Басы » Информатика » Электрондық пошта

Электрондық пошта

Қызылорда қаласы
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі
Шолпан Турехожаева Информатика пәні оқытушысы

Оқытушы Төреқожаева Ш.
Пән атауы: Информатика
Тобы: ББ-Б-14
Күні: 12.02.14
Сабақтың тақырыбы: Электрондық пошта
Құзіреттілікті қалыптастырудағы сабақтың мақсат-міндеттері:А) проблеманы шешу жолдары — Электрондық пошта құрылымын;- Электрондық пошта құру әдістерін;

— Электрондық пошта қызметін, маңызын түсіндіру.

Б) ақпараттық -оқушыларды электрондық пошта арқылы мәлімет қабылдай алуға, жіберуге үйрету;
В) коммуникативтік — электрондық пошта арқылы мәлімет алмасу мәдениетін,- топпен жұмыс жасауға үйрету.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақта қолданылатын технологиялар: АКТ, жеке және топтық оқыту әдістері, сұрақ-жауап әдісі, түсіндіре баяндау әдісі 
Пәнаралық байланыс: орыс тілі,ағылшын
Оқыту құралдары: электронды оқулық, зертханалық жұмыстар, слайдтар, бағалау парағы
Сабақ барысы: Оқытушы іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Күтілетін нәтижелер
І. Ұйымдастыру кезеңі — Оқушылармен сәлемдесу;- Аудитория тазалығын қадағалау;

— Сабаққа қажетті құралдарын тексеру;

— Сабаққа назарларын аударту;

— Оқытушымен сәлемдесу;- Аудиторияны сабаққа дайындау;

— сабаққа дайындық жасау;

— сабаққа назарларын аудару;

— Аудитория сабаққа дайын;- Сабақ құралдары дайын;

— Оқушылар сабаққа дайын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру — Интернеттің негізгі теориялары, интернетке қосылу, TCP/IP тасымалдау хаттамалары тақырыптары бойынша тест тапсырмасын орындау; (10 минут)90-100 % — «5»

80-89 % — «4»

60-79 % — «3»

59 % төмен — «2»

— «Сөздерді жина» ойыны

— Белгілі уақыт аралығында тест сұрақтарына жауап беру;- Жинаған пайыздарын бағалау;

— өткен тақырыптардағы материалдарды еске түсіру;

— Оқушылар тест тапсырмалары бойынша бағаланады.- Тез әрі дұрыс жауап беруге үйренеді.

— Өз білімін дәлелдеуге үйренеді.

— Топпен жұмыс жасауға үйренеді..

ІІІ. Жаңа білімЖаңа материалды түсіндіру — Электрондық пошта құрылымын, пошта құрудың жолдарын, ерекшеліктерін, маңызын түсіндіру. — электрондық пошта құру,- пошта арқылы мәлімет алмасуды меңгеру — электрондық пошта құруды, пошта арқылы мәлімет алмасуды үйренеді.
ІV. Жаңа білімді меңгерту Практикалық жұмыстар:- Лабораториялық жұмыс;

— Тапсырмалар;

— Сұрақтар.

— орындауға нұсқау береді.

— Лабораториялық жұмысты орындайды.- Түсінбеген тұстарын оқытушыдан сұрайды.

— Тапсырмаларды орындайды.

— Жұмыстар мен тапсырмаларды орындау арқылы  электрондық пошта құрылуын, мәлімет алмасуды үйренеді.
  1. Үй тапсырмасын беру
-Үй тапсырмасын береді, орындауға нұсқау бередіТеориялық:   Электрондық пошта құрудың алгоритмін жасап келу.

Шығармашылық: Ақпарат көздерінен басқа электрондық пошта туралы мәліметтер жинап келу.

Практикалық: Жинаған мәліметтерді бір-бірінің пошталарына жіберу.

— Үй тапсырмасын алады,- Орындауға нұсқаулар алады. — Үй тапсырмасын орындайды.

Сабақ жоспары

 

                     

 

  ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

 

р/с Студенттің аты-жөні Үй тапсырмасы Лабораториялық жұмыс Тест
Тест
1 Маханбетова Фарида
2 Медетбаева Қымбат
3 Мәжит Саида
4 Орынбай Баян
5 Оспанова Жібек
6 Өтеген Алтынай
7 Пірмаш Айсұлу
8 Төребаева Назерке
9 Тынысбек Дана
10 Сақтаған Қаракөз
11 Сүлеймен Әзиза
12 Шөменова Жаңыл
13 Ыбайдаева Балшырын

 

— Тест тапсырмасы:

  1. Үйшік дегеніміз – бұл …

А) желідегі пайдаланушы компьютерінің мекен – жайын анықтайтын мекен – жай бөлігі +

В) ақпараттың өлшем бірлігі

С) компьютерлер арасындағы байланысты жүзеге асыратын бағдарлама атауы

D)компьютерлер арасындағы байланысты жүзеге асыратын құрылғы атауы

 

  1. Internet Explorer бағдарламасының көмегімен … болады

А) электрондық кестені ашуға

В) Internet беттерді қарап шығуға +

С) слайдтарды әзірлеуге

  1. D) дыбыстық файлдарды өңдеуге

 

  1. Internet желісінің форумдарында …болады

А) ән тыңдауға

В) сұрақтар қойып, оларға жауап алуға +

С) электрондық хаттарды әзірлеуге және жөнелтуге

  1. D) телефонға смс хабарларын жөнелтуге

 

  1. Internet желісіне қосылу үшін қажетті құрылғыны атаңыз

А) тінтуір

В) басып шығарғыш

С) модем +

  1. D) джойстик

 

  1. Internet банкинг көмегімен … болады

А) әртүрлі тақырыптарды талқылауға

В) электрондық поштаны қарап шығуға

С) өзіңіздің банкир достарыңызға қоңырау шалуға

  1. D) өз есеп шотыңызды бақылауға және басқаруға +

 

  1. Браузер (мысалы, Internet Explorer) … болып табылады

А) интернет серверлері

В) бағдарлама тілінің трансляторы

С) вирусқа қарсы бағдарламалар

  1. D) web – беттерді қарап шығу құралы +

 

  1. «Браузер» түсінігінің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз

А) интернет қызметтерін ұсынушы

В) Internet қор көздеріне шолу жасау бағдарламасы +

С) іздеу сервері

  1. D) электрондық пошта

 

  1. Модем – бұл … арналған құрылғы

А) берілген уақыт мезетінде ақпаратты өңдеуге

В) ақпаратты сақтауға

С) телефон байланысы арнасы бойынша ақпаратты жеткізуге +

  1. D) ақпаратты басып шығаруға

 

  1. Internet Explorer бағдарламасының Таңдаулы мәзірінде … сақталады.

А) әлемдегі сайттардың бәрінің мекен — жайы

В) сіз бір кездері қатынаған сайттардың бәрінің тізімі

С) сіз жиі қатынайтын сайттардың мекен – жайы +

D)әлемдегі ең танымал сайттардың тізімі

 

  1. Internet FTP қызметінің міндеті – …

А) ауа райын болжау

В) тестілеу

С) нақты уақыт аралығы режимінде қатынас жасау

  1. D) файлдарды жөнелту +

 

  1. Мәліметтердіжеткізу жылдамдығы – бұл …

А) уақыт бірлігінде модем арқылы жеткізетін биттер саны +

В) бір компьютерден екіншісіне жеткізілген ақпараттағы байттар саны

С) бір секунд ішінде жеткізілетін ақпарат көлемі

  1. D) бірминут ішінде жеткізілетін ақпараттағы байттар саны

 

  1. Internet желісінің көмегімен … ұшақ билетіне тапсырыс беруге болады

А) іздеу жүйелерінде

В) чаттарда

С) авиакомпания сайтында +

D)форумдарда

 

  1. SKYPE бағдарламасында сөйлесу үшін … қажет

А) микрофон мен құлаққаптар +

В) CD – ROM

С) джойтик

  1. D) басыпшығарғыш пен мәтіналғы

 

  1. Электрондық үкімет – бұл …

А) республика үкіметінің сайты

В) бір ақпараттық желіге біріктірілген мемлекеттік органдар жүйесі

С) халықты елдің үкіметімен тікелей байланыстыратын жүйе +

  1. D) мемлекеттік форум

 

  1. Төменде аталғандардың қайсылары Браузер бағдарламасы болып саналады?

