Басы » Cыныптан тыс » «Сөзмерген» сайысы

«Сөзмерген» сайысы

anargТақырыбы: «Сөзмерген»  сайысы                        

     Шаяхметова Анаргүл Әменқызы

  ШҚО, Тарбағатай ауданы

      Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің        

  химия пәні  мұғалімі   

Мақсаты: оқушыларды металдар тарауы бойынша  алған білімдерін қорытындылау. Металдардың биологиялық маңызы, ағзаға тигізетін пайдасы және зияны туралы білу.

Дамытушылық: “Металдар” тақырыбын қорытындылау мақсатындағы білім байқауы оқушылар

арасында жарыс, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, ойлау қабілетін, шығармашылығын

дамыту, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге

белсенділікке баулу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, нақыл сөздер

 Барысы        І. Ұйымдастыру

ІІ. Оқушылар шығармашылығы

ІІІ. «Сөзмерген» сайысы

Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен оқушылар!

«Нақты ғылымдар еліне саяхат» атты апталықта өткелі отырған «Сөзмерген»сайысына қош келіпсіздер!

“Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып- көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.  Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!”

                                                                                                                                        Н.Ә. Назарбаев

1- бөлім Сайысымызды бастамас бұрын  оқушылар шығармашылығына кезек берейік. Өздерінің дайындап келген тақырыптары бойынша айтып өтеді.

2 – бөлім «Сөз мерген» сайысы мынадай  3 кезеңнен тұрады.

  1. Мықты болсаң, айтып көр.
  2. Жүйрік болсаң, озып көр.
  3. Ойлы болсаң, тауып көр.

Бүгінгі сайысқа қатысушы оқушылармен таныс болыңыздар.

(оқушыларды таныстырып өтеді)

  1. «Мықты болсаң, айтып көр»

Бұл кезеңде сіздерге 10 тапсырма беріледі. Кезеңнің ережесі. Екінші бағандағы берілген үш сөздің бірі үшінші бағандағы сөзбен байланыс табуы шарт. Сонымен қатар сайыскерлер кестедегі берілген сөздердің реттік нөмірі бойынша дұрыс жауабының бірін таңдап, сол санды жылдам көтеруі шарт, яғни дұрыс жауаптың нөмірін кім бірінші көтерсе сол сайыскерге 10 ұпай беріледі.

Бірінші кезең бойынша нәтижеге назар аударайық. Нәтиже бойынша ұпайы аз оқушы сайыстан шығады.

1. Оң зарядталған иондар және бос электрондар  

 

Металдық

байланыс

                          2. Химиялық элементтерді де, олар түзетін жай заттар.
3. Өнеркәсіпте  қолданылатын металдарды алудың әдісі

1 — тапсырма                                                                 2 — тапсырма

1. Кальций

 

Оксидтерінен

сутекпен

тотықсыз —

дандырып

алу

2. Алюминий

 

3. Темір

 

3 — тапсырма

1. Негіздік   оксид  

Кальций

оксиді

2. Қышқылдық оксид
3. Екідайлы оксид

4 –тапсырма                                                                              5 — тапсырма

1. Магний
2. Берилий Ф. Велер
3. Кальций
1. Алтын Қандай  асыл  металл  балшық балдырларынан

тұрады?

 

2.

 

Платина

3. Күміс

                       

 

 

 

 

І кезең бойынша ең аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады.

  • Сайыскер, сіз «Сөзмергеннің» қоржынына қандай мақал – мәтел немесе химия ғылымындағы жаңалықтар, Елбасымыздың жақсы бір сөзін алып келдіңіз?
  • Сізге «Білім» орталығынан аздаған сыйлығымызды қабыл алыңыз.
  1. «Жүйрік болсаң, озып көр»

Мұнда  8 тапсырма беріледі. Бұл кезеңнің ережесі екінші бағандағы берілген үш сөздің бірін үшінші бағандағы сөз тіркесіне сәйкес жұбын табуы шарт, нәтижесінде металдарға байланысты мақал – мәтелдер шығуы қажет. Сайыскерлер кестедегі берілген сөздердің реттік нөмірі бойынша дұрыс жауабының бірін таңдап, сол санды жылдам көтеруі шарт, дұрыс жауапты кім бірінші көтерсе сол сайыскерге 10 ұпай беріледі және мақал – мәтелге түсініктеме беруі қажет.

Ендеше ІІ кезеңнің мысалын қарайық.

 

1 – тапсырма                                                                    2- тапсырма                                      

1. Жылқы
 2. Қой қорғасын
3. Түйе
1. Титан
2. Сынап соқ
3. Темір
Темірді қызған кезде соқ
Қойдың сүті қорғасын

 

3 – тапсырма                                                                   4 — тапсырма

1. Алтын
2. Платина шыққан
3. Темір
Алтын шыққан жерді белден қаз.
1. Келін
2. Абысын алтын
3. Бажа
Келіні жақсы үйдің керегесі алтын

 

ІІ кезең бойынша ең аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады.

  • Сайыскер, сіз «Сөзмергеннің» қоржынына қандай мақал – мәтел немесе химия ғылымындағы жаңалықтар, Елбасымыздың жақсы бір сөзін алып келдіңіз?
  • Сізге «Білім» орталығынан аздаған сыйлығымызды қабыл алыңыз.

 

  1. «Ойлы болсаң, тауып көр»

Мұнда  6 тапсырма беріледі. Сайыскерлер кестедегі берілген сөздердің реттік нөмірі бойынша  жауаптардың бірін таңдап, сол санды жылдам көтеруі шарт, дұрыс жауапты кім бірінші көтерсе сол сайыскерге 10 ұпай беріледі, нәтижесінде металдардың биологиялық маңызы туралы сөйлем құрастыру  қажет.

  • Сайыскер, сіз «Сөзмергеннің» қоржынына қандай мақал – мәтел немесе химия ғылымындағы жаңалықтар, Елбасымыздың жақсы бір сөзін алып келдіңіз?

Ендеше ІІІ кезеңнің мысалын қарайық.

2 — тапсырма

1 –тапсырма                                                           

1. Натрий
2. Калий гипертония
3. Литий
Ағзада натрий көп мөлшерде болса гипертония аурулары пайда болады.

 

1. Калий
2. Темір жапырақ
3. Хром
Калий жетіспеген жағдайда өсімдік бояу

өседі, жапырақтары сарғаяды .

 

 

3 – тапсырма                                                                     4 — тапсырма

1. Мырыш
2. Кальций Иіс, дәм сезу
3. Натрий
Ағзада мырыштың жетіспеуі

иіс, дәм сезуді өзгертеді

1. Кадмий
2. Темір сүйек
3. Кальций
Сүйекті қаптайтын металл -кальций

 

 

Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы ойға жүйрік, сөзге шешен және де өз білімін көрсете білген

____________________________________________________ марапатталады.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп ұлағатты ойшыл ұстаз Әбунасыр әл – Фараби айтқан біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру және ізгілікке бағдарланған, ұлттық тәлім нәрімен  сусындаған халық игілігін жасаушы болашақ азаматты тәрбиелеу ел ертеңі ел болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың білімдар, саналы да салауатты, «Сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуіне жол көрсетеді. Олай болса құнды біліммен қатар өнегелі тәрбие алу біздің еншімізде. Бүгінгі «Сөз мергеннің» қонақтары болғандарыңызға мыңда бір алғыс!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *