Айназарова Гүлзира Данағұлқызы
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
№8 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрышты паралелепипед және текше.
Санның кубы
Сабақтың мақсаты:
1. Текше, тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі, куб сантиметр ұғымдарымен таныстыру;
2. Оқушылардың ойлау, талдау, дәлелдеу, ереже қорыту, есептер арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, компьютерлік сауаттылығын арттыру;
3. Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топтастыру, салыстыру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, геометриялық фигуралар т.б.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Кәне, сабағымызды бірі-бірімізге жақсылық тілеуден бастайық. Балалар,жүрек тұстарыңды ұстаңдар. Қолдарыңды кеуделеріңе қойыңдар. Қалай соғып тұрғанына құлақ түріңдер: дүрс-дүрс жүректеріңнің орнында мейірімді күннің бір бөлшегі тұр деп елестетіңдер. Оның жылы да жарқын сәулесі денелеріңе, қолдарың мен аяқтарыңа таралуда. Көптігі сондай, бойымызға сыятын емес. Келіңдер, аздап жылу мен жарықты бір-бірімізге сыйлайық. Ал күлімсіреу арқылы бір –бірімізге жақсылықты да тілейік.
Бүгінгі сабағымызда біз де “Болашақ баспалдағымен”көтеріліп,білім шыңына шығу арқылы білімімізді көрсетейік.Егеменді еліміздің туын желбірету арқылы өз үлесімізді қосайық. «Ел болашағы -жастардың қолында». Олай болса, осындай ел болашағын ойлайтын сендерсіңдер.
1. « Шамалар »
2. « Геометриялық фигуралар »
3. « Амалдар »
4. « Есептер»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
«Поезд» ойыны
Мен сендерден кесте сұраймын. Сендер біріңнен кейін бірің жауап бересіңдер.
1. « Шамалар » баспалдағы
а) 2 тәул = …..сағ 5 ғ= …..жыл
10 мин = …..сек 7 м 8 см = ….. см
3 ц 15 кг = ….. кг 2 сағ 30 мин = ….. мин
ІҮ. Жаңа сабақ
2.«Геометриялық фигуралар » баспалдағы
1. Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше — жақтары тіктөртбұрыш болып келетін көлемді фигура.
Ұқсастықтары:
Бұл екеуінің де 6 жағы, 12 қабырғасы болады. 2 төбесін қосатын кесінді қыры деп аталады. Оларды былай санауға болады: төменгі жағында 4 қыры және жоғары мен төменгінің арасында 4 қыры бар . Қырларының ұштары төбелері деп аталады. Төменгі жағында 4 төбесі, жоғарғы жағында 4 төбесі бар. Барлығы 8 төбесі бар. Сонымен қатар, олардың 3 өлшемі бар. Олар: ұзындығы ,ені, биіктігі.
Айырмашылығы:
Параллелепипедтің өлшемдері әр түрлі болады, ал текшенің үш өлшемі: ені, ұзындығы, биіктігі өзара тең болады. Текшенің алты жағы шаршы болып келеді
Ал бұл фигуралардың көлемін текшемен өлшейді.
Көлемнің өлшем бірліктері:
1 см = 1 сантиметр куб
Бұл – қабырғалары 1 см текше
1 дм = 1 дециметр куб
Бұл – қабырғалары 1 дм текше
1 м = 1 метр куб
Бұл – қабырғалары 1 м текше
Мыс:
V = 4 см*3 см*2 см= 24 см
V = 2 см* см*2 см= 8 см
2. — Бұлар қандай фигуралар? Не байқадың? Бұлар текше болып табыла ма? Неліктен? Әрбір параллелепипедтің көлемін тап. (Ауызша)
* Ұзындығы 2 см, биіктігі 3 см, ені 2 см болатын тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемін тап.
* Қыры 3 см текшенің көлемі неше куб сантиметр болатынын есепте.
3. « Амалдар » баспалдағы
№7
(359-59):50 = 630:9+(450+90) =
450:9+720:90= 30*5+(456-400) =
800:957-917) = 1000:(67+33)*5=
(456+440:10)*2= 5*(567-507):100=
900:300+5*(680-640) = 360:6-(590-530) =
4. « Есептер » баспалдағы
— Балалар, бұл елдің тапсырмасы өте күрделі болады. Сондықтан өз білімдеріңді көсетіңдер.
а) №4
1) Бір көйлекке -2 м қызыл, 3 м сары — ?
20 қыз — ? м
( 2 + 3 ) * 20 = 100
2) Әкелінгені – 20 қорап
Бір қорап -30, 20 — ?
Барлығы — ?
20*( 30+20) = 1000
ә) Кестені толтыр
Масса бірліктері Ұзындық бірліктері Уақыт бірліктері Аудан бірліктері
Километр,килограмм, сантиметр, квадрат сантиметр, куб сантиметр, тәулік, метр, дециметр, ғасыр, грамм, тонна, апта, сағат, минут, центнер, секунд, жыл, ай, сағат, куб дециметр
ІV. Жаңа сабақты бекіту
1. Текшенің неше жағы бар? — 6 жағы бар
2. Тіктөртбұрышты паралелепипед неше қыры бар? — 12 қыры бар
3. неше төбесі бар? — 8 төбесі бар
4. Текшенің әрбір жағы қандай фигура? – Шаршы
5. Текшенің әрбір қыры неден құралған? – Кесінді
6. Текшенің әрбір төбесі неден құралған? – Нүкте
7. Қыры 2 см текшенің көлемі неге тең?
Сонымен, өркениетті елдің қатарына қосылуға бізде өз үлесімізді қостық деп айта аламыз. Көк туды желбіретейік. Берілген тапсырмаларды толығымен орындадық.
Білімнің сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізеді сіздерді
Математика сырына.
VІ Үйге тапсырма -№6 54-бет
ҮІІ. Бағалау