Қарағанды қаласы
№45 гимназия КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Өмірбекова Айгерімгүл Қазыбекқызы
Сабақты ойын түрімен ұштастыру
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай әрі өздік ұлттың дәстүр рухында тәрбиелеп , өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттерді аброймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап ,күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын пайдалануы ,оқытудың жаңа әдістерін қолдану керек екені анық.Қазақстан Республикасының»Білім туралы »Заңында»Білім беру жүйесінің басты міндеті –ұлттың және жалпы адамзаттық құндылықтары білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқудың жаңа
технологияларын енгізу ,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп,білім беру жүйесін одан әрі даму міндеттері көзделеді.
Сондай оқу-тәрбие негізінің бірі-ұлттық ойындарымыз.
Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып табылады.Ол санадағы ұрпақтың керегіне жарап, олардың өмірге әзірлеу қажетін өтеген.Бұл туралы көрнекті педагог В.А Сухомлинский ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін оятады дей келіп, былай деп жазады:»Ойын ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес.Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірімен ұштасып,айналасындағы дүние туралы түсінік алады.Ойын дегеніміз-ұшқын, білуге құмарлық пе
н еліктеудің маздап жанар оты: бұл пікірге қарсы дау айту қиын»
Қазақ тілі- ақыл-ой дамуының негізгі және барлық білімдердің қазынасы:одан барлық түсінік басталып , сол арқылы өтіп және соған оралып отырады.
Сондықтан да мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға анатілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуі тиіс деп білеміз.
Қазақ тілі сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады.
Баланың сөзді еркін,өз мағанасында қолдануға, тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден-бір таптырмайтын құрал.»Бала сөзбен де ойнайды».Осы сөзбен ойнағанда, өз ана-тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді,тілдің саздылығын ұғынады деген.
1.Ойын «Қуыр-қуыр қуырмаш»- саусақтарын дамытады.Бұл ойын алдымен баяу қимылдайтын балалардың қимылын тездетуге септігін тигізеді, жаттықтырады, есте сақтау қабілетін жетілдіреді
.
2.Суреттер арқылы жұмбақтар шешкізу,балалардың сабаққа қызығуын , ынтасын арттыра түседі. Олрдың қимылын дамытып, сабаққа белсенді араласуға мүмкіндік береді. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады.Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауға мүмкіндік жасайды,оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелейді.Осының негізінде мұғалім бірте- бірте оқушыларды күрделі іске тартады.Сабақ күрделене түскен сайын оқушылардың ойы өсіп жетіледі.Осыған орай ойының түрлері де күрделенеді.
3.Тілі кейбір дыбыстарға еркін келе бермейтін баларлар үшін алдымен сол дыбысты жеке- жеке айтқызып ,артынын хормен қайталатады. Тілі еркін келмейтін балалар да көпке еліктеп, дұрыс айтып кетеді.Дыбыстарды еркін ,анық айтқызу үшін «Жаңылтпашты айту »ойынын қолдануға болады.
4.Бірінші сыныпта «Буын» тақырыбын өткенде ойын элементтерін пайдаланған өте орынды.Бұл тақырыпты өткенне кейін «Әліппен»тәмәмдап,қазақ тілі пәнінің едәуір бөлігін меңгереді.Дауысты,дауыссыз дыбыстарды,олардың жуан және жіңішкеболып бөлінетінін біледі.
«Ойлан тап!»ойыны
.Бұл ойынды сабақта қолдану үшін сөздер буынға бөлініп кеспе қағаздарға жазылады.Кеспе қағаздар балаларға таратылады.Ойынның соңында буыннан сөз құрау керек.
Мысалы:Ал,-ма,-ты Ал+ма+ты
Ба,-ла,-пан,-дар Ба+ла+пан+дар
Бұл ойын балалардың білуге деген құштарлығын, шығармашылығын,жаңашылдық қабілетін шыңдай түседі.Буын түрлері:ашық буын, тұйық буын ажырата білуге үйретеді.
Ой- өрісін дамытатын ойындар:
1.Сөзжұмбақ
2.Өтірік өлеңдер
3.Жаңылтпаштар
4.Жұмбақтар
5.Не артық?
6.Байланысын тап?
7.Ұқсастығын тап?
8.Қатесін тап
9.Қуыр-қуырмаш»Қуырмаш»
10.Санамақтар
11.Анаграммалар
12.Ұлттық ойындар
Қорыта келе сабақтарда қолданылатын ойын элементтері оқушылардың белсенділігн арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін іс – жүзінде қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін барлық сыныптарда дұрыс қолдану өте тиімді деп ойлаймын. Себебі тез жазу, оқу дағдыларын қалыптаспаған оқушыларды біріңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше, пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы
2. А.Әбішева «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері» Бастауыш мектеп №3 2009 ж
3. З.Рақмет, Г.Ж.Тайсюганова Қазақ тілі, Сөздік ойын Алматы 2015 ж
4. А.С. Атабаев «Ұлттық ойындар – халық мұрасы» «Кітап» баспасы 2006 ж