А) Outlook Express

В) Internet Explorer +

С) Windows Messenger

  1. D) Microsoft Excel

 

  1. SKYPE бағдарламасының көмегімен … болады

А) достармен сөйлесіп, хабарлама алмасуға +

В) электронды беттерді қарап шығуға

С) электронды поштаны қарап шығуға

  1. D) қажетті ақпаратты іздеуге

 

  1. Internet желісінде қоңырау шалуды жүзеге асыру үшін … арнайы бағдарламалары бар болуы қажет

А) SKYPE, Messenger және т.б +

В) Internet Explorer және т.б

С) Power Point және т.б

  1. D) Word, Excel және т.б

 

  1. Интернет желісінде нақты уақыт режиміндегі қатынас жасау құралын атаңыз

А) Usenet

В) Chat +

С) e – mail

  1. D) Microsoft Word

 

  1. Бір немесе бірнеше мемлекет аумағында орналасқан желілер қалай аталады

А) ғаламдық +

В) формалды

С) жаңашыл

  1. D) жергілікті

 

20.Интернеттегі Қазақстанға тиесілі жоғарғы деңгейлі үйшік атауын көрсетіңіз

А) .kz +

В).org

С) .ru

  1. D) .kaz

 

  1. Internet – чат қызметінің міндеті — …

А) тестілеу

В) ауа райын болжау

С) нақты уақыт аралығы режимінде қатынас жасау +

  1. D) файлдарды жөнелту

 

  1. Мерзімдік төлем жүйесімен қарапайым модемдік жалғастыру кезінде желіден … ажыратылу қажет

А) желіден ажыратылу міндетті емес

В) қосылғаннан кейін бірден

С) бірінші бетті қотарғаннан кейін

  1. D) Internet – тегі жұмысты аяқтағаннан кейін +

 

  1. Windows амалдық жүйесінің құрамына қандай браузер кіреді

А) NETSCAPE  NAVIGATOR

В) Internet Explorer +

С) Windows Messenger

  1. D) Opera

 

  1. Провайдер бұл …

А) Internet дүкендері қызметін ұсынушы компария

В) компьютерлер үшін шеткері құрылғыларды өндіруші компания

С) компьютерлерді орнату және баптау қызметін орындайтын компания

  1. D) Internet қызметін ұсынушы компания +

 

  1. Internet желісі көмегімен қашықтан оқытуды … пайдалана алады

А) жоғары білімі бар адам ғана

В) Internet желісіне қатынас құра алатын кез келген адам +

С) тек кемтар адамдар ғана

  1. D) тек шетел азаматтары ғана

 

— «Сөздерді жина» ойыны. Интернетке қатысты сөздерді жинау керек. (10 сөз) – 2 минут.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ІІІ. Жаңа білім.

Электрондық пошта немесе e-mail (electronic mail – электронды пошта) адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды поштаның интернеттегі негізгі функциясы – планетаның қай нүктесінде болса да, интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды поштаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру;
  • ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету және әртүрлі тауарларды жолдау немесе сату,
  • ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету;
  • мекемелер мен ұйымдарда құжат қолдану,
  • ұжымдық жұмысты жоспарлау.

Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық пошта режимінде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, электрондық пошта өте қолайлы және аса қымбат емес.

Алғашқы Arpanet сервері 1969жылдың 1-қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Юта штатына қарасты Калифорния университетінде орнатылды. «Honeywell — 516» компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар болатын.

1971 жылы желі арқылы электрондық пошта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.

1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, интернетте нақты уақытта сөйлесу(чат) мүмкіндігі пайда болды.

Электронды хабарламаларды жіберіп, қабылдай алу үшін сізге Электронды поштамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық жабдықтар қажет. Ол не бүкіләлемдік торап құрамына кіреді, не сіздің компьютеріңіздегі бөлек бағдарлама болып табылады, мысалы, Microsoft Outlook. Бағдарламалық жабдықтың екі түрі де бірдей жұмыс істейді және мынадай қадамдарды көздейді:
· Сіз хат жазасыз.
· Жөнелту батырмасын шертесіз. Сіздің бағдарламаңыз хабарламаны сандық пішімге ауыстырады.
· Сандық хабарлама Интернет арқылы пошталық серверге жетеді.
· Пошталық сервер қабылданған поштаны жинап, сұрыптайды да, жекелеген адресаттарға жібереді.
Электронды хаттарды жөнелтіп, қабылдап ала алу үшін Сізге электронды пошта мекен жайы (электронды поштаның тіркеулік жазбасы) қажет. Электронды хаттарды тегін жөнелтіп, қабылдай алу үшін электронды поштаның тіркеулік жазбасын жасауға мүмкіндік беретін веб-сайттар қызметіне жүгінуге болады: http://mail.kz, http://mail.ru, http://hotmail және т.б.
Электронды поштаның әрбір тіркеулік жазбасы үшін Сіз бірегей пайдаланушы аты мен құпия сөз аласыз, бұлар Сізге электронды поштаны әр тексерген сайын қажет болып отырады. Сізге біреу электрондық хат жіберсе, ол Сіздің бірегей пошта мекен жайыңыз арқылы тек Сізге ғана жетеді.

Хаттарды әзірлеу, жөнелту және қабылдап алу

Электронды пошта хабарламалары бірдей пішімге ие, сондықтан, егер әрбір элементтің не үшін қажет екенін түсінсеңіз, кез келген қосымша көмегімен электронды хабарламалар жөнелтіп, қабылдай алу Сіз үшін қиындық туғызбасы анық.

Электронды хабарламаның негізгі элементтері:
Кімге: қабылдап алушының электронды мекен жайы.
Көшірме (сс): осы хаттың көшірмесін жөнелткіңіз келген өзге қабылдап алушының электронды мекенжайы көрсетілетін өріс.
Жасырын көшірме (bcc): кәдімгі көшірмеден аумайды, тек бір айырмашылығы – хаттың көшірмесі өзге қабылдап алушыға жіберілгенін адресат білмейді.
Тақырып: қабылдап алушының компьютеріндегі жаңа хаттар тізімінде пайда болатын сіздің хатыңызда талқыланатын мәселе.
Біріктіру – тіркемелер (Сіз электронды хабарламаға сызбалық кескіндер, дыбыс, бағдарламалар мен құжаттар сияқты файлдарды тіркей аласыз).
Хат өрісі: сіз хабарламаны әзірлейтін кеңістік.
Хаттарды әзірлеп, жөнелтуді үйрену үшін өз өзіңізге хат жөнелтіп көріңіз:
· Outlook Express бағдарламасын ашыңыз. Бейне бетте бағдарлама терезесі пайда болады. Хабарлама жасау батырмасын босыңыз;

  • «Кімге» өрісінде өз электронды поштаңыздың мекен жайын енгізіңіз;
    · «Тақырып» өрісінде «Байланысты тексеру» деп енгізіңіз;
    · хат өрісінде «Поштаның өтуін тексеру» деп жазыңыз;
    · Жөнелту батырмасын басып, хабарламаны жөнелтіңіз. Желіде өткізетін уақытыңызды үнемдеу үшін провайдермен қатынасты тура хат жіберер алдында орнатқан дұрыс.
    2. Өз хабарламаңызды қабылдап алып, қарап шығу үшін:
    · Outlook Express бағдарламасы терезесінде Келетін тармағын шертіңіз;
    · Поштаны жеткізу батырмасын шертіңіз. Келетін хаттарға арналған терезеде сіздің хатыңыз пайда болуы тиіс. Ол бірден емес, бірнеше минут өткеннен кейін де келуі мүмкін, бірақ көптеген жағдайларда өз хатыңызды Сізге қайта жөнелту үшін санаулы секундтар ғана жұмсалады;
    · қабылдап алынған хатты шертіп, оны қарап шығыңыз. Егер хатты екі рет шертсе, ол жаңа терезеде ашылады.
    3. Өз абонентіңіздің электронды пошта мекен жайын мекен жайлық кітапқа жазу үшін:
    · құралдар үстеліндегі Мекен жайлық кітап батырмасын басып немесе Құралдар – Мекен жайлық кітап әмірін орындап мекен жайлық кітапты ашыңыз;
    · Мекен жай жасау батырмасын басыңыз;
    · соған сәйкес өрісте адресатыңыздың атын, тегін және әкесінің атын енгізіңіз;
    · Көрініс өрісінде адресатқа қалай жүгінетініңізді жазып қойыңыз;
    · Электронды пошта мекен жайы өрісінде соған сәйкес электронды пошта мекенжайын (мысалы, ggg@peterlink.ru. Бұл мекенжай шын мәнінде жоқ, тек мысал ретінде келтіріліп отыр) енгізіңіз

— Үстеу, содан кейін Жарайды батырмасын басыңыз;
· мекен жайлық кітапты жабыңыз.
Абонентіңізден жауап хатты қабылдап алу үшін:
· біраз уақыттан кейін Поштаны үстеу батырмасын басып, Келетін қалтасындағы қабылдап алынған хабарламаны қарап шығыңыз.

Хаттарға файлдары тіркеу

Хатқа бұрыннан бар файлды, ол не сызбалық кескін, дыбыс, мәтіндік құжат, мұрағат болсын, қоса салу қажет болған жағдайда Outlook Express бағдарламасында Тіркеу әмірін пайдалана аламыз. Осы жетенің көмегімен Сіз өз хатыңызға қажетті файлды тіркей аласыз.
Тіркеу батырмасын басқаннан кейін файлдарды таңдауға арналған сұхбат терезесі ашылады. Сіз өзіңізге қажетті файлды тауып, оны бөлектеп алып, Тіркеу әмірінің батырмасын басуыңыз керек.

Осы файлдың атауы Біріктіру жолында көрініс табады.
Тіркеу жетесі кез келген пішімді файлдарды жөнелтуді қамтамасыз ете алады. Әдетте әрбір пошта жәшігінде тіркелген файлдар көлемі бойынша белгілі бір шектеулер бар.

Хат жазу кезіндегі сыпайылық ережелері

Электронды пошта – жылдам байланыс жасау құралы деген, ол қалай болса жасалсын деген сөз емес. Электронды хаттар алмасудың белгілі бір сыпайылық ережелері бар.
Е-mail сыпайылық ережелері жеке хаттардың барлығына бір тәулік ішінде жауап қайтарылуын талап етеді егер бір тәулік ішінде хатты өңдеп үлгермесеңіз: «Рахмет, хатыңызды алдым, Сізге міндетті түрде кейінірек жауап қайтарамын» деп жазыңыз.
Хабарламаңызға әрдайым «тақырып» деген сөзді кіргізіп отырыңыз. Ол электронды хатты іздеу, сұрыптау және басқа да әрекеттер жүргізілетін кілт болып табылады. Хаттың тақырыбы – тұтас хабарламаның өзегі. Сіз біреудің хатына жауап қайтарып отырып, сұхбаттың негізгі ойы өзгеріп кетсе, соған сәйкес тақырыпты да өзгертіңіз; ал ең дұрысы – жаңа мәселені талқылауды жаңа хат жасаудан бастау.
Өз хабарламаңыздың көлемін осы хат алмасудың мазмұны мен мақсатына сәйкестендіріп отыруға тырысыңыз. Егер Сіз жылдам сұрату жіберіп отырсаңыз, оны қысқа да нұсқа етіңіз. Мүмкіндігінше хат тақырыбынан ауытқымауға тырысыңыз. Ал егер талқыланып отырған мәселелер шеңберін кеңейту немесе басқа тақырыпқа көшу қажет болса, бұл жағдайда көбінесе хабарламаны жаңа тақырыбы бар жаңа хат ретінде жөнелткен дұрыс болар. Бұл Сіздің хатыңызды алушыларға түрлі тақырыптарды бөлек-бөлек қарастыруға мүмкіндік береді.
Тұтас хабарлама мәтінін бас әріптермен жазбаңыз; осылайша ерекшеленген бірнеше сөз осы тұстың маңыздылығын атап көрсетеді.
Өз мәтініңізді мәні жағынан жеке тақырыпшаларға бөліп, бір ұзын сөйлемнің орнына бірнеше қысқа сөйлем құрастыруға ұмтылыңыз.
Сөйлемдеріңізді грамматикалық жағынан неғұрлым сауатты етіп құрастыруға тырысыңыз.
Электронды пошта – бұл таза күйдегі байланыс құралы; құрылымы дұрыс емес немесе сауатсыз жазылған хабарламаларды оқу да, түсіну де қиын.
Өз несие карталарыңыздың нөмірлерін электронды хабарлама мәтінінде жөнелтуге абай болыңыз. Электронды поштаны орта жолдан арам пиғылды адамдар ұстап алып, ол мәліметтерді өз қажетіне пайдалануы мүмкін екенін ұмытпаңыз.

ІV. Жаңа білімді меңгерту

Лабораториялық жұмыс №5

Тақырыбы: Электрондық пошта

 

Мақсаты:  Электрондық пошта құрылымын, электрондық пошта құру әдістерін, электрондық пошта қызметін, маңызын түсіндіру.

 

Теориялық білім:

Электронды пошта немесе e-mail, – Интернеттің недәуір жиі қолданылатын мүмкіндіктерінің бірі. Күн сайын дүние жүзі бойынша миллиондаған хабарламалар жөнелтіліп, қабылдап алынып жатады. Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бар кез келген адам e-mail деген атпен белгілі хабарламаларды жөнелтіп, қабылдай алады. Электронды пошта жұмысы кәдімгі поштаға өте ұқсас. Онда да жеткізу қызметі, пошта жәшіктері, мекенжайлар мен хаттар бар. Электронды хат санаулы секундтар ішінде жеткізіледі. Электронды хабарламаларды жіберіп, қабылдай алу үшін сізге Электронды поштамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық жабдықтар қажет. Ол не бүкіләлемдік торап құрамына кіреді, не сіздің компьютеріңіздегі бөлек бағдарлама болып табылады, мысалы, Microsoft Outlook. Бағдарламалық жабдықтың екі түрі де бірдей жұмыс істейді және мынадай қадамдарды көздейді:
· Сіз хат жазасыз.
· Жөнелту батырмасын шертесіз. Сіздің бағдарламаңыз хабарламаны сандық пішімге ауыстырады.
· Сандық хабарлама Интернет арқылы пошталық серверге жетеді.
· Пошталық сервер қабылданған поштаны жинап, сұрыптайды да, жекелеген адресаттарға жібереді.
Электронды хаттарды жөнелтіп, қабылдап ала алу үшін Сізге электронды пошта мекен жайы (электронды поштаның тіркеулік жазбасы) қажет. Электронды хаттарды тегін жөнелтіп, қабылдай алу үшін электронды поштаның тіркеулік жазбасын жасауға мүмкіндік беретін веб-сайттар қызметіне жүгінуге болады: http://mail.kz, http://mail.ru, http://hotmail және т.б.
Электронды поштаның әрбір тіркеулік жазбасы үшін Сіз бірегей пайдаланушы аты мен құпия сөз аласыз, бұлар Сізге электронды поштаны әр тексерген сайын қажет болып отырады. Сізге біреу электрондық хат жіберсе, ол Сіздің бірегей пошта мекен жайыңыз арқылы тек Сізге ғана жетеді.

Пошта бағдарламасы белгілі бір пошта жәшігінен хаттарды жөнелтіп, қабылдай алуы үшін тіркеулік жазба қажет. Outlook Express бағдарламасын баптаудың мәні осындай тіркеулік жазба жасауда. Жаңа пошта тіркеулік жазбасын үстеу үшін өз пошталық серверіңіздің түрін (POP3, IMAP немесе HTTP), келетін поштаға арналған сервер атауын және кететін поштаға арналған сервер атауын білуіңіз қажет. Осы деректердің барлығын пайдаланушыға сервердің пошта қызметі электронды мекен жайды тіркеу кезінде хабарлайды.
Жаңа тіркеулік жазба былайша жасалады:
— бағдарлама мәзірінде Құралдар – Тіркеулік жазбалар әмірін таңдап, ашылған сұхбат терезесінде Үстеу – Пошта батырмасын басу керек;
жаңа терезеде барлық кететін хабарламаларда Кімнен өрісінде көрініп тұратын пайдаланушы атын енгізу қажет. Электронды пошта абонентінің пошта жәшігі сервердің тұрғылықты дискіндегі пайдаланушыға бөліп берілген аумақ болып табылады. Ал пошта сервері пайдаланушылардың пошта жәшіктері орналасатын қашықтағы компьютер болып табылады.
Пошта жәшіктерінің атаулары мынадай көріністе болады: ат@үйшік, бұндағы ат (Логин) – пошта серверінде тіркелу кезінде көрсетілетін бірегей ат. Үйшік Сіз таңдаған пошта серверін көрсетеді. Үйшік атауы кем дегенде нүкте арқылы бөлінген екі бөліктен тұрады, олар: жоғарғы деңгей үйшігі және екінші деңгейлі үйшік: mail.kz, ok.kz, host.kz және т.б.
Пошта қызметі сайтына кіру үшін алдымен Internet желісіне қосылып, web-шолғышты іске қосамыз да, мекен жай жолағына пошта серверінің мекенжайын енгіземіз.

 

Тапсырма:

  1. www.mail.ru аш.
  2. Поштаға тіркелу батырмасын бас.

 

 

  1. Пошта жәшігіне тіркеу жасау терезесінің әр тұсын толтыру керек:

 

  1. Суретте көрсетілген кодты тереміз.

 

 

 

  1. Пошта жәшігі тіркелгендігі жөнінде төмендегідей терезе шығады.

 

 

  1. Хабарлама жіберу үшін «Написать письмо» батырмасын басамыз.

 

 

 

  1. Теренің төменгі бөлігіндегі мәтіндік өріске хабардың мәтіні енгізіледі. Кому өрісіне жіберілетін адрес жазылады. Мәтін жазып болған соң «Отправить» батырмасын басамыз.

 

 

— Сұрақтар:

  1. e-mail дегеніміз не?
    2. Электронды пошта қандай хабарламаларды жеткізуге мүмкіндік береді?
    3. Электронды пошта қалай жұмыс істейді?
    4. Қандай пошта серверлерін білесіз?
    5. Outlook Express бағдарламасы қандай қызмет атқарады?
    6. Өз пошта жәшігіңізді қалай жасауға болады?
    7. Электронды пошта абонентінің пошта жәшігі деген не?
    8. Internet желісінің электронды пошта жәшігіне қалай кіруге болады?
    9. Электронды хаттарды жазу кезіндегі қандай сыпайылық ережелерін білесіз?
    10. Электронды поштаны жөнелткеннен кейін Сіздің хатыңыз қайда сақталады?

 

— Тапсырмалар:  

«Жол көрсет» ойыны   

 «Адасқан әріптер» сайысы

 

  1. КТЕРОЮЬМП
  2. РЕТИНПР
  3. ЕЖЛІ
  4. ТІЖЕРІЛКІГ
  5. ДЫҚЫМАУ
  6. ТЕРИНТЕН
  7. МОТИНОР
  8. АҚТАТЕНПЕР
  9. НЫШАТҚ
  10. ПРЦСОЕРОС
  11. ЕСТЕК
  12. ЯШЫҰҚ
  13. ВСИРСЕ
  14. ЗІМӘР
  15. УАҚТАС
  16. ЕДМОМ
  17. ЕРАНСК
  18. АУЗЕРБР
  19. ТАРАҚПА
  20. АТТАХМА
  21. ФОРТИКАНИМА
  22. ДАРЛБМААҒА
  23. ТЕМЕГИСІЛРЕП
  24. ЛАЙФ
  25. ПТОША ЛРНЭКОТЕДЫ

Тест. 15 сұрақ. 90-100 % — «5», 80-90 % — «4», 60-80 % — «3», 59% төмен – «2».

  1. Үй тапсырмасын беру

Теориялық:   Электрондық пошта құрудың алгоритмін жасап келу.

Шығармашылық: Ақпарат көздерінен басқа электрондық пошта туралы мәліметтер жинап келу.

Практикалық: Жинаған мәліметтерді бір-бірінің пошталарына жіберу.

VІ. Қорытынды. Бағалау (бағалау парағы)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *