дегенде, біз өзіміз азаматы болып табылатын мемлекетті, оның халқын ойға аламыз. Әр жеке адам қоғаммен ондаған, жүздеген арналар арқылы байланыс жасайды. Бір мезгілде адам бірнеше – отбасы, еңбек, кәсіподақ, саяси партия, балабақша, мектеп, университет, футбол командасы, тұрғын үй-құрылыс кооперативі сияқты бірлесумен байланыста болуы мүмкін.
Қоғам тіршілігіне қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Өйткені ол қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүреді. Азаматтардың маңызды құқықтарының бірі – көркемдік, ғылыми және техникалық шығармашылық еңбекпен айналысу. Мемлекет студенттердің және азаматтардың рухани шығармашылыққа ұмтылуын қолдап отырады.
2.
Етіс | өздік | өзгелік | ырықсыз | ортақ |
Жазғызды | + | |||
Айтысты | ||||
Аудартқызды | ||||
Жинасты | ||||
Тазаланды |
етістіктерден етіс жасап, түрін анықтап, сөйлем құру.
Етіс | өздік | өзгелік | ырықсыз | сөйлем |
Сұрау | ||||
Шақыру | ||||
Оқу | ||||
Айту | ||||
Өткізу |
С/қорыту:
- Өзгелік етіс дегеніміз не?
- Ырықсыз етіс дегеніміз не?
Бағалау
Үйге тапсырма: Ереже жаттау
Салеметсіз бе. Мен орысша сөйлетін қазақ — манқұрт. Қазақ тілі үйренемын деп армандап жүрмын. Брак етістіктің түрлері қалай жатты аламыз — мен түсенбеймын. Әр жерде карап жатырмын — ережелердер өте көп, ал мысалдар аз. Мысалы Өзгелік етіс- 11 аффикстар бар — соған қарап сіз 11 мысалдар бересіз. Басқалар 5-6 мысалдар беребереді. Сонда біз қалай манкурт болып жүрміз — солай да қаламыз. Қурметпен Арман