Алматы облысы,
Панфилов ауданы,
Алмалы ауылы
Елтінді батыр атындағы орта мектебінің
кітапханашысы Аманжолова Гулжан Мұқашқызы
Жасөспірімдерді кітап оқуға баулудың алғы шарттары
Адам жарық дүние есігін ашып шыр етіп жерге түскен шағынан бастап оның бойында мінез қалыптаса бастайды.Мінездің жақсы болып қалыптасуына әсер ететін .үш бастау қайнар көздер бар. Бірінші баланы нәресте кезінен әлпештеп алақанына салып,
аялап тәрбие беретін ата –анасының бойына сіңген «Бесік жыры» , «Бесік жырынан» бала өнегесінің басталуы бекер емес,себебі ол жыр құдіретті жыр батыр да, хан да ғалым да, бәрі де бесік жыры әнімен есейіп толысқан.
Ал екінші тәрбие көзі – мектеп, оның мектеп жүрегі – ұстаз. Ұстаздың бала тәліміне қосатын үлесі зор. Әрбір мейірлі ұстазда. Пейілді шәкірт болмақ.Бала өсе келе өскен орта ерекшеліктеріне ден қояды. Әр нәрсенің жауабын іздейді. Міне осы кезде тәрбиенің үшінші бастауы – кітап көмекке келеді.
Кітаптың адам өмірінен алатын , әсіресе баланың жан – дүниесінен алатын орны ерекше. Кітап – адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы, замана сыры, тарих шежіресі. Ендеше осы кітапқа баланы баули алып жүрміз бе? Кітаптар әлеміне баланы қалай енгізуге болады? Кітап оқуға қалай баулу керек? Бұл сұрақ әрбір ата – ананың , ұстаздың есінен шықпауы керек деп ойлаймын. Өз тәжірибемде баланы кітап оқуға ата – ана, мұғалім, кітапхана қызметкерлері бірлесе отырып мақсатқа жететіндігіне көз жеткіздім. Баланы кітапқа бірден қызықтыру оңай емес. Ұрсып , зекіп , қинап оқыту да дұрыс емес, бұның салдарынан бала өтірік оқиды, немесе кітап оқудан қашады. Балаға кітап оқуды неше жасынан бастаған және қандай кітаптар ұсынған жөн? Баланы кітап оқуға өте ертерек үйреткен дұрыс? Яғни жасынан бастаған жөн деп есептеймін. Әрине бала бұл кезде әріпті танымайды, оқу – жазуды білмейді. Бірақ балаға жас ерекшелігін ескере отырып түрлі — түсті кітапшаларды алуды ата – ана әдетке айналдыру керек. Түрлі – түсті суреттері бар қарапайым да түсінікті мәтіндер кішкентай оқырманды қызықтырары сөзсіз.
Кітаппен қалай жұмыс істеу керек?
— Оқуды бастамас бұрын кітапшаны баламен бірге парақтап шығыңыз.
— Кітапшадағы түлкі , аю, қоян, т.б.таныс емес жануарлардың суретін
көрсетіп, айтудан ата – ана еш жалықпауы керек.
— Баланың назарын суретке аудара отырып, мәтіндерді дауыстап оқыңыз.
— Оқып біткен соң қай беттердің оған қызықты болғанын сұраңыз.
— Баланың барлық сөздерді анық айтуына және екпінді дұрыс қоюын қадағалаңыз.
— Баладан түсінгенін сұраңыз ?
Бала үш, бес жасқа келгенде,суретті кітаптардағы кейіпкерлерді қызықтыра мазмұндасаңыз, сәбидің ішкі жан дүниесінде кітапқа деген қызығушылығы ояна бастайды. Ізденген ата – ана, мұғалім рухани азықты еш қиындықсыз – ақ табады. Осы орайда айта кететін жағдай қазіргі таңда «Алматыкітап», «Аруна» т.б. баспаларынан кітап дүкендеріне, мектеп кітапханасының қорына тілі қарапайым, , оқиғасы қызықты, тәрбиелік мәні бар түрлі- түсті кітапшалармен толықтыруда. Кітап оқуға төселген бала – зерек , сауатты, тілі орамды, сөздік қоры бай болып өседі. Ұл – қызыңыз адамгершілікті, саналы болып өссін десеңіз кітап оқуға баулыңыз.