Басы » Технология » Тігін машинасының шығу тарихы.

Тігін машинасының шығу тарихы.

masЛиза Шынәліқызы.
Қызылорда қаласындағы Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гиназиясының технология пәні мұғалімі. Эстетика пәндері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі.

Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасының шығу тарихы.
Тігін машина түрлерін анықтау. Тігін машинасының құрылысы
Сабақтың жалпы мақсаты: машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру, жаңа озық технология жетістіктерімен таныстыру
Дамытушылығы: тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып,
оқушылардың білімін пысықтау.
Білімділігі: оқушылардың логикалық ойлау қабілетіндамыта отырып, көргендерін еске сақтап ,оны қайта жаңғыртуға
Тәрбиелігі: әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Тігін машинасы, интерактивті тақта, компьютер, өздік тапсырмалар. «Тігін машинасы» тақырыбындағы презентация, бейне ролик.
Құрал-жабдықтар: мата, қайшы, ине

Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс — тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: а)оқушыларды түгендеу; ә) жұмыс киімін кию.
2. Өткен тақырыптарға шолу, оқушы білімін пысықтау
3. Кіріспе бөлім: жаңа тақырып, презентация, бейне-баян
4. Негізгі бөлім: өздік жұмыс, тақырып мазмұнын ашу
5. Сергіту сәті:жарнама, «Ойлан, тап» ойыны
6. Бекіту бөлімі: сұрақ-жауап, vip test, сергіту сәті
7. Қорытынды бөлім: пікірлер, бағалау, үйге тапсырма

І. Өткен тақырыпты пысықтау
1.Қол тігістерін орындау барысында қандай қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз?
2. Қол тігістеріне қандай құралдар қолданамыз?
3. Кесте дегеніміз не?
4..Кестені қалай орындайды?
5. Кестелі бұйымдарға нелер жатады?
6.Өздерің кестенің қандай түрлерін орындай аласыңдар?
7. Көктеу, қайыра көктеу тігістері қай кезде қолданылады?
8. Қадау тігістерін қандай кезде қолданамыз?

ІІ. Жаңа тақырыпты баяндау
Ең алғаш рет тігін машинасының жобасын XV ғасырда Леонардо до Винчи ұсынған. 1755 жылы Вайзенталь Карл қол тігісін жүргізетін машина ойлап тапты. 1808 жылы Д. Пири бір жіпті тез тарқатылатын машина шығарды. Тек 1834 жылы Уолтер Хант шөлнекті машина жасады. Бұл машиналардың кемшілігі астыңғы жіптің реттеуіші жоқ еді. Ал 1844 — 1845 жылдары американдық Элиос Хант инженер Уолтер Ханттың машинасының принципін қолдана отырып, бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды. Элиос Хантты « тігін машинасының атасы» деп те атайды. 1850 — 1851 жылдары америка
ндық Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі замандағы машина түрлерінің негізі дүниеге келді. Сөйтіп 1870 жылдан бастап АҚШ — » Зингер » фирмасы кеңінен етек жайды.
1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында » Зингер » заводы ашылды. Осы кезден бастап машинаның сыртқы дизайны да ерекше әшекейленіп, фирманың белгісін жазатын болды.
Машинамен тігілген бұйым сәнді әрі сапалы көрінді. Машинамен тіккен тігіс, қол тігісіне қарағанда, жылдам орындалады әрі сапалы, біркелкі түзу, мықты болады.
Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар. Конструкциялық орындалуы жағынан тігін машиналары астында тұғыры бар қақпақты машина, сандыққапты машина, стол-шкафты, жазылмалы столы бар машина деп бөлінеді. Тігін машинасының үш класы шығарылады: тек тура тігісті—2 М, тура және бір және екі жіпті инемен ирек тігіс жүргізетін — 132 класты, бір немесе екі жіпті инемен тура немесе ирек сызықты тігіс жүргізетін, сондай-ақ өрнек жүргізетін және арнайы тігіс тігетін 142 класты машиналар.
ІІІ.Негізгі бөлім
Оқушыларға жеке жұмыс парағы тапсырылады. Парақтың бұрышында жұлдызша немесе ай бейнесі жапсырылған. Осы белгілер бойынша оқушылар 2 топқа бөлінеді.
Өздік жұмыс: Тігін машинасының негізгі бөліктерін тауып, жазу, тігін машинасымен танысу және оны сабақтау.

Тігін машинасын сабақтауға арналған технологиялық нұсқаулық

реті Жұмыс барысы Машина бөліктері
1 Жіпті өзекке қой Жіп қоятын өзек
2 Жіпті жіпреттегіштен өткіз Жіпреттегіш
3 Жіптартқыштан өткіз Жіптартқыш
4 Ілгек сымнан өткіз Ілгешек сым
5 Инеден жіпті өткіз Ине
6 Дөңгелекті алға бұрап астыңғы жіпті іліп ал Айналма дөңгелек

Пайдалы кеңестер:
• ине сақтайтын қораптың түбіне магнит салып қойсаңыз, инелеріңіз ешқашан шашылмайды.
• ине тот баспас үшын оны сабынға тығып қою керек.
• егер үтіктің астына синтетикалық талшықтар жабысса оны ацетонмен сүрту керек.
• киім тіккенде жіпті киім түсінен күреңдеу етіп таңдаңыз, себебі катушкада оралған жіп өз түсінен әлдеқайда күреңдеу болып көрінеді.
• қалың матаны тігу оңайырақ болу үшін инеге сабын жағыңыз

ІҮ. Бекіту бөлімі
1.Тігін машинасының қандай жетектері бар?
2.Алғаш рет тігін машинасын кім және қай ғасырда ойлап тапты ?
3. Шөлнекті тігін машинасын кім жасады? Қай жылы?
4. Машинаның қозғалмалы бөліктері қандай?
5. Тігін жұмысы кезіндегі қауіпсіздік ережесін айтып бер.
6. Заманауи тігін машиналарының артықшылығы неде?

Сергіту сәті
«Қыз еркем –кестесімен көркем»
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыла төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізіліп сөз маржанын тергенімен.
Майысып, бұратылып, майда басып,
Жаныңа наз қылықпен келгенімен.
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен.
Құлпырады мектебімнің арулары,
Өткендей сұлулықтың елегінен!

Жарнама
Сіздер білесіздер ме, шебер қыздар?
Қаламыздағы “Технодом”, “Жайна” сияқты сауда орталықтарында сіздерге арналған заманауи тігін машиналары сатылады. Бұл машиналар электржетекті және басқарылуы өте қарапайым. Бәлкім, бұл сіздің алғашқы машинаңыз болар?

Пікірлер жазу. Оқушылар жұмыс парағының бөлігіндегі бағанаға өз ой-пікірлерін жазып кетеді.

Қауіпсіздік ережелері Өзіндік жұмыс Сабақ сізге ұнады ма?
Пікір жазу

Қорытынды бөлім.
Бағалау: оқушылардың жұмыс парағына сабақ барысында 3 түсті қағаз жапсырылады. Қызыл -өте жақсы, жасыл — жақсы, сары — қанағаттанарлық.
Үйге тапсырма: Тігін машинасында жұмыс кезіндегі қауіпсіздік және жұмыс ережесін дәптерге жазу. « Тігін машинасы» тақырыбына мәліметтер жинақтау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